Тілдік жүйе және норма. Қазақ тілі, 10 сынып, дидактикалық материал. 5 сабақ. 1 нұсқа.


Мақала (ағылш. article; entry, clause) - қоғамдық-әлеуметтік мәселелер туралы жазылған публицистикалық жанрдағы шығарма. Мақала 4 түрге бөлінеді:

  • Бас мақала заманымыздың негізгі бағытын, үкіметтің алға қойған саяси, шаруашылық, мәдени міндеттерді түсіндіріп, іске бағыт береді.
  • Проблемалық мақала шешуді, тексеруді, зерттеуді қажет ететін теориялық және практикалық мәселелерді көтереді.
  • Насихаттық мақала ғылымтехникаөнер жаңалықтарын заман талабына сай бүгінгі өмірдің практикалық міндеттерімен байланыстырып отырады.
  • Публицистикалық мақала қоғамдық-әлеуметтік және саяси маңызы зор оқиғалар мен құбылыстарды,  дәуір тынысын көтеріңкі үнмен, көркем тілмен баяндайды.

Ескерткіштерімізді сақтай білейік

 Бүкіләлемдік мұра тізіміне бүгінгі күні әлемнен 856 мәдениет ескерткіштер, 222 табиғи, 36 аралас нысандар енгізілген. Бұл орайда Бүкіләлемдік мұра тізімінде республикамыздағы Қожа Ахмет Ясауи мавзолейі мен Алматы облысының Жамбыл ауданының аумағында орналасқан Тамғалы археологиялық ландшафтының петроглифтері, Сары-Арқа – солтүстік Қазақстанның даласы мен көлдері, Батыс Тянь-Шань енген. Қазақстан өз кезегінде Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау Конвенциясын ратификациялау арқылы сол ескерткіштерді сақтау міндеттемесін алды. Осы міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуде өз аумақтарында халықаралық дәрежедегі аталған ескерткіштер орналасқан облыстық әкімдіктердің рөлі зор болуы тиіс деп санаймыз. Егер өз тарапымыздан Қожа Ахмет Ясауи мавзолейінің Бүкіләлемдік мұра тізіміндегі бірегей сәулет ескерткіші екенін, сонымен қатар Қазақстанның Бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне келешекте енгізу үшін қалыптастырылған өзге нысанның жоқ екенін ескерсек, бұл біз үшін теңдесі жоқ мұра. Алайда Түркістан қаласы әкімдігінің осы мәселеге басты назар аударуы жөн сияқты. Қалалық әкімдік ескерткіштердің аумағында тұрғызылатын құрылыс ғимараттарын тоқтату жөніндегі заңнамалық құзырына қарамастан, немқұрайлықтың салдарынан мавзолей орналасқан аумаққа жақын жерде ерекше ескерткішпен стилі, көлемі, биіктіктігі жағынан талас тудыратын әралуан ғимараттар көптеп салынып жатқаны белгілі. Мұндай шараларды жүзеге асыра берсек, әлемдік мұраға жанашырлық ұйымдар не ойлайды? ЮНЕСКО өз кезегінде әлемдік тәжірибеде кездесіп жүргендей тиісті талаптар сақталмайтын болса, Бүкіләлемдік мұраның негізгі тізімінен шығарып, қауіп төніп тұрған нысандар тізіміне енгізу жөнінде шешім қабылдауы да мүмкін. Дәл осындай күйге тап болған Грузия өзінің 2009 жылы Бүкіләлемдік мұра тізімінен қауіпті халге көшірілген Мцхеты тарихи ескерткіштерін негізгі тізімге қайта енгізуге тек 2016 жылы шілде айында ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұра комитетінің Ыстанбұл қаласында өткен 40-сессиясында 7 жылдан кейін ғана қайтаруға қол жеткізді. Осы орайда еліміздегі бірегей ескерткіштердің қауіпсіздік жағдайларын жасауға атсалысқанымыз абзал болар еді.

 Әлемдік мұралар саны бойынша көшбасшы елдер Италия – 47, Испания – 45, Қытай – 44, Франция – 40-қа жуық ескерткіштердің сақтап, қорғауды қамтамасыз етіп отырғанын назарға алсақ, біздің тарапымыздан бір сәулеттік ескерткіштің жағдайын жасамауымыз ЮНЕСКО-ның ескертулерін туғызатыны түсінікті.

 Әрине, бұл Бүкіләлемдік мұра, оның құқықтық мәртебесі, ескерткіштерді қорғау кепілдіктері туралы ақпараттандыру жұмыстарының жеткіліксіздігінен туындап отырған мәселе де болуы мүмкін. Алайда бүгінгі күні ақпараттың кез келген түрдегі қолжетімділігін ескерсек, жауапкершілікті сезінбеудің, жоғары деңгейде қол қойылып, өзімізге міндеттеме алған халықаралық нормативтік құжаттардың мазмұнына терең бойламау нәтижесі десе болады. Осы айтылған жайттарды назарға ала отырып, Бүкіләлемдік мұра тізіміне еніп, Қазақстанның мәдениетін, тарихын әлемге жариялап отырған нысандарымызды күтіп пайдалануға, әрі қарай болашақ ұрпағымызға мұра ретінде жеткізуге, оларды қорғау шараларына жіті мән берсек, нұр үстіне нұр болар еді.

Жанат МОЛДАБЕРГЕНОВАhttp://anatili.kazgazeta.kz/?p=39420



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу