Тілдік жүйе және норма. Қазақ тілі, 10 сынып, таратпа материал. 5 сабақ. 2 нұсқа.


1-таратпа

1-тапсырма

Жаднаманы мұқият оқы. Әртүрлі дереккөздермен жұмыс істеуде жаднаманың пайдасы бар ма, әлде жоқ па? Онда көрсетілген нұсқауды басшылыққа алуға бола ма? Берілген сұрақтарды топта талқыла.

 

«Ақпарат көзін тексер» жаднамасы

1. Іздеуді жоспарлау.

Мен не білгім келеді? Қандай сұрақтар қойғаным дұрыс? Бұл (факт, құбылыс, оқиға) туралы не білемін? Қайдан, қандай ақпарат көздерінен іздемекпін?

2. Сыни ойлау.

Бұл ақпараттың дереккөзі қайсы? Авторы кім? Ақпарат қаншалықты өзекті? Уақыты көрсетілген бе? Автор не туралы баяндайды? Ол неге бұл мәліметтерді (сурет, сөздер, кейіпкерлер, т.б.) қолданған? Автордың мақсаты не? Мен бұл ақпараттарға сене аламын ба? Бұл ақпараттарды қолдануыма бола ма?

3. Өзіндік баға қалыптастыру (жазбаша немесе ауызша).

Мен не түсіндім немесе анықтадым? Бұл туралы қандай ойға келдім? Бұл туралы не айтқым келеді?

4. Жасалған жұмыстар бойынша сараптама.

Мен не жоспарладым? Сұрақтарыма жауап ала алдым ба? Қиын болды ма? Қандай дереккөздерді қолдандым? Осы жұмысты істей отырып мен не үйрендім?

5. Егер сіз осы жұмыстың нәтижесін әрі қарай қолданбақ болсаңыз, сілтеме жасауды естен шығармаңыз.

Хабарлама жасау үшін авторын, тақырыбы мен егер бар болса шыққан жылын жазу керек.

 

 2-таратпа

 

 2-тапсырма

 

 Дереккөздерден алған ақпараттарды кестеге түсір.

 

дереккөз

ақпарат

авторы

баспаханасы

беті, шыққан жылы

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу