Сәулет өнері. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ. 1 нұсқа.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма

Мектеп:

Уақыты: Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 10 қатысқаны: қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Сәулет өнері.

Грамматикалық материал

Сөз қолданысындағы ерекшеліктер және стиль. Ғылыми әдебиет тілінің ерекшеліктері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.6.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу

Сабақ мақсаты

БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу

Бағалау критерийлері

БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден алынған деректерді қолдануда сілтеме жасау жолдарын біледі.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: тақырыпқа сай деректерді іріктей алады, дерек көзіне сілтеме жасайды.

Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: жаһандық, ғаламдық мәселелер, ғалым, ғылым, өнер, сәулет өнері т.б.

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, мен ... ойлаймын... т.б.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ мазмұны арқылы академиялық адалдық, жеке/жұпта/топта жұмыс жасау, өзінің және өзгенің оқуына жауапкершілікпен қарау, көшбасшылық сияқты құндылықтар сіңіріледі. Жаһандық азаматтық ұғымы «жаһандық сын-қатерлер» мәселесіне қатысты көрініс табады.

Пәнаралық байланыс

Тарих, өнер, экономика

Алдыңғы білім

Оқушылардың төменгі сыныптан сәулет өнері туралы түсінігі бар.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурс

тар

Сабақтың басы

0-3

4-8

Тақырыпқа қатысты кіріспе ой қозғау

Қазақстанда сәулет өнерінің озық үлгісіне жатқызуға болатын қандай ғимараттарды білесіңдер?

Оқушылардың жауаптарын тыңдап, сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау, критерийлерімен таныстыру.

2. Сабақ тақырыбы, мақсаты таныстырылады. Бағалау критерийлерін оқушылар өздері құрастырады.

МД слайд

Сабақтың ортасы

9-13

14-16

17-21

22-26

27-37

3. Жаңа тақырыпты меңгерту.

Оқылымалды тапсырма

Оқушылар «Ғылым» және «ғалым» сөздеріне анықтама береді, ғалымдардың тұжырымдарымен танысады.

Ғылым Отаныңның ең киелі дүниесі болуға тиіс. Өйткені ойлаудан әрі үзбей ойлана ізденуден өзге жұртты артқа тастап, озған халық қана берекелі ел бола алады. (Л.Пастер.)

Ғалым – жұртқа айтар ойы бар, жеке-дара шыққан дарын. Сонымен бірге ойларын түсінікті етіп жеткізуді ойлап, жанын қинайтын да сол адам. (Дж.Барри, Питер Пэн.)

Оқылым тапсырмасы

«Қазақ сәулет өнері қашан дамиды?» тақырыбындағы мәтінді оқиды. Оқылым стратегияларын қолданады.

Оқылымнан кейінгі тапсырма

ЖЖ. 1-тапсырма.

1.Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері.

Мәтіннен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте жазыңыз. Мәтіннен сіз күтпеген, сіздің бұрынғы ұғымдарыңызға қарсы тұрған ақпаратты табыңыз. Сізге жаңалық болған ақпаратты жазыңыз.

2.Маңызды өмірлік даналық.

Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңіз.

3.Таныс және бейтаныс.

Мәтіннен сізге алдында таныс болған және мүлдем таныс емес ақпаратты табыңыз.

4.Иллюстрациялық бейнелеу.

Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба, карикатура т.б. арқылы бейнелеп көріңіз.

5.Үлгі боларлық қорытынды.

Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға бола ма?

6.Талқылауға арналған маңызды тақырыптар.

Сыныпта талқылауға тұрарлықтай, ерекше көңіл бөлуге болатын ойларды, пікірлерді табыңыздар.

Жұптардың жауаптарын тыңдау, өзара бағалау. Кері байланыс.

Т. 2-тапсырма. Мәтіннің тілдік және жанрлық ерекшелігін анықтап, талдау жасаңдар.

Тақырыбы

Мақсаты

Аудиториясы

Мазмұны

Стилі

Жанры

Тілдік ерекшелігі

Топтық бағалау. Кері байланыс.

Дескриптор:

- тірек сөздерді талдайды;

- мәтінді оқиды;

- талдау жасайды;

- тақырып, мақсат, аудиториясын анықтайды;

- мазмұнын, стилін, жанрын табады;

- тілдік ерекшеліктерін талдайды.

4. Дескриптор

- кластер сызады;

- мәтінді тыңдайды;

- сұқбат берушілердің пікірлерін талқылайды;

- мәселелердің маңыздылығын дәлелдейді.

5.

Қабілеті жоғары оқушылар сұқбат мәтініндегі ақпараттарды талдай алады, ал қабілеті төмендеу оқушылар мазмұнын баяндаумен шектеледі.

Сабақтың аяғы

38-40

6. Рефлексия

Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды.

Оқу мақсатына жеттіңіз бе?

Оқу мақсатына жетуде сізге не көмектесті?

Оқу мақсатына жетуде бағалау критерийі көмектесті ме?

Қай тапсырманы орындауда қиындықтар туды? Неге?

Сабақты қорытындылау.

МД слайд

Дифференциация

Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу