Қылмыс және заң. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспарыны

Пән: қазақ тілі Т1

Мектеп: ЖББМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Асабаева А.М.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

  • Бөлім

Қылмыс және заң

Оқу бағдарламасына сілтеме

О6. БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу

Оқу мақсаттары

  • Барлығы БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала біледі.
  • Көпшілігі деректерге сілтеме жасай алады.
  • Кейбірі көтерілген мәселе бойынша жазба жұмысын жазып, сілтемені дұрыс жазады.

Бағалау критерийі

БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала біледі.

Әр түрлі дереккөздерден алынған деректерге сілтеме жасай алады.

Белгілі бір тақырыпта жазба жұмысын жазып, сілтемені дұрыс жазады.

Құндылықтар

Ата заңға бағыну, конституция, қылмыстық кодекс

Тілдік мақсаттар

Біреудің ала жібін аттамау, ар соты, қылмыс пен жаза, қылмыстық құқық, заңмен қудалану

Алдыңғы білім

Жоспар бойынша

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту:

Оқушыларға сұрақтар қойылады:

  • Әр түрлі ақпарат көздерінен алынған дәйексөздерді немесе деректерді өз жазба жұмысыңызға қолданғанда нені көрсетуіңіз қажет? (сілтеме)
  • Осы (сілтеме) қолданылмаған жағдай қалай аталады? (плагиат)
  • Бұл заңды әрекет пе әлде заңға қайшы ма? (заңға қайшы)

Топқа бөлу: түрлі түсті қима қағаздар арқылы сынып 2 топқа бөлінеді.

Түрлі түсті қағаздар

Сабақтың ортасы

30-35 минут

Мағынаны ажырату

Оқылым алды тапсырмасы:

Балалар, сергіту сұрақтарында айтылғандай, біз әр түрлі ақпарат көздерінен алынған дәйексөздерді немесе деректерді өз жазба жұмысымызда қолданғанда сілтемені көрсетуіміз қажет екен. Сілтемені қалай жасау керектігін білесіздер ме?

Оқылым тапсырмасы:

1-топ: мәтінді оқып, ішінен сілтемелерді табыңыз. Сілтеменің дұрыс/бұрыс берілгендігін анықтаңыз.

Заңды тұлға – заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т.б. Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады‚ сотта‚ төрелік сотта (арбитражда) талапкер немесе жауапкер бола алады. Әрбір заңды тұлға заңда‚ әкімшілік актіде немесе өзінің жарғысында көзделген міндеттерді жүзеге асырады‚ сол тәртіппен реттелетін ішкі құрылымы болады‚ меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді.[1]

Заңды тұлғаның фирмалық атауыдербес балансы мен сметасыбанктерде есеп айырысу шоттары, сондай-ақ мөрі болады. Ол дербес салық төлеуші ретінде әрекет етеді. Заңды тұлға мүлкінің құралуына қатысуына қарай оның құрылтайшыларында осы заңды тұлғаға қатысты міндеттемелік құқықтары не оның мүлкіне заттық құқықтары боладыҚұрылтайшыларының міндеттемелік құқықтары бар заңды тұлғаға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акцион. қоғамдар, өндірістік кооперативтер мен тұтыну кооперативтері жатады. Мүлкіне құрылтайшыларының меншік құқығы немесе өзгедей заттық құқығы бар заңды тұлғаға мемл. және жергілікті (муниципалдық) кәсіпорындар, соның ішінде еншілес кәсіпорындар, сондай-ақ, меншік иесі қаржыландыратын жекеменшік кәсіпорындар (фирмалар) жатадыҚұрылтайшыларының мүліктік құқықтары жоқ заңды тұлғаға қоғамдық және діни ұйымдар (бірлестіктер), қайырымдылық және өзгедей қорлар, бірлестіктер (қауымдастықтар мен одақтар) жатады. Сондай-ақ, өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда алуды көздейтін коммерциялық ұйымдар мен табыс алуды көздемейтін және алынған табысты құрылтайшылар арасында бөліспейтін коммерциялық емес ұйымдар да Заңды тұлғаға жатады. .[2]

Дереккөздер:

  •  Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
  •  "Қазақ Энциклопедиясы", 4 том 3 бөлім

2-топ: Мәтіннен деректер ала отырып, шағын мақала жазыңыз, сілтеме қоюды ұмытпаңыз.

Бүгінгі күні  «Қазқайтажаңарту» РМК-ның сәулеті мен сәні келіскен бас ғимараты ХІХ ғасырдың соңында бой көтерген. Ғимарат ХХ ғасырдың соңынан бері мемлекет қорғауында. Мың жылдық тарихы бар Алатаудың баурайында орналасқан Алматы қаласы  әрі көне, әрі әсем ғимараттарымен танымал. Тыныс-тіршілігі ерте заманнан бастау алған Алматы қаласының маңынан  табылған көне мәдениетіміздің жауһары  Алтын адам, мәдениет және тарих ескерткіштерінің көшін бастап тұрған  Боралдайдағы, Есіктегі Сақ қорғандары тарихын танитын әр қазақтың  мақтанышы. «Жер жаннаты Жетісу» деп дөп айтыпежелден-ақ   Алатау  алабын мекен еткен ата-бабаларымыз бүгінгі Алматының келбетінің шежіресінің һәм тарихының бастаушылары болды. Бүгін тілге тиек ететініміз, 1909 жылға дейін Штабная көшесі аталып келген қазіргі Гоголь көшесінің бойында орналасқан 1890 жылы бой көтерген   ғимаратБүгінгі күні «Қазқайтажаңарту» РМК-ның бас ғимараты міндетін атқарып тұрған бұрынғы нақты бастауыш қалалық училище Верный қала атауын иемденгеннен кейін балалар саны күрт артып, қоғамдық қажеттілікке байланысты тұрғызылған. Ғимараттың сәулетшісіА.П. Зенков. Ең алғашында үш жылдық училище болып ашылып, он екі жылдан кейін бастауыш училище болып қайта  құрылды. Одан соң арада сегіз жыл өткеннен кейін Верный қаласындағы ең алғашқы еңбек мектебі осы ғимаратта ұйымдастырылған. Кеңес Одағының құрылуына байланысты ғимарат Қаз КСР Мәдениет министрлігінің жұмыс орнына айналады. Тәуелсіздігімізді алған тұстан бастап Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ғимараты болып бас қаламыз Астанаға ауысуына байланысты министрлік 2000 жылы осы ғимараттан көшті. Дегенмен де ғимарат  2000-2007 жылдар аралығында министрліктің Алматы қаласындағы өкілдігінің пайдалануында болды. 2007 жылдан бастап күні бүгінге дейін  «Қазқайтажаңарту» РМК-ның бас ғимараты міндетін атқарып тұрТолығырақ: https://massaget.kz/mangilik_el/kazakstanda_jasalgan/49495/

Оқылымнан кейінгі тапсырма:

3 дереккөзді пайдалана отырып, Заң және қылмыс тақырыбында шағын мақала жазыңыз.

Бағалау критерийлері:

  • Сілтемелерді анықтай алады.
  • Сілтеменің жазылу ережесін біледі
  • Сілтемелерді дұрыс көрсетіп, жаза алады.

Бағалау: Бағдаршам әдісі

Бағалау смайликтері

Таратпа материалдар

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс: Ауызша комментарийлер айту

Рефлексия. 3-2-1

Қосымша мағлұматтар

 Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу