Тілдік жүйе және норма. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ. 2 нұсқа.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма | Мектеп: Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||
Сынып: 10 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Қазақстан жеріндегі сәулет өнерінің нұсқалары (2-нұсқа) | ||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.2.6.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу | ||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Әртүрлі дереккөздерінен тақырыпқа сай мәліметтер алу, сілтеме жасау | ||||||||||||||||
Бағалау критерийі | -БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректер ала біледі; -деректерге сілтеме жасай алады; -көтерілген мәселе бойынша жазба жұмысын жазып, сілтемені дұрыс көрсетеді. | ||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: сәулет өнері, архитектура, жәдігер, туынды, кесене. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойынша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны..., Мен келісемін..., Мен келіспеймін... | ||||||||||||||||
Құндылықтарды игерту |
өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық; | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | тарих, бейнелеу өнері | ||||||||||||||||
Бастапқы білім | 9-сыныптағы білім, білік дағдыларына сүйенеді | ||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||
Сабақтың басы 0-5 | Қызығушылықты ояту «Биопоэма» әдісі арқылы «сәулет» сөзінің сипатын анықтайды. Аты - СӘУЛЕТ. Сипаты – ... . Қызметі – ..., ... . Болашақтан күтетіні – ... . Мекен жайы – ..., ... . Тегі – ... . Оқушылардың жауаптарын қорытындылай келе сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды. | ||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5-10 10-25 25-35 | Оқылымалды тапсырма Оқушылар жаднаманы мұқият оқиды. Әртүрлі дереккөздермен жұмыс істеуде жаднаманың пайдасы бар ма, әлде жоқ па? Онда көрсетілген нұсқауды басшылыққа алуға бола ма? Берілген сұрақтарды топта талқылайды.
Оқылым тапсырмасы Мұғалім тапсырманың нұсқаулығымен таныстырады. Барлық топ та өз тапсырмаларын орындау кезінде алған ақпараттары мен деректеріне сілтеме жасауы шарт. 1-тапсырма. Мектеп кітапханасында «Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері» тақырыбына байланысты оқушылар конференциясы ұйымдастырылмақ екен. Сенің тобыңа конференцияда сөз сөйлеу тапсырылды. Көрсетілген дереккөздерден хабарламаға қажетті ақпараттар алыңдар. Ақпараттың қайдан алынғандығын, авторы туралы мәлімет көрсетіңдер. І топқа тапсырма: Сәулет өнерінің ерекшеліктері туралы ІІ топқа тапсырма: Сәулет өнерінің түрлері туралы ІІІ топқа тапсырма: Қазақстандағы орта ғасырлық сәулет өнері туралы ІV топқа тапсырма: Қазіргі Қазақстандағы сәулет өнерінің нұсқалары туралы 2-тапсырма. Оқушылар дереккөздерден алған ақпараттарды кестеге түсіреді.
Дескрипторлар: - әртүрлі дереккөздерінен тақырыпқа сай мәліметтер алады; - ақпараттық мәтін құрастырады; - деректерге сілтеме жасайды. Оқылымнан кейінгі тапсырма «Сыныптық тыңдалым». Барлық топ өздері құрастырған мәтіндерін сағат тілімен жылжыта отырып, келесі топтарға ұсынады. Топтар құрастырылған мәтіндерді оқып, бағалау критерийі бойынша бағалайды. «Түзету, өңдеу». Әр топ өздеріне айтылған ұсыныстар негізінде мәтіндеріне толықтырулар мен түзетулер жасайды. Мұғалімнің сындарлы кері байланысы келесі тіркестерден тұрады: Ұтымды шыққан ... ... Тапсырма шартына сай, бірақ ... Әлі де жетілдіре түсетін жауаптар... | 1-таратпа 2-таратпа | |||||||||||||||
Сабақтың соңы 35-40 | Рефлексия «3-2-1» стр. Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат; Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті; Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет. Мұғалім сабақты қорытындылайды. | ||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | |||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
Сәулет өнері «архитектура» деп те аталады. Ол латын және грек тілінде «бас құрылысшы» деген мағынаны береді. Біздің түсінігімізде сәулет өнері (архитектура) күнделікті адамдар өмірі үшін салынған ғимараттар. Мысалы: тұрғын үйлер, қоғамдық және тұрмысқа қажетті құрылыстар, мемориалдық ескерткіштер.
Сәулет өнері төмендегідей типтерге бөлінеді.
Тұрмыстық - қалалық және ауылдық үйлер, сарайлар;
Кәсіби - фабрика, зауыт құрылыстары, электр торабы орталықтары, гидротехникалар, теңіз порты, вокзал, метро және т. б.
Шаруашылық - қоймалар, гараж, автотұрақтар.
Қоғамдық - оқу-ағарту, білім үйлері, театр, мәдени демалыс үйлері, мұражайлар, көрме залдары, стадион, мемориалдық ескерткіштер және т. б.
Сәулет өнері кеңістік мәселесін шеше отырып қоршаған ортаны эстетикалық жағынан да меңгертеді. Сәулеттік бейнедегі көркемдік ғимараттар өз функциясынан алыстамайды, ол ғимараттың кімге арналып салынғанын көрсетеді.
«Әлемнің жеті кереметі» сәулет өнерінің ғажаптығын көрсетеді. Ежелгі заманда даңқы жер жарған ғажап құрылыстар мен мүсіндер осылай аталып келеді.
Әлемнің 1-кереметі деп Египетте Каир қаласында орналасқан ең үлкен үш пирамида Хеопс, Хефрена, Микенна пирамидаларын айтады. Бұл - қазіргі таңға жетіп отырған жеті кереметтің бірі.
2-керемет - Семирамиданың аспалы бағы; ежелгі шығыстың ең үлкен, әрі дәулетті қаласы Вавилонда болған деседі. Бұл сол замандағы патша Навуходоносор патшаның сүйікті әйеліне арнап салдырғаны болатын, биіктігі 6 қабат үйдің биіктігіндей болған.
3-керемет деп кіші Азиядағы Эфес қаласында орналасқан әйел пірі грек Артемиданың ғибадатханасын айтады.
4-кереметі Грецияның оңтүстігінде олимпиялық ойындар орталығы - Олимпиядағы ғибадатханада ежелгі гректің сыйынатын құдайларының бірі Зевстің үлкен мүсіні болған.
5-керемет Кіші Азияда Карий патшалығы деп аталатын шағын мемлекеттің астанасы Галикарнастағы (казіргі Түркияның Бодрум қаласы) Мавсол патшаның мавзолейі болған.
6-керемет Родос алыбы деп аталады. Бұл әлемдегі ең үлкен мүсін болған, биіктігі 36 метр, қоладан жасалған жас жігіт мүсіні.
7-керемет деп Александрия маягін (түнгі бағдаршам) атайды. Бұл Ніл өзенінің сағасындағы Фарос аралында, Александрия қаласында орналасқан.
«Әлемнің жеті кереметі» деп есептелетін мүсіндер мен құрылыстар, пирамидалардан басқасы құрып біткенімен, олардың атағы ғасырлар бойы өмір сүреді. Әсемдігімен, әдемілігімен жұрттың бәрін таңқалдырған адам баласының қолынан шыққан небір тамаша туындыларды дүниенің сегізінші кереметі деп мадақтау - ежелден қалыптасқан ұғым. Әр елде салынған түрлі сәулет ғимаратын немесе т. б. заттарын сегізінші кереметке теңейді.
Ал біздің елде сол сегізінші кереметке теңейтін бір ғимарат бар, ол - Түркістан қаласында орналасқан Қожа Ахмет Иассауи кесенесі. Оны ұлы ғұлама, екінші Аристотель деп атап кеткен Қожа Ахмет Иассауйге арнап сол бір заманда Ақсақ Темір салдырған екен.
Практикалық жұмыс: Тақта бетіне плакатқа салынып ілінген Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің суретін түрлі - түсті бояумен салу.
Сабақты бекіту.
«Онлайн режиміндегі тест жұмысы»
1. Сығанақ қаласының маңында орналасқан кесене:
A. Тектұрмас
B. Дәуітбек
C. Көккесене
2. Ахмет Йасауидің күмбезінің барабандары айналдыра қандай жазумен өрнектеп қаланған?
A. қазақ
B. араб
C. ұйғыр
3. Қазақтың дәстүрлі ою - өрнегі (таңдай, жүрекше) кең қолданылған кесене:
A. Алаша хан
B. Арыстан баб
C. Көккесене
Бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек»
Оқушылар бір - бірін бағалайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?