Тілдік жүйе және норма. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ. 1 нұсқа.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5. Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма

7 сағат

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Жаңа қолданыстағы сөздер. Ғылыми әдебиет атауларының ерекшелігі

10.2.3.1 көпшілікке арналған мақаланың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;

 Сабақтың мақсаттары

Көпшілікке арналған мақаланың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау.

 Бағалау критерийі

Көпшілікке арналған мақаланың құрылымы мен рәсімделуін біледі, жанрлық ерекшеліктерін талдайды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: мәдени мұра, ескерткіштер, құрылыс, ЮНЕСКО

Қажетті сөздер мен тіркестері:

Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойымша…

Құндылықтарды игерту

Сабақ барысында оқушыларға жауапкершілік, құрмет құндылықтарын дарыту жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыс

Тарих

Бастапқы білім

Оқушылар төменгі сыныпта алған білім, білік, дағдыларына сүйенеді.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 мин

Қызығушылығын ояту. Оқушылар Н.Ә. Назарбаевтың сөзін оқып, өз пікірлерін білдіреді, сабақтың тақырыбын болжайды.

«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»

Н. Ә. Назарбаев

 Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.

таныстырылым

Сабақтың ортасы

6 мин

5 мин

7 мин

10 мин

6 мин

Оқылым алды тапсырма

1-тапсырма.

Берілген ұғымдардың білдіретін мағынасын жұпта талқыла.

ЮНЕСКО (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization — UNESCO) —Біріккен Ұлттар Ұйымының БілімҒылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы. Ұйым 1945 жылы 16 қарашада құрылды, штаб-пәтері Францияның Париж қаласында орналасқан. Ұйым құрамына әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 67 бюро мен бөлімшелер кіреді. ЮНЕСКО қаулысы Лондон конференциясында 1945 жылы қабылданып,  1946 жылдың 4-қарашасында күшіне енеді. Бүгінгі күні Ұйымға 193 мемлекет мүше. 1972 жылы ЮНЕСКО 1975 жылы күшіне енген Әлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау конвенциясын қабылдайды.

 ЮНЕСКО-ның аса мәнді жобалары мыналар: II дүниежүзілік соғыс жылдарында әскери әрекеттерден зардап шеккен кітапхана және мұражай қорларын қалпына келтіру; Азияда, Африкада, Латын Америкасында бастауыш білім беру жүйелерін дамыту; құнды еңбектерді аудару, тікелей байланыстар орнату арқылы Батыс пен Шығыстың арасында мәдени алмасуды дамыту; дамушы елдердегі сауатсыздықты жойып, "негізгі білім беру" жүйесін қалыптастыру (оқу орталықтары Камбоджада, Үндістанда, Таиландта, Оңтүстік Кореяда, Либерияда, Түркияда, сондай-ақ бірқатар, Латын американдық елдерде, Таяу Шығыс елдерінде); өркениет ескерткіштерін сақтау. 1959 ж. ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен Мәдени құндылықтарды сақтау және қалпына келтіру бойынша Халықаралық комитет жұмыс істей бастады.

 Wikipedia

 Мақұлдауратификациялау – халықаралық шартты бекітудің соңғы сатысы, халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің жоғарғы өкілді органының немесе мемлекет басшысының шартты бекітуі. Мақұлдау екі құжатпенхалықаралық құқықтық және мемлекеттің ішкі құжатымен жүзеге асады. Халықаралық құқықтық аяда мақұлдау мемлекеттің халықаралық құқықтық құжаттың өзі үшін міндеттілігін мойындағанын ресми түрде білдіреді. Ал ішкі аяда мақұлдау халықаралық құқық нормаларына ұлттық құқықтық заң күшін береді. 

Wikipedia

Конвенция (лат. Conventio - келісім) - келісім бойынша уағдаласушы жақтардың құқықтар мен міндеттемелерін

айқындайтын құжат, мысалы, арнайы мәселе бойынша халықаралық келісім-кедендік конвенция, зияткерлік құқық туралы бүкіләлемдік конвенция және т.б.; Конвенцияны қабылдау мәселесі ғаламдану үшін аса жоғары мәнге ие. 

 wikipedia

Нормативтік құқықтық құжат -  құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат.

 wikipedia

2-тапсырма.

Сұрақ-жауап

Мақала дегеніміз не?

Оның құрылымы қандай?

Рәсімделуі туралы білесің бе?

Жанрлық ерекшеліктерін атай аласың ба?

3-тапсырма.

Мақала жанры туралы біліміңді толықтыр.

https://massaget.kz/layfstayl/zhadnama/18474

Оқылым тапсырмасы

Мақаламен танысып, кестені толтыр.

Тақырыбы

Мақсаты

Көзделген аудиториясы

Стилі, жанры

Жанрлық белгілері

Тілдік ерекшеліктері

Оқылымнан кейінгі тапсырма.

Ойталқы.

ЮНЕСКО тізіміне енгізілген мәдени мұраларымызды қорғау шараларын қалай ұйымдастыруға болады? Өз тарапыңыздан қандай ұсыныстар айтасыз?

Өзара бағалау

Дескрипторлар:

тақырыпқа қатысты сөздердің мағынасын табады;

мақаланың тақырыбын, мақсатын, аудиториясын, стилін анықтайды;

құрылымы мен рәсімделуін біледі;

жанрлық белгілерін атайды;

тілдік ерекшеліктерін талдайды;

мәселеге қатысты өз ұсынысын білдіреді.

Мұғалімнің сындарлы кері байланысы

http://anatili.kazgazeta.kz/?p=39420

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия

Бір сөзбен....

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу