Тілдік жүйе және норма. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ. 2 нұсқа.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сәулет өнері.

Тілдік жүйе және норма

Жаңа қолданыстағы сөздер.

Ғылыми әдебиет атауларының ерекшелігі

Мектеп: Ақтөбе қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма (2-нұсқа)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.5.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу

 Сабақтың мақсаты

коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу

 Бағалау критерийі

  • коммуникативтік жағдаятқа сай сөйлейді;
  • көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтайды.

Тілдік мақсаттар

Осы тақырып аясында оқушылар тіл мен сөйлеу әрекеттері түрлері туралы білімін кеңейтеді, өзге пәндер бойынша меңгерген білімін қазақ тілінде сауатты қолдана алады.

Диалог және айтылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым бойынша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны..., Ойымды қорыта келе,..., т.б.

Құндылықтарды игерту

Ынтымақтастық, өзіне және өзгелерге құрмет, жауапкершілік құндылықтарын дамыту топтық жұмыстар барысында іс-жүзіне асырылады.

Пәнаралық байланыс

Дизайн, тарих

Бастапқы білім

Оқушылардың төменгі сыныптан ғылыми әдебиет атауларының ерекшеліктері туралы түсінігі бар, ғылыми стильдің ерекшеліктерін біледі.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 минут

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, жұптарға бөлу.

Ой шақыру

  • Сәулет өнері туралы не білесіңдер?
  • Сәулет өнерінің құндылығы неде?
  • Қазіргі заман сәулет өнері мен өткен ғасырлардағы сәулет өнері айырмашылығы неде?
  • Қазақ сәулет өнері қашан дамиды деп ойлайсың?

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салады.

Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды, сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.

слайд

Сабақтың ортасы

5 минут

13 минут

13 минут

3 минут

Тыңдалым алдындағы тапсырма

Оқушыларға бейнематериал көрсетіледі. Мұқият тыңдап, төмендегі сұрақтарға жауап іздейді.

Сұрақтар:

1. Сәулет өнері деген не?

Құрылыс, тұрғын үй салу өнерін сәулет дейді.

2. Стиль деген не?

Белгілі бір тарихи кезеңде пайда болған үлкен туындылар стиль деп аталады.

3. Стиль түрлерін ата?

Грекия мен Рим, антикалық, романдық, готикалық, классицизм, барокко, конструктивизм, модерн, хай-тек

Оқушылардың жауаптары тыңдалып, толықтырылады.

Тыңдалым тапсырмасы

Оқушыларға жағдаяттық тапсырма беріледі және қолдануға тиісті сөздер тізімі көрсетіледі.

Жағдаят

Сен жұбыңмен «Ең үздік жоба» сайысына қатысқалы жатырсыздар. Жобаның шарты бойынша берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, қазақстандық сәулет өнері үлгілерінің бірі туралы мағлұмат беру. Үздік шыққан жұп сол ғимараттың макетін жасап, келесі сайысқа қатысуға мүмкіндік алады.

Тапсырма

Жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, қолданыстағы жаңа сөздерді пайдаланып, таңдаған сәулет өнері туралы толық мағлұмат беру.

Әр жұп жұмыстарын постер арқылы немемсе презентация жасап қорғауға болады.

Дифференциация

Көмек қажет ететін оқушылар арнайы жоспармен жұмыс жасайды. Жоспарды мұғалім оқушының мағлұматына сай құрып беруі тиіс.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

  • Жұптар бір-бірінің жауаптарын тыңдап, сұрақтарын қояды. Дескрипторлар арқылы бағалайды.

Дескриптор:

  • берілген тапсырмаға сай мағлұмат береді;
  • коммуникативтік жағдаятқа сай сөйлейді;
  • көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтайды.
  • сауатты жауап береді.
  • «Жасырын дауыс беру» әдісі.

Оқушылар өздеріне ұнаған жұпқа бір-біріне көрсетпей дауыс береді.

Мұғалім көп дауыс жинаған жұпты атап өтеді.

Мұғалімнің сындарлы кері байланысы келесі тіркестерден тұрады:

Ұтымды шыққан ... ...

Тапсырма шартына сай, бірақ шығармашылықты қажет ететін ...

Әлі де жетілдіре түсетін жауаптар...

Креативті ... ... , бірақ көркем тіл жетіспейді.

Слайд

https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/poznavatelnye-filmy/lesson/saulet-oneri-degenimiz-ne

https://el.kz/kz/news/cities/astananin_en_biik_10_gimarati

ноутбуктер

слайд

Слайд

Стикерлер мен қорапша

Сабақтың соңы

4 минут

Рефлексия

  • Сабақта не қызықтырды?
  • Не қиындық келтірді?
  • Не оңай болды?

слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

 Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу