Тілдік жүйе және норма. Қазақ тілі, 10 сынып, нұсқаулық. 5 сабақ. 2 нұсқа.


Оқушыға берілетін кері байланыс материалды меңгеруге ықпал ететін қасиеттерге ие болуы қажет:

  • Өлшенген

 Кері байланыс беруде сыни ескертулер де, мақтаулар да көңіл аударуға тұрарлықтай болуы керек, сондай-ақ жағымды кері байланыс пен жағымсыз ескертулердің тепе-теңдігін сақтауға тырысқан дұрыс. Егер жағымды ғана нәрселер айтылса, ол күмән тудыруы мүмкін. Дегенмен мұғалімге оқушының тапсырманы орындауына көбірек жағымды кері байланыс беруіне басымдылық таныту ұсынылады.

  • Нақты

 «Сіз үнемі...», «Сізге тән қасиет.... » деген сияқты фразаларды қолдануға болмайды. Мұғалім оқушы жауабының немесе жұмысының белгілі бір тұстарын ескере отырып, нақты кері байланыс беруі қажет. Ол үшін оқушы жауабын аудио немесе видео жазбаға жазып алу ұсынылады.

  • Объективті

 Шынайы фактілерді талдау қажет. Оқушының тұлғалық қасиеті емес, іс-әрекетіне кері байланыс беріледі.

  • Қисынды

 Оқушылар тапсырманы орындау барысында қандай білік-дағдыларды дамыту керектігіні біледі, сәйкесінше кері байланыс осы дағдыларға қатысты болуы қажет.

  • Түсінікті

 Ақпараттың берілу формасы мен көлемі оқушыға қосымша нақтылауды қажет етпейтіндей берілуі керек. Өйткені кері байланыс алу кезінде оқушылар өзіне көбірек көңіл бөлгенді ұната бермейді. Сондықтан қолайсыз жағдайда қалмау үшін кейбір түсініксіз деталдарды сұрамауға тырысады. Бұдан оқушыға берілетін кері байланыстың тілі түсінікті әрі қарапайым болуы қажет деген қорытынды шығаруға болады.

  • Келісілген

 Біріншіден, кері байланыс оқушының көзқарасымен сәйкес болуы керек. Екіншіден, оның мүмкіндіктері ескерілу қажет. Үшіншіден, ұсынылған кері байланыс негізінде оқушы білімді меңгеруге талпыныс жасау керек. Егер оқушы жоғарыда айтылғандардың бірімен келіспесе, оқу материалын меңгере алмайды немесе меңгергісі келмейді және білімін практикада қолдана алмайды.

  • Салыстырмалы

Оқушыға өзінің оқу жетістігінің деңгейін қадағалап отыруы үшін мүмкіндік берілу

керек. Өткен сабақтарда немесе тоқсанда орындаған тапсырмалары бойынша оқушының бастапқы білім деңгейін анықтап, жеке оқу динамикасын жасауға болады.

  • Мазмұнды

Неғұрлым тиімді нәтижеге жету үшін оқушыға іс-әрекет жоспары қажет. Іс-әрекет

алгоритмі білім алушының мүмкіндіктеріне сәйкес келуі есекерілуі тиіс.

  • Жеткілікті

Кері байланыстың көлемін анықтайды. Егер де оқушыға жеткілікті деңгейде кері

байланыс берілмесе, оның білім алуға қызығушылығы болмайды. Сондықтан оқушының орындаған тапсырмаға жіберген күш-жігерін есепке ала отырып, жеткілікті деңгейде кері байланыс беру қажет. Оқушы тапсырманы дұрыс орындаса да, кері байланыс беріліп, тапсырманың өте сапалы орындалған тұстары аталып өтілуі тиіс.

  • Құрылымды

 Ескертулер белгілі бір тәртіппен берілуі керек. Өйткені 5-7 ескертуді бірден қабылдай қою қиынға соғады, адам алдымен ақпаратты алғаш естіп тұрғандықтан тез қабылдайды, содан кейін ақпараттың жаңашылдығына көңіл бөледі. Сондықтан алдымен неғұрлым маңызды ескертулер берілуі тиіс.

  • Уақытылы

Оқушыларға білім-дағдыларын түзетуге мүмкіндік берілуі тиіс. Сондықтан оқушыға кері байланысты тапсырма орындалып болған бойда берген тиімдірек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу