ХХІ ғ. жаһандық қауіп-қатерлер. Қазақ тілі, 10 сынып, дидактикалық материал. 13-14 сабақ.


ХХІ ғ. жаһандық қауіп-қатерлер

Оқу мақсаты

9.О2. Публицистикалық стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану.

9.Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, баяндама құрастырып жазу.

Сабақ мақсаты

Публицистикалық стиль ерекшеліктерін тану.

Баяндама құрастырып жазу.

Бағалау критерийлері

Стиль ерекшеліктерін тілдік құралдар арқылы талдайды.

Баяндаманың жанрлық ерекшеліктері сақталған;

Баяндаманың стильдік ерекшеліктері сақталған;

Тілдік құралдарды орынды қолданылған.

1-тапсырма: Жеке жұмыс

Мақсаты: Публицистикалық стиль ерекшеліктерін тану

Дескриптор: Стиль ерекшеліктерін тілдік құралдар арқылы талдайды.

Нұсқаулық: Мәтінді оқып, кестені толтырыңыз.

 

Талдау аспектілері

Жауап

1

Мазмұны

2

Мақсаты

3

Жанры

4

Стилі

5

Құрылымы

6.

Лексикалық ерекшелігі

7.

Синтаксистік ерекшелігі

8.

Мәтіндік ерекшелігі

 

 Жаһандану – соңғы жылдары құлаққа жиі шалынып жүрген сөздердің бірі. Жаһандану пайдасы туралы сөз қозғайтын болсақ, жаһанданудың адам баласына берген игілігі – әлем елдерінің бір-біріне ашылуы, яғни адамзаттың бір-біріне үлкен сеніммен қарай бастап, сенімсіздіктің азайғандығы. Егер осы заманға дейін адамзат бір-бірімен қырғын соғыста болса, болашақта бір-бірімен қол ұстасып құтқару жолын іздеуі тиіс. Бұл да адамзаттың рухани кемелденуі нәтижесі деп тәубе етеміз!

 Жаһандану тек халықаралық ынтымақ арқылы ғана жүзеге асады. Осы төңірегінде «не себепті азуы алпауыт мемлекеттер бірігу саясатын ұстануда?» деген заңды сұрақ туындайды. Ең алдымен, оған себеп бүкіл жер ғаламшар мəселелерінің белең алуы, алауыздықты қойып, оларды бірлесе шешу әлдеқайда оңайға соғады! Тіпті кей жағдайларда тек бір жеңнен қол шығарып, бір жағадан бас шығарып бірігу жолымен ғана шешу мүмкін болады. Алтыбақан алауыз әлемді біріктіруге түрткі болған адамзаттың жаһандық мәселелеріне азық-түлік, кедейлік, энергетика, экология мен тұрақты даму, әлемдік мұхитты меңгеру мәселесі, демография, пандемия сияқты табиғи аждаһалар жатқызылып жүр. Әрине, бұл тізім тұрақты емес, себебі – жаңа заманымен жаңа мәселе туып отыратыны заңды.

 Қазіргі кездің өзінде Африканың бірқатар мемлекеттерінде аштық жайлап, адамдарды өмірлік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ете алмай отырса, Батыс елдерінде тамақтану теңгерімсіздігі байқалады. Енді бірқатар кедей мемлекеттер адамдарды ең қарапайым және ең арзан өмір қажеттіліктерімен қамтамасыз ете алмауда. Ал кедейліктің белең алуы қылмыстың таралуына себеп болып, тек ұлттық емес, сонымен қатар әлемдік тұрақсыздықты тудырады. ХХ ғасырдағы дамыған елдердің ашкөздігі мұнай, көмір, уран, т.б. отын түрлерін аса көп мөлшерде пайдалану жер асты байлықтарының күрт азайып, толықтай жойылып кету қаупін тудыруда. Жығылғанға жұдырық дегендей, қазіргі кезде әлемдік мұхит адамзаттың қоқыс, ядролық қалдықтарын тастау алаңына айналып, мұхиттың өліміне әкелетін үлкен қауіп болып тұр. Ойланып көріңіздер!!! Егер әлемдік мұхиттағы тіршілік құрыса, сасыған су қоршаған құрлықта да өмірдің жалғасуы екіталай емес пе?! Қайнау жетіп тұрған тағы бір қарама-қайшы құбылыс демографиялық мәселе, яғни дамушы елдердегі халық санының күр өсуі мен дамыған елдердегі халықтың орташа жасының қартаюы.

 Жалпы айтсақ, ХХІ ғасырдағы жағадан алып тұрған тұтқиылды мәселелер бүкіл халықаралық ұйымдар басшыларын жарғақ құлағын жастыққа тигізбей алдын алу шараларын ұйымдастыруға міндеттеп отыр. 

 

 

2-тапсырма: Жеке жұмыс

Мақсаты: Баяндама құрастырып жазу.

Нұсқаулық:

Сіз 1 мамыр – Бірлік күніне арналған жиынға қатысып, Достық үйінің сахнасында халық алдында баяндама жасайсыз. Тақырыбы: «Халықаралық ұйымдар - ортақ үйімізді сақтаудың кепілі». Сол баяндаманы дайындап, оның мәтінін жұбыңызбен талқылаңыз

Бағалау критерийлері

Дескриптор:

Баяндаманың жанрлық ерекшеліктері сақталған;

Баяндама құрылымын ұстанады;

Баяндаманың стильдік ерекшеліктері сақталған;

Эмоционалды-экспрессивті сөздер, қарата сөздер, қыстырма сөздер, риторикалық сұрақ, әлеуметтік сала сөздерін қолданады.

Тілдік құралдарды орынды қолданылған.

Мәтіндегі ақпаратты, тұрақты тіркестерді орынды қолданады.

Құрылымы

Оқушы жауабы

  • Қараптпа сөз;
  • Мәселемен таныстыру;
  • Мәселені шешуге шақыру;
  • Шешу жолын ұсыну;
  • Шешімнің артықшылықтарымен таныстыру
  • Жарқын болашаққа сенімін білдіру
  • Қоштасу


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу