Сәулет өнері. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ. 2 нұсқа.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5. Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма Мектеп: Уақыты: Мұғалімнің аты-жөні: Сыныбы:10 қатысқаны: қатыспағаны: | |
Сабақтың тақырыбы: | Қазақ сәулет өнерінің дамуы |
Грамматикалық тақырып | Жаңа қолданыстағы сөздер. Ғылыми әдебиет атауларының ерекшелігі |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (аргументативті эссе); 10.4.5.1 сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу. |
Сабақ мақсаттары | Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, өз ойын дәлелдей отырып аргументативті эссе жазу. Тыныс белгілерін орынды қолдану. |
Бағалау критерийлері |
|
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: қажетті клишелерді орынды қолдана отырып өз ойын дәлелдеп жазады. Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: сәулет өнері, архитектуралық нысандар, ақылды қала, урбандалу, дала символдары, экоқала т.б. Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, мен ... ойлаймын... т.б. |
Құндылықтарды дарыту | Сабақ мазмұны арқылы академиялық адалдық, жеке/жұпта/топта жұмыс жасау, өзінің және өзгенің оқуына жауапкершілікпен қарау, көшбасшылық сияқты құндылықтар сіңіріледі. Жаһандық азаматтық «архитектура», «өркениет» ұғымдарымен байланысады. |
Пәнаралық байланыс | Қазақстан тарихы пәнімен байланыс. Қазақстанда сәулет өнерінің дамуы. Өнер пәнімен байланыс. Сәулет өнері. |
Алдыңғы білім | Оқушылардың төменгі сыныптан қазақтың сәулет өнері туралы түсінігі бар. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | |
Сабақтың басы 1-2 3-8 | Жаттығу-тренинг. Оқушыларды шағын жұмыс топтарына бөлу.
Суретке қарап болжам жасау. Сабақ тақырыбына болжам жасап, 20 сөз шамасында ойларын жазу тапсырылады. Жауаптарын жұпта оқып, өзара комментарий жасайды, бірнеше оқушының жауабы сынып алдында оқылады. 2. Сабақ тақырыбы, мақсаты таныстырылады.Бағалау критерийін мұғалім оқушылармен бірге талқылайды. Ондағы тірек сөздерге оқушы назарын аударады. | МД слайд | |
Сабақтың ортасы 9-14 15-28 29-37 | 3. Жаңа тақырыпты меңгерту. Т. Жазылым алдындағы тапсырма Бейнематериалды тыңдап, өзара талқылаңдар. Жаңа қолданыстағы сөздерді анықтаңдар. Оқушылар «Сәулет өнері» тақырыбындағы бейнематериалды тыңдайды. Францияның ең ірі компаниясы «Жан Нувельдің» бас сәулетшісі Алан Гвозденовичтің сұқбаты. Ж. Жазылым тапсырмасы Төменде берілген тақырыпқа аргументативті эссе жаз: «Ұлттық нақыштағы ғимараттар салу қаншалықты сұранысқа ие?» ЖЖ/Т. Жазылымнан кейінгі тапсырма Оқушылар жазған эсселерін жұпта, топта талқылайды, ең жақсы эссе жұмысын «Ыстық орындықта» оқиды. Дескриптор: -тақырыпты жан-жақты ашады; -кем дегенде 3 дәлел келтіреді; -эссе құрылымын сақтайды. -сауатты, жүйелі жаза алады. 4. Топтар бір-бірінің жауабын критерийге сай бағалайды. Мұғалім тиімді кері байланыс береді. Қабілеті жоғары оқушылар қажетті клишелер мен лексикалық құрылымды қолдана отырып тақырыпты тұжырымдайды, өз ұстанымының тиімділігін дәлелдейді, қабілеті төмендеу оқушылар эссе құрылымын сақтай отырыпөз ойын жобалап жеткізеді. | https://www.youtube.com/watch?v=eFZb6u477IM | |
Сабақтың аяғы 38-40 | 5. Рефлексия Мысалдар мен зерттеулердің көмегі арқылы дәлелденген шешімді ұсына алдым ба? Аудиторияны өз жағыма қаншалықты тарта алдым? Өз ұстанымымның тиімділігіне сендіре алдым ба? | стикерлер | |
Дифференциация Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау | |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?