Тілдік жүйе және норма. Қазақ тілі, 10 сынып, дидактикалық материал. 5 сабақ. 2 нұсқа.
ЮНЕСКО (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization — UNESCO) —Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы.
Ұйым 1945 жылы 16 қарашада құрылды, штаб-пәтері Францияның Париж қаласында орналасқан. Ұйым құрамына әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 67 бюро мен бөлімшелер кіреді. ЮНЕСКО қаулысы Лондон конференциясында 1945 жылы қабылданып, 1946 жылдың 4-қарашасында күшіне енеді. Бүгінгі күні Ұйымға 193 мемлекет мүше. 1972 жылы ЮНЕСКО 1975 жылы күшіне енген Әлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау конвенциясын қабылдайды.
ЮНЕСКО-ның аса мәнді жобалары мыналар: II дүниежүзілік соғыс жылдарында әскери әрекеттерден зардап шеккен кітапхана және мұражай қорларын қалпына келтіру; Азияда, Африкада, Латын Америкасында бастауыш білім беру жүйелерін дамыту; құнды еңбектерді аудару, тікелей байланыстар орнату арқылы Батыс пен Шығыстың арасында мәдени алмасуды дамыту; дамушы елдердегі сауатсыздықты жойып, "негізгі білім беру" жүйесін қалыптастыру (оқу орталықтары Камбоджада, Үндістанда, Таиландта, Оңтүстік Кореяда, Либерияда, Түркияда, сондай-ақ бірқатар, Латын американдық елдерде, Таяу Шығыс елдерінде); өркениет ескерткіштерін сақтау. 1959 ж. ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен Мәдени құндылықтарды сақтау және қалпына келтіру бойынша Халықаралық комитет жұмыс істей бастады.
wikipedia
Мақұлдау, ратификациялау – халықаралық шартты бекітудің соңғы сатысы, халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің жоғарғы өкілді органының немесе мемлекет басшысының шартты бекітуі.
Мақұлдау екі құжатпен: халықаралық құқықтық және мемлекеттің ішкі құжатымен жүзеге асады. Халықаралық құқықтық аяда мақұлдау мемлекеттің халықаралық құқықтық құжаттың өзі үшін міндеттілігін мойындағанын ресми түрде білдіреді. Ал ішкі аяда мақұлдау халықаралық құқық нормаларына ұлттық құқықтық заң күшін береді.
wikipedia
Нормативтік құқықтық құжат - құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат.
Wikipedia
Конвенция (лат. Conventio - келісім) - келісім бойынша уағдаласушы жақтардың құқықтар мен міндеттемелерін айқындайтын құжат, мысалы, арнайы мәселе бойынша халықаралық келісім-кедендік конвенция, зияткерлік құқық туралы бүкіләлемдік конвенция және т.б.; Конвенцияны қабылдау мәселесі ғаламдану үшін аса жоғары мәнге ие.
wikipedia
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды