Тілдік жүйе және норма. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ. 1 нұсқа.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сәулет өнері.

Тілдік жүйе және норма

Жаңа қолданыстағы сөздер.

Ғылыми әдебиет атауларының ерекшелігі

Мектеп: Ақтөбе қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма (1-нұсқа)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу

 Сабақтың мақсаты

коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу

 Бағалау критерийі

  • коммуникативтік жағдаятқа сай сөйлейді;
  • көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтайды.

Тілдік мақсаттар

Осы тақырып аясында оқушылар тіл мен сөйлеу әрекеттері түрлері туралы білімін кеңейтеді, өзге пәндер бойынша меңгерген білімін қазақ тілінде сауатты қолдана алады.

Диалог және айтылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым бойынша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны..., Ойымды қорыта келе,..., т.б.

Құндылықтарды игерту

Ынтымақтастық, өзіне және өзгелерге құрмет, жауапкершілік құндылықтарын дамыту топтық жұмыстар барысында іс-жүзіне асырылады.

Пәнаралық байланыс

Дизайн, тарих

Бастапқы білім

Оқушылардың төменгі сыныптан ғылыми әдебиет атауларының ерекшеліктері туралы түсінігі бар, ғылыми стильдің ерекшеліктерін біледі.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 минут

Оқушылармен амандасу, шағын жұмыс топтарына бөлу (архитекторлар, тарихшылар, туристік агенттік қызметкерлер).

Ой шақыру

Оқушылар берілген тұжырым туралы өз ойларын ортаға салады.

Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды, сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.

слайд

Сабақтың ортасы

2 минут

5 минут

15 минут

15 минут

2 минут

Тыңдалым алдындағы тапсырма

Оқушыларға фотоколлаж көрсетіледі.

Сұрақ-жауап

  • Фотоколлажда не бейнеленген?
  • Қандай сәулет өнеріне жатқыза аласыз (пішіні, формасы, аумағы, биіктігі,т.б.)?
  • Бұл ғимарат туралы не білеміз?

Оқушылардың жауаптары тыңдалып, толықтырылады.

Сонымен қатар оқушыларға жағдаяттық тапсырма беріледі және қолдануға тиісті жаңа сөздер тізімі көрсетіледі.

Тыңдалым тапсырмасы

Жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, қолданыстағы жаңа сөздерді пайдаланып, қонақтарға «Хан шатыр» туралы толық мағлұмат беру.

Жағдаят

Қазақстанға келген қонақтар тамаша сәулет өнері «Хан шатырмен» таныспақшы. Сіздердің мақсаттарыңыз – ерекше туынды туралы толық мағлұмат беру. Ол үшін қажетті сөздер тізімін және фотоколлажды пайдаланыңыздар.

І топ:

«Хан шатыр» ойын-сауық орталығының ерекшелігін сипаттау.

ІІ топ:

Ерекше сәулет өнерінің шығу тарихы, аңызын талдау.

ІІІ топ:

Әлемдік сәулет өнерін насихаттау үшін жарнама жасау.

Әр топ өз тапсырмасын орындау үшін ноутбуктерді пайдалана алады.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Топтар бір-бірінің жауаптарын тыңдап, сұрақтар қояды. Дескрипторлар арқылы және «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.

Дескриптор:

  • берілген тапсырмаға сай мағлұмат береді;
  • коммуникативтік жағдаятқа сай сөйлейді;
  • көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтайды.
  • сауатты жауап береді.

Мұғалім оқушыларды тыңдап, кейін жауаптарын толықтырады.

Мұғалімнің сындарлы кері байланысы келесі тіркестерден тұрады:

Ұтымды шыққан ... ...

Тапсырма шартына сай, бірақ шығармашылықты қажет ететін ...

Әлі де жетілдіре түсетін жауаптар...

Креативті ... ... , бірақ көркем тіл жетіспейді.

Слайд

http://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/9407

слайд

слайд

ноутбуктер

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия.

слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу