Тілдік жүйе және норма. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ. 2 нұсқа.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5. Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма

7 сағат

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Жаңа қолданыстағы сөздер. Ғылыми әдебиет атауларының ерекшелігі

10.2.3.1 көпшілікке арналған мақаланың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;

 Сабақтың мақсаттары

Көпшілікке арналған мақаланың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;

 Бағалау критерийі

Көпшілікке арналған мақаланың құрылымы мен рәсімделуін біледі, жанрлық ерекшеліктерін талдайды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: мәдени мұра, ескерткіштер, құрылыс, ЮНЕСКО

Қажетті сөздер мен тіркестері:

Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойымша…

Құндылықтарды игерту

Сабақ барысында оқушыларға жауапкершілік, құрмет құндылықтарын дарыту жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыс

Тарих

Бастапқы білім

Оқушылар төменгі сыныпта алған білім, білік, дағдыларына сүйенеді.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылығын ояту.

Еліміздегі қандай ескерткіштер ЮНЕСКО тізіміне енген?

https://www.youtube.com/watch?v=wkVvKaJQoOo

 Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.

таныстырылым

Сабақтың ортасы

5 мин

7 мин

10 мин

10 мин

Оқылым алды тапсырма.

1-тапсырма.

Мақала туралы ақпаратпен танысып шық.

http://kerekinfo.kz/2016/02/21/maala-zhazu-tsilderi.html

2-тапсырма. Берілген ұғымдардың білдіретін мағынасын kk.wikipedia.org-ден іздестіріп, кестені толтыр.

Юнеско

Ратификациялау 

Нормативтік құжат

Конвенция

Оқылым тапсырмасы

Мақаламен танысып, оның жанрлық ерекшеліктері туралы жұпта талқыла.

Ескерткіштерімізді сақтай білейік

 Бүкіләлемдік мұра тізіміне бүгінгі күні әлемнен 856 мәдениет ескерткіштер, 222 табиғи, 36 аралас нысандар енгізілген. Бұл орайда Бүкіләлемдік мұра тізімінде республикамыздағы Қожа Ахмет Ясауи мавзолейі мен Алматы облысының Жамбыл ауданының аумағында орналасқан Тамғалы археологиялық ландшафтының петроглифтері, Сары-Арқа – солтүстік Қазақстанның даласы мен көлдері, Батыс Тянь-Шань енген. Қазақстан өз кезегінде Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау Конвенциясын ратификациялау арқылы сол ескерткіштерді сақтау міндеттемесін алды. Осы міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуде өз аумақтарында халықаралық дәрежедегі аталған ескерткіштер орналасқан облыстық әкімдіктердің рөлі зор болуы тиіс деп санаймыз. Егер өз тарапымыздан Қожа Ахмет Ясауи мавзолейінің Бүкіләлемдік мұра тізіміндегі бірегей сәулет ескерткіші екенін, сонымен қатар Қазақстанның Бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне келешекте енгізу үшін қалыптастырылған өзге нысанның жоқ екенін ескерсек, бұл біз үшін теңдесі жоқ мұра. Алайда Түркістан қаласы әкімдігінің осы мәселеге басты назар аударуы жөн сияқты. Қалалық әкімдік ескерткіштердің аумағында тұрғызылатын құрылыс ғимараттарын тоқтату жөніндегі заңнамалық құзырына қарамастан, немқұрайлықтың салдарынан мавзолей орналасқан аумаққа жақын жерде ерекше ескерткішпен стилі, көлемі, биіктіктігі жағынан талас тудыратын әралуан ғимараттар көптеп салынып жатқаны белгілі. Мұндай шараларды жүзеге асыра берсек, әлемдік мұраға жанашырлық ұйымдар не ойлайды? ЮНЕСКО өз кезегінде әлемдік тәжірибеде кездесіп жүргендей тиісті талаптар сақталмайтын болса, Бүкіләлемдік мұраның негізгі тізімінен шығарып, қауіп төніп тұрған нысандар тізіміне енгізу жөнінде шешім қабылдауы да мүмкін. Дәл осындай күйге тап болған Грузия өзінің 2009 жылы Бүкіләлемдік мұра тізімінен қауіпті халге көшірілген Мцхеты тарихи ескерткіштерін негізгі тізімге қайта енгізуге тек 2016 жылы шілде айында ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұра комитетінің Ыстанбұл қаласында өткен 40-сессиясында 7 жылдан кейін ғана қайтаруға қол жеткізді. Осы орайда еліміздегі бірегей ескерткіштердің қауіпсіздік жағдайларын жасауға атсалысқанымыз абзал болар еді.

 Әлемдік мұралар саны бойынша көшбасшы елдер Италия – 47, Испания – 45, Қытай – 44, Франция – 40-қа жуық ескерткіштердің сақтап, қорғауды қамтамасыз етіп отырғанын назарға алсақ, біздің тарапымыздан бір сәулеттік ескерткіштің жағдайын жасамауымыз ЮНЕСКО-ның ескертулерін туғызатыны түсінікті.

 Әрине, бұл Бүкіләлемдік мұра, оның құқықтық мәртебесі, ескерткіштерді қорғау кепілдіктері туралы ақпараттандыру жұмыстарының жеткіліксіздігінен туындап отырған мәселе де болуы мүмкін. Алайда бүгінгі күні ақпараттың кез келген түрдегі қолжетімділігін ескерсек, жауапкершілікті сезінбеудің, жоғары деңгейде қол қойылып, өзімізге міндеттеме алған халықаралық нормативтік құжаттардың мазмұнына терең бойламау нәтижесі десе болады. Осы айтылған жайттарды назарға ала отырып, Бүкіләлемдік мұра тізіміне еніп, Қазақстанның мәдениетін, тарихын әлемге жариялап отырған нысандарымызды күтіп пайдалануға, әрі қарай болашақ ұрпағымызға мұра ретінде жеткізуге, оларды қорғау шараларына жіті мән берсек, нұр үстіне нұр болар еді.

Жанат МОЛДАБЕРГЕНОВАhttp://anatili.kazgazeta.kz/?p=39420

Оқылымнан кейінгі тапсырма

Жағдаят

Сіздің мектебіңіз «ЮНЕСКО» ұйымына Қазақстанның атынан әлемге танылуы тиіс мәдени мұраны ұсыну мүмкіндігіне ие болды. «Юнеско» ұйымына қорғалуға тиіс қандай ескерткішті ұсынар едіңіздер?

Оқушылар тапсырманы алдымен жеке орындайды, сосын ойларымен топта бөліседі. Топта барлық оқушылардың жауаптары тыңдалады, «Юнеско» ұйымына ұсынылатын бір ескерткішті таңдап алынады. Оқушылар оны не себепті таңдап алғанын түсіндіреді.

«ЮНЕСКО» ұйымына ұсынылатын ескерткіш

Сипаттамасы

1.

Өзара бағалау

Дескрипторлар:

тақырыпқа қатысты сөздердің мағынасын табады;

мақаланың қолданысын аясын, әлеуметтік маңызын талдайды;

стильдік, жанрлық белгілерін атайды;

рәсімделуін біледі;

мәселеге қатысты өз ұсынысын білдіреді.

Мұғалімнің кері байланысы

http://anatili.kazgazeta.kz/?p=39420

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия

  • Сабақ барысында не қиын болды?
  • Мақсатқа қалай қолжеткіздің?
  • Нені жақсарту керек?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу