Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.
Пән: қазақ тілі 6 -сабақ Мектеп: Күні: Сынып: Қатысқандар саны: Уақыты: 40 минут Қатыспағандар саны: | |||
Бөлім/ Сабақ тақырыбы: | Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер. Пунктуация | ||
оқу мақсаты | 10.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпаратты іріктей отырып, түртіп жазу (конспектілеу) | ||
Сабақ мақсаты: | Оқылған, тыңдалған ақпараттарды өңдеп, іріктеп, түртіп жазу (конспектілеу) | ||
Бағалау критерийлері: |
| ||
Құндылықтарды дарыту | - құрмет; ынтымақтастық; жауапкершілік, ішкі және сыртқы саясат, жаһандану | ||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: саясат, экономикалық интеграция, даму үрдісі,жаһандану, өзекті мәселе Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша..., өз көзқарасымда ... , менің байқауымша... | ||
Пәнаралық байланыстар: | Тарих, әдебиет | ||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||
Бастапқы білім | Өткен тақырыптарға шолу | ||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы 1 минут | 1.Оқушыларды қарсы алу, сабаққа бағыттау
Сабақ мақсатымен таныстыру, бағалау критерийімен келісу | Cлайд | |
Сабақтың ортасы 5 минут 7 минут 15 минут 5 минут 5 минут | Ой шақыру: Оқушыларға «Сыртқы саясат мәселелері сөз болды» тақырыбында бейнесюжет көрсету. Бейнесюжет көру барысында екі тірек сөзді жазып алу қажет. Кейін оқушылар осы тірек сөздерін дамытып, өз ойларын айтады Жазылым алдындағы тапсырма. Қызығушылықты ояту. Ж Оқушыларға «Орта Азиялық елдер, озық елдер қатарына кіру» туралы бір-бір сөйлемнен тұратын ойлар беріліп, бұл ойларды перифраз жасау арқылы ықшамдау, өңдеу тапсырылады. Жинақтау, жинақы мәтін, конспект туралы білгендері сұралады. Қосымша материал беріледі. Сол бойынша әркім өз сөйлемдерінің талапқа сай немесе сай емес екендігін тексереді.
Жазылым тапсырмасы: Оқушылар жұпта жұмыс жасайды. Оқушыларға сілтемесі көрсетілген мәтін ұсынылады, жұптар берілген мақала негізінде және тыңдалған мәтін негізінде қысқа конспект жазады. Оқушыларға өз мәтіндерінде салалас, сабақтас құрмаластар сөйлемдерді тыныс белгілерін дұрыс қолдана отырып, жазу міндеттеледі. Бағалау: «Қонақ» әдісі арқылы жүзеге асады. Жұптар өз жұмысын өздері таңдаған 3 жұппен алмастырып оқып, бағалау критерийлеріне сай бағалап, кері байланыс береді. Жазылымнан кейінгі тапсырма. Әр жұп «Жеребе» әдісі арқылы қағаздар суырады, қай жұпқа «жауап» сөзі түссе сол жұп өз жұмысын сынып назарына ұсынады. | https://www.youtube.com/watch?v=0OcBztm3NTg Таратпа материал | |
Сабақтың соңы: 2 мин | Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы бойынша бүгінгі сабақтан алған екі жақсы әсерін және бір ұсыныс айтады. | ||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері дұрыс сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?