Сәулет өнері. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ. 1 нұсқа.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5. Сәулетөнері. Тілдікжүйежәне нормаМектеп: Уақыты: Мұғалімнің аты-жөні: Сыныбы:10қатысқаны: қатыспағаны: | |
Сабақтың тақырыбы: | Қазақ сәулет өнерінің дамуы |
Грамматикалық тақырып | Жаңа қолданыстағы сөздер. Ғылыми әдебиет атауларының ерекшелігі |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (аргументативті эссе); 10.4.5.1 сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу. |
Сабақ мақсаттары | Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, өз ойын дәлелдей отырып аргументативті эссе жазу. Тыныс белгілерін орынды қолдану. |
Бағалау критерийлері |
|
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: қажетті клишелерді орынды қолдана отырып өз ойын дәлелдеп жазады. Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: сәулет өнері, архитектура, Елорданың сәулеті, ұлы сәулетшілер, зәулім ғимараттар т.б. Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, мен ... ойлаймын... т.б. |
Құндылықтарды дарыту | Сабақ мазмұны арқылы академиялық адалдық, жеке/жұпта/топта жұмыс жасау, өзінің және өзгенің оқуына жауапкершілікпен қарау, көшбасшылық сияқты құндылықтар сіңіріледі. Жаһандық азаматтық «архитектура», «өркениет» ұғымдарымен байланысады. |
Пәнаралық байланыс | Қазақстан тарихы пәнімен байланыс.Қазақстандағы сәулет өнерінің дамуы. Өнер пәнімен байланыс. Сәулет өнері. |
Алдыңғы білім | Оқушылардың төменгі сыныптан қазақтың сәулет өнері туралы түсінігі бар. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | |
Сабақтың басы 0-2 3-6 7-8 | Жаттығу-тренинг. Оқушыларды шағын жұмыс топтарына бөлу.
Астана қаласының зәулім ғимараттарының суреттері көрсетіледі. Төменде берілген сұрақтарға жауап бер. Ерекше сәулетімен көз тартатын қандай қалаларды білесіңдер? Астана қаласының сәулеттік келбеті туралы не айтасыңдар? Оның басты-басты символдарын атаңдар. («Бәйтерек» монументі, халықаралық деңгейдегі әуежай т.т.) Ал осы соңғы үлгіде салынып жатқан ғимараттардың авторлары кімдер? Жалпы, қазақ сәулет өнерінің деңгейі туралы ойыңды жеткіз. 2. Сабақ тақырыбы, мақсаты таныстырылады.Бағалау критерийін мұғалім оқушылармен бірге талқылайды. Ондағы тірек сөздерге оқушы назарын аударады. | МД слайд Астана қаласы ғимарат тарының суреттері | |
Сабақтың ортасы 9-13 14-29 30-37 | 3. Жаңа тақырыпты меңгерту. Т. Жазылым алдындағы тапсырма Төменде берілген ақпаратты оқып, өзара талқылаңдар. Жаңа қолданыстағы сөздерді анықтаңдар. 2002 жылы Астана қаласында ашылып, бас қаланың басты символының біріне айналған «Бәйтерек» монументін ағылшын архитекторы Норман Фостер жасағанын жұртшылық ұмыта қойған жоқ. Бұл азамат 2000 жылы әлемдегі 100 ұлы сәулетшінің бірі атанды. Осының өзі оның беделі биік екенін аңғартып отыр. Ол жер шарындағы Лондон, Нью-Йорк, Манчестер, Мәскеу, Гонконг пен Берлин секілді шаһарларының шырайын кіргізуге белсене атсалысты. Олардың қатарында әлемдегі ең жас елорданың бірі – Астананың да болуы бізді қуантады. Сондай-ақ, жапон сәулетшісі Кисе Курокава да біздің негізгі ордамыздың бас жоспарын жасауға атсалысты, халықаралық деңгейдегі әуежайдың сәулеттік жобасын жасады. Қысқасы, Астананың сәулеттік келбетінің жақсаруына шетелдік архитекторлардың еңбегі ерекше сіңді деп айта аламыз. Соңғы үлгіде салынып жатқан ғимараттардың дені солардың үлесінде болып жатқаны бізді ойлантады. Сонда қазақтың сәулет өнерінің деңгейі қандай сауал өздігінен туындайды. Ж. Жазылым тапсырмасы Қалай ойлайсың, егер қазақы нақыштағы ғимараттар көбірек бой түзесе, қазақ архитектурасы өркениет көшіне ілесе ала ма? ЖЖ/Т. Жазылымнан кейінгі тапсырма Оқушылар жазған эсселерін жұпта, топта талқылайды, ең жақсы эссе жұмысын «Ыстық орындықта» оқиды. Дескриптор: -тақырыпты жан-жақты ашады; -кем дегенде 2 дәлел келтіреді; -эссе құрылымын сақтайды. -сауатты, жүйелі жаза алады. 4. Топтар бір-бірінің жауабын критерийге сай бағалайды. Мұғалім тиімді кері байланыс береді. Қабілеті жоғары оқушылар қажетті клишелер мен лексикалық құрылымды қолдана отырып тақырыпты тұжырымдайды, өз ұстанымының тиімділігін дәлелдейді, қабілеті төмендеу оқушыларэссе құрылымын сақтай отырып өз ойын жобалап жеткізеді. | /alashainasy.kz/culture/kazak-saulet-oner-kashan-damidyi-49680/ | |
Сабақтың аяғы 38-40 | 5. Рефлексия Жазылым барысында қиындық келтіргені ... Жазылымда оңай болғаны ... Алдағы уақытта мынаны ескеремін ... | стикерлер | |
Дифференциация Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау | |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?