Сәулет өнері. Қазақ тілі, 10 сынып, презентация. 1 сабақ. 1 нұсқа.
5. Сәулет өнері.
Тілдік жүйе және нормаСабақ тақырыбы:
Қазақ сәулет өнерінің дамуы
Сабақ мақсаты:Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, өз ойын дәлелдей отырып аргументативті эссе жазу.Тыныс белгілерін орынды қолдану.
Бағалау критерийлері:
- логикалық негіздемелер мен мысалдарға сүйенеді;
көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жаза алады.
тыныс белгілерін орынды қолданады.
Ерекше сәулетімен көз тартатын қандай қалаларды білесіңдер?
Астана қаласының сәулеттік келбеті туралы не айтасыңдар? Оның басты-басты символдарын атаңдар.
Ал осы соңғы үлгіде салынып жатқан ғимараттардың авторлары кімдер? Жалпы, қазақ сәулет өнерінің деңгейі туралы ойыңды жеткіз.
Төменде берілген ақпаратты оқып, өзара талқылаңдар. Жаңа қолданыстағы сөздерді анықтаңдар.
2002 жылы Астана қаласында ашылып, бас қаланың басты символының біріне айналған «Бәйтерек» монументін ағылшын архитекторы Норман Фостер жасағанын жұртшылық ұмыта қойған жоқ. Бұл азамат 2000 жылы әлемдегі 100 ұлы сәулетшінің бірі атанды. Осының өзі оның беделі биік екенін аңғартып отыр. Ол жер шарындағы Лондон, Нью-Йорк, Манчестер, Мәскеу, Гонконг пен Берлин секілді шаһарларының шырайын кіргізуге белсене атсалысты. Олардың қатарында әлемдегі ең жас елорданың бірі – Астананың да болуы бізді қуантады. Сондай-ақ, жапон сәулетшісі Кисе Курокава да біздің негізгі ордамыздың бас жоспарын жасауға атсалысты, халықаралық деңгейдегі әуежайдың сәулеттік жобасын жасады. Қысқасы, Астананың сәулеттік келбетінің жақсаруына шетелдік архитекторлардың еңбегі ерекше сіңді деп айта аламыз. Соңғы үлгіде салынып жатқан ғимараттардың дені солардың үлесінде болып жатқаны бізді ойлантады. Сонда қазақтың сәулет өнерінің деңгейі қандай сауал өздігінен туындайды.
Егер қазақы нақыштағы ғимараттар көбірек бой түзесе, қазақ архитектурасы өркениет көшіне ілесе ала ма?
Берілген тақырыпқа аргументативті эссе жаз:
Жазған эсселеріңді жұпта, топта талқылаңдар, ең жақсы эссе жұмысын «Ыстық орындықта» оқыңдар.
Дескриптор
- тақырыпты жан-жақты ашады;
- кем дегенде 2 дәлел келтіреді;
- эссе құрылымын сақтайды.
- сауатты, жүйелі жаза алады.
Рефлексия
«Жазылым барысында қиындық келтіргені ...
Жазылымда оңай болғаны ...
Алдағы уақытта мынаны ескеремін ...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?