Қылмыс және заң. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 Т1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім

5-тарау. Қылмыс пен заң

Сабақ тақырыбы

Оқу бағдарламасына сілтеме

О3 Көпшілікке арналған мақаланың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау.

Бағалау критерийі

  • ғылыми-көпшілік стильді тілдік құралдар арқылы тани алады
  • ғылыми-көпшілік стильдегі мақаланың жанрлық ерекшелігін ажырата алады

НЗМқұндылықтары

Бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: қылмыс, жаза, Қылмыстық кодекс, заң бұзу, т.б.

Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер:

«Біздің ойымша, бұл...»

«Себебі, біз оны былай түсіндірер едік...»

«Оны біз мына мысалдармен дәлелдей аламыз...»

«Осыған байланысты біз мынадай қорытынды шешімге келдік...».

Алдыңғы білім

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сәлемдесу.

Бүгінгі сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін айтып өту.

Сынып оқушыларын 4 топқа бөлеміз.

1-тапсырма. Т

1-топ. Стиль және жанр дегеніміз не? Стиль түрлерін атаңыздар. Топтар А3 парағына жазып, таныстырыңыздар.

ЖК:

  • Стильді жіне оның түрлерін ажырата алады;
  • Жанр түрлерін ажырата алады;
  • Басқа топтарға түсіндіре алады.

2-топ. Публицистикалық стилдегі жазылым түрлеріне тоқталыңыз. Ерекшеліктерін атаңыз.

ЖК:

  • Публицистикалық стильдің жанрларын ажырата алады;
  • Басқа топтарға түсіндіре алады.

3-топ. Мақала жанрының ерекшеліктері қандай? құрылымы және рәсімделуі қалай жасалады?

ЖК:

  • Мақаланың ерекшеліктерін түсіндіреді;
  • Мақаланың дұрыс жазылу тәртібін үйретеді.

4-топ. Сұрақ қоюшы және бағалаушы топ.

Әр топқа екі сұрақтан (1 ашық, 1 жабық) қойыңыз. Әр топтың ЖК байланысты бағалаңыз.

ЖК:

  • Әр топқа екі сұрақтан құрастырады;
  • Топтарды объективті бағалай алады.

2-тапсырма. Ж

О3 Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату

Оқылым тапсырмасы

«Қылмыс пен жаза» тақырыбындағы мақаланы оқиды.

Мәтіннің құрылымына (кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерді анықтатуға болады), тілдік ерекшелігіне талдау жасайды.

Мәтіннің негізгі ойы

Мақсатты аудиториясы

Стилі мен жанры

Құрылымын анықтаңыз, ажыратыңыз.

Тілдің ерекшелігі (термин сөздер, сөйлем түрлері, кірме сөздер т.б)

Бағалау критерийі

ЖК:

  • Мәтіннің стилі мен жанрын анықтай алады.
  • Неге ондай стиль және жанрды тандаған себебін айтады.
  • Мәтін аудиториясын анықтайды
  • Құрылымы мен тілдік ерекшеліктеріне талдау жасайды.

Сабақтың соңы

Кері байланыс: 

Үш қадам әдісі

Мен үшін қиын болды..........................

Мен үшін қызықты болды..................

Мені ойландырған ақпарат.................

Үйге тапсырма: Қазақстанның қылмыс кодексін қарап келу, ұсыныстарын жазып келу.

Қосымша мағлұматтар

 

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ

Оқушы аты-жөні:

Сыныбы:

ОМ: О3 Көпшілікке арналған мақаланың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау.

Тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз. Кестедегі талдау жұмысын критерийге сай жасаңыз.

ЖК:

  • Мәтіннің стилі мен жанрын анықтай алады.
  • Неге ондай стиль және жанрды тандаған себебін айтады.
  • Мәтін аудиториясын анықтайды
  • Құрылымы мен тілдік ерекшеліктеріне талдау жасайды.

ҚЫЛМЫС ПЕН ЖАЗА

          ҚЫЛМЫС – дегеніміз қоғамдық қауіпті іс-әрекет, ал ЖАЗА – мемлекеттік күштеу шараларының бірі және ол қылмысқа қарсы күрес жүргізудің негізгі құралы.

   Заң бұзушылық іс-әрекеттер сипатына және қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр және ерекше ауыр қылмыстар болып бөлінеді. Елеулі маңызы жоқ, қоғамдық қауіпті емес, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туғызбаған іс-әрекет қылмыс болып табылмайды.

  Қылмыстық жаза - қылмыстық заңмен ғана белгіленеді, осы міндетті – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі жүзеге асырады. Кодекстің негізгі міндеттері - адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын-алу болып табылады. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді. Қылмыс жасау, яғни Қылмыстық кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылады. Қылмыс жасаған адамдар шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына, тұрғылықты жеріне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бірдей.

   Қылмыс жасаудың да себептері әр түрлі. Біреулер қылмысты абайсызда жасаса, енді біреулері заңды білмеуден, енді бірі қасақана, тағы басқалары арақ, есірткі заттардың буынан қылмысқа барады. Жоқшылықтан қылмысқа баратын, керісінше баршылықтың, байлықтың арқасында не істерін білмей қылмысқа ұрынатындары да кездеседі.   «Тамағы тоқтық, көйлегі көктік аздырар адам баласын» деген қанатты сөзді ұлы Абай осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын айтса да, өзінің құндылығын осы уақытқа дейін жоғалтқан емес.

   Кез-келген қоғамдағы қылмысты - азайтатын да, көбейтетін де, сол мемлекеттегі әлеуметтік жағдай мен экономикалық ахуалдың деңгейі. Қоғамның дамуына байланысты әр кезеңде қылмыстың, жазаның да дамып, өзгеріп отыратыны заңды құбылыс. Еліміздегі жұмыссыздық, халықтың әлеуметтік жағдайы, идеологиялық саясат, қоғамдық сананың өзгеруіне байланысты – қоғамымызда ауыр қылмыстардың өсіп жатқаны баршамызға аян. Мысалы: терроризм (233 бап)– қазіргі дәуірдегі ең қауіпті қылмыс түрі болып табылады. Мұндай қылмыстар ұлттық шектен шығып, халықаралық сипат алуда. Біздің мекемеде осындай қылмыс жасаған – 6 сотталған жаза мерзімдерін өтеуде.

 Қазіргі уақытта тағы бір назар аударатын нәрсе, жылдан-жылға қылмыс қатыгездігімен, шектен шыққан жүгенсіздігімен ерекшеленіп бара жатқаны. Сыбайлас жемқорлық, қызмет бабын пайдалану, адам өлтіру, әйел зорлау, тонау, денеге ауыр жарақат салу, ұрлық, қарақшылық, алаяқтық сияқты қылмыстардың көбеюі. Мысалы: біздің мекемеде ҚР ҚК-нің 175 бабы бойынша 2007 жылы - 44 сотталған жаза мерзімін өтесе, 2008 жылға – 78 сотталған жаза мерзімдерін өтеуде.

    Қылмысқа жауап – ол жаза қолдану, сонымен бірге жаза қолдану – қоғамды қылмыстан сақтайтын және жаңа қылмыстың жасалуына жол бермеудің қажетті құралы.

 Жаза – кек алуды, тән азабын шектіруді немесе адамдардың қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді. Бұл туралы біздің Ата заңымызда да айтылған. Қылмыс қаншалықты жеңіл болса да, ауыр болса да, ол үшін қоғам алдында жауап береді. Қолымен істегенді – мойнымен көтеру қажет.

    Қылмыстық жаза - қылмыстық заңмен ғана белгіленеді. Сот кінәлі адамға арнаулы заңда көрсетілген шеңбер шегінен шықпай, жаза тағайындайды. Сонымен, қылмыстық жаза дегеніміз – соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы, ол мемлекет атынан қылмыстық іс-әрекеттері үшін, кінәлінің кінәсін бетіне басатын құқықтық баға болып табылады.

   Кез-келген қылмысқа қолданылатын жазаның негізгі мақсаты, ол:

-           біріншіден, қылмыс жасаған тұлғаны жазалау;

-           екіншіден, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;

-           үшіншіден, жазаға кесілген адамды тәрбиелеу болып табылады.

 Жазаның түрі сан алуан. Оларға тек қылмыстық – құқықтық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да жатады. Жазаның түрлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 39 бабында көрсетілген. Соның ішінде, бас бостандығынан айыру жазасына тоқталайық. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48 бабының 1-ші тарағына сәйкес, бас бостандығынан айыру жазасы – сотталушыны қоныс-колониясына жіберу, жалпы, қатаң, ерекше режимдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады.   Бас бостандығынан айыру мерзімі қылмыстың қоғамдық қауіптілігі мен ауырлығына, сотталушының кінәлілігіне және басқа да мән жайларға тікелей байланысты. Бас бостандығынан айыру жазасын – 6 айдан 15 жылға дейін, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 49-бабының 1 бөліміне сәйкес ерекше ауыр қылмыстар үшін – 20 жылға дейін мерзімге, не өмір бойына белгілейді.

   Өмір бойына бас бостандығынан айыру өмірге қастандық жасалатын аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін берілетін өлім жазасына балама ретінде белгіленеді.  

   Қорыта айтқанда, қылмысқа барған адам оның бір кезде оралатын зардабын сезінетін болуы керек және жаза тағайындау жасалған қылмысқа сай болу қажет.

 

 

 

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ КБ

 ЖД 158/2 мекемесі

аға нұсқаушы психолог

әділет капитаны Кулекеева Эльмира

Мәтіннің тақырыбы

Мақсатты аудиториясы

Стилі мен жанры

Құрылымын анықтаңыз, ажыратыңыз.

Тілдің ерекшелігі (термин сөздер, сөйлем түрлері, кірме сөздер т.б)

Мәтін сіз тандаған жанрда жазылғанын дәлелдеңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу