Қылмыс және заң. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспарының үлгісі

Пән: қазақ тілі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

  • Бөлім

Қылмыс және заң

Оқу мақсаттары

Ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік және құрылымдық әдістерді қолданып, мақала жазу

Бағалау критерийі

Ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік және құрылымдық әдістерді орынды қолданып, мақала жаза алады

Алдыңғы білім

Адам өмірін сақтау

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту:

Сыныпты қалыпқа келтіру

Ой сергек

«Шеңбердегі әңгіме»

Оқушылар бір-біріне қарап (ішкі әне сыртқы) шеңберге тұрады.

Бір-біріне қарап тұрған жұптар тақырып бойынша 2 минут пікірталасады. Әрбір оқушы 1 минут сөйлейді. Екі минут біткеннен кейін сыртқы топ орнынан тұрып жылжиды.

Мұғалім белгі бергеннен кейін тоқтайды, басқа оқушыға қарсы отырады. Өз ойын айтпас бұрын, өзінен бұрынғы

оқушының ойын қорытындылайды.

Сабақтың ортасы

30-35 минут

Мағынаны ажырату

Тақырып болжау

Мақсатпен таныстырып, күтілетін нәтижені шығару.

Ойқозғау.

Адамдардың адасып басқа дінге кіруі қылмыс па?

Жандылардың жақсылықта болып, өсіп-өнуіне қам қылуы заңды ма?

Өмірде заңды құбылыстар деп нелерді айта аламыз?

«Үш қадамды сұхбат» әдісі арқылы ғылыми-көпшілік стиль туралы түсінік беру.

1-оқушы

2-оқушы

‘Ф’ кері байланыс.

ТЖ

Оқушылар оқырманды қызықтыру үшін ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік және құрылымдық әдістерді қолданылған мәтіндер іздеп табады (газет-журналдардан, оқулықтардан, ғаламтордан. Мұғалім алдын-ала дайындап қояды).

‘Ф’ кері байланыс. Топтарда оқушылар жұмыстарымен бөліседі және оны оқырманға қызықты ету үшін қалай өзгертуге болатыны туралы пікір айтады.

Оқылым.

Шәкәрімнің «Үш анық» еңбегі.

ҮШ АНЫҚ

Мен жан жоқ өлген соң өмір жоқ дегенге таңғаламын. Оларға мұндай сөзді қандай ой айтқызып отыр екен? Осы кезде жанның барлығына, өлген соң да жоғалмайтынына күндей жарық дәлелдер табылып тұрса да, нанып қалған, әдет алған шатақ діннен шыға алмаған молдаларша қатып қалу — ақыл ісі ме?

СӨЗ БАСЫ

Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді… өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс — ұждан. Ұждан дегеніміз — ынсап, әділет, мейірім.

Кетті, келді,

Толды, семді,

Өзгеленді бұл ғалам.

Туды, өлді,

Жанды, сөнді,

Өршіп өнді қайтадан.

Дөңгеленткен,

Өңгеленткен,

Түк білімсіз күш пе екен?

Тіпті мінсіз,

Кемшіліксіз,

Есті қылған іс пе екен?

Жан деген не,

Мүлде еле ме,

Шын жоғалып сөне ме?

Дене жөн деп,

Жоғары өрлеп,

Жаның мен деп келе ме?

Осы дүниеде көзге ілінбейтін кішкентай жандылардан бастап адамдарға шейін бәрі өзі һәм нәсілдерінің жақсылықта болып өсіп-өнуіне қам қылады. Мұны — «барлық таласы» дейді. Бұл — жаратылыстың берік жолы. Сондықтан барша адам шамасына қарай қайбірі өзі үшін, қайбірі барша адам үшін жақсылық, бақ іздейді. Ақыл қарауында адам толығы барша адамға бақ іздеген болады.

Тіршілік туралы адам арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі жол бар. Бірі, дене өлсе де, жан жоғалмайды, өлгеннен соң да бұл тіршілікке, тіпті, ұқсамайтын бір түрлі өмір бар. Сондықтан жалғыз ғана дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде жақсы болудың қамын қылу керек дейді. Мұны ақирет — өлгеннен соңғы өмір жолы дейді. Енді бірі, бұл әлемдегі барлық нәрсенің бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп жаратқан иесі жоқ, һәм өлген соң тірілетін жан жоқ дейді. Менің ойымша, осы екі жолдың қайсысы анық екенін табу аңылы сау адамға катты міндет. Неге десең, адамды түпкілікті бақытқа жеткізбек болсаң, біліп жаратушы ие бар, өлген соң да бір түрлі өмір бар деген жолдың шын, өтірігін білуіміз керек. Егер шын болса, соның да қамын ойлап, адамдарды түпкілікті бақытқа жеткізу үшін, егер өтірік болса, оған әуреленбей, жалғыз ғана осы дүние қамын қылу үшін, олай болса, бұл екеуін қалай тексереміз? Оны тексерушінің әр түрлі діндер жайынан, әр түрлі ғылым жайынан, әрбір білімділердің сол туралы айтқан сөздерінен хабары болуы керек. Және қатты керек бір шарты — өзінің тұтқан діні, оқыған – ұғынғаны, қалыптанған әдеті, құмар ісі бәлендей жақсы кісі айтты деп нанып қалған сөзіне біржола байланып қалмай, ақылын әбден шын босатып, сол екі жолдағылардың жазған кітап, айтқан сөз, қылған істері һәм оларға қарсы айтқан сөздердің бәрін ноқтасыз, науқассыз сау ақылмен сынау керек. Әйтпесе, адам әдет, құмар нанымынан шыға алмай, арқандаулы ат сияқты болады. Және өзінің мынау жөн дегенін халық алдына салғаны жөн. Неге десең, қайсысы болса да әбден сыналып, тазарған соң шын болмақ.

Тапсырма

Ж Оқушылар мәтінді оқып, ғылыми-көпшілік стиліндегі сөйлемдерді белгілеп, оларды стикерлерге жазады.

‘Ф’ бақылау

 ЖЖ Сөйлемдерді ретімен қолдана отырып, оқушылар жұптарымен ең жақсы ғылыми-көпшілік стиліндегі сөйлемдерді таңдап талқылайды,

Жазылым

А) Шәкәрімнің шығармасындағы ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарын қолдануы жайлы мақала жазыңыз (жоғары).

Ә) «Қылмыс пен заң» тақырыбының аясында ғылыми-көпшілік стильдің тілдік құралдарын қолданып мақала жазыңыз (ортадан жоғары).

Б) Ойсергекте талқыланған мысалдардың, қорытқан ойларыңыздың бірін қолданып, нәтижелерін жайлы мақала жазыңыз (орта).

Бағалау критерийі:

Мақаланың құрылымын сақтайды;

Ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін түсінеді;

Стильге сай тілдік құралдарды орынды қолданады

Мысалға А нұсқасындағы тапсырманы алатын болсақ, оқушы шамамен төмендегідей жауап беруі мүмкін.

Шәкәрім бұл еңбегінде түрлі философиялық мәселелерге арнайы тоқталады. Оның бұл шығармасында қазақ дүниетанымында кездесетін насихаттаушылық сипат жоқ, таза жүйелі зерттеу бар. Менің ойымша, «Үш анық» өзінің жазылу стилі жағынан ғылыми-көпшілік стильге жақын. Себебі, еңбектің стилистикалық, синтаксистік құрылысы, баяндау тәсілдері бар. Атап айтқанда, олардың негізгілері мыналар: 1. Еңбекте ғылыми шығармаға тән түрлі көзқарастар жүйесін бір арнаға салып жинақтау, қорыту, талдау бар. Мәселен, автордың “барлық” жайлы алуан пікірлерді, дәлелдерді қорытатын жолдары: Жоғары айтылған барлықтың бәрі өздігінен жаралып жатыр, былай қылайын деп біліп жатқан ие жоқ деген жол әлдеқашан айтылып келе жатса да, әсіресе 1718-19 жылдардың аяқ шеніне шейін Европа ішіне көбірек жайылды. Автор бұдан әрі осы көзқарастардың сүйенген дәлелдерін тұжырымдар түрінде береді. 2. Еңбекте ғылыми шығарманың тіліне тән абстрактілік, логикалылық, сөздердің дерексіздену сипаты басым. Бұл әсіресе Шәкәрімнің жан, дене, тіршілік, ұждан туралы ойларында, оларды дара ұғым ретінде ғылыми көзқараспен зерделеу барысында байқалады. 3. Еңбекте ғылыми баяндау, дәлелдеу, салыстыру, салғастыру әдістері кеңінен қолданылады және олар көпшілікке түсінікті-ақ болып тұр. Ғылыми баяндау: Тіршілік туралы адам арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі себебі бұрыннан бар қуатты дене (сила вещества) атом. Дәлелдеу: Екі өмірге де керекті іс - ұждан. Ұждан дегеніміз ынсап, әділет, мейірім. Мен жан да бар, адамның өз жанының қуаты да бар деймін...

Ой толғау

«Үш анықты» мен қалай түсінемін? (ауызша)

Бағалау смайликтері

Шәкәрімнің «Үш анық» еңбегі.

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс. «Сұрақтары бар қорап» әдісі бойынша бүгінгі сабақта түсінгенін және түсінбегенін жазып қалдыру.

Қосымша мағлұматтар

 Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу