Сәулет өнері. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ. 1 нұсқа.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма

Мектеп: Ақтөбе қаласы физика-матемаикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Димисанова Алтынай Батырхановна

Сынып: 10 Т1

Қатысқан оқушылар

саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Сәулет өнері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.1.1.Ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала жазу;

10.4.5.1.Сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу

 Сабақтың мақсаттары

Ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолдана отырып, мақала жазу. Мақалада сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерді дұрыс қолдану.

 Бағалау критерийі

  • ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін түсінеді;
  • тілдік құралдарды орынды қолдана отырып, мақала жазады;
  • мақалада сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерді дұрыс қолданады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Сәулет өнері, мүсіндеу өнері, зәулім ғимараттар, архитектура т.б

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойымша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны...

Құндылықтарды игерту

Құрмет, жауапкершілік, жаһандық т.б

Пәнаралық байланыс

Өнер, тарих т.б

Бастапқы білім

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-5

Қызығушылықты ояту.

Оқушылар суретке қарап ассоциация жасайды. Сабақтың тақырыбына болжам жасалады.

слайд

Сабақтың ортасы

5-15

15-30

30-35

Мағынаны тану

Мұғалім оқушыларға тілдік норма және жүйе тақырыбы аясында түсініктеме береді.

Тілдік жүйе табиғи тілдің ішкі заңына лайық (үйлес), сөздік құрам мен грамматикалық құрылыстың тұрақты қарым-қатынасқа түскен элементтерінің бірлігі мен тұтастығы. Тіл белгілі бір жүйе ретінде өмір сүреді. Тілдік жүйе сөздердің әртүрлі өзгеріске түсу мен сөйлемде тіркесу заңдылықтары анықтайды. Тілдік жүйе тұтас бүтін, ал оның құрамындағы әр бөлік (компонент) бүтіннің бөлшегі. Әр бөлік өз алдына оңашаланбайды, жүйенің өзге бөлігіне қарама-қарсылықта түзіледі. Сондықтан да тілдік жүйенің әр бөлігі тілдік жүйе мәні (қызметі) тұрғысынан қарастырылады.

Тілдік норма дегеніміз – тілдегі бірізділік, тіл материалдарын нормалау деген сөз, белгілі бір тәртіп, заңдылыққа бағындыру. Тілдік норма тілдің ішкі заңды жүйелері негізінде дамып қалыптасады, олар сұрыпталған, ұтымды орайында, жалпыға бірдей ортақ түрінде жұмсалады. Ол тәртіпті орнататын да, оның иінін қандыратын да әдеби тіл. Тілдің дыбыс жүйесі, сөз байлығы, сөз мағыналары, тілдің грамматикалық құрылысы – бәрі қалыптасқан заңды ерекшеліктерге негізделеді.

Жазылымалды тапсырмасы

Берілген суретке қарап ауызша мәтін құраңыз. Мәтініңізде төмендегі тілдік құралдарды пайдаланыңыз.

Көздің жауын алардай, қараса көз тоймайтын, еліміздің көзтартары, алтын арқа, аспанмен таласқан, зәулім ғимараттар т.б

Жазылым тапсырмасы

Ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолдана отырып, «Қазақстандағы сәулет өнерінің дамуына өз үлесіңізді қалай қосар едіңіз?» деген тақырыпта мақала жазыңыз. Мақалада сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерді дұрыс қолданыңыз. Сөз көлемі – 200.

Жұмыс алгоритмі:

  • Оқушылар жеке жұмыс жасайды.
  • Уақытты тиімді қолданады;
  • Бір-бірінің жұмысына баға береді

Жазылымнан кейінгі тапсырма

  • Қалай ойлайсыз, мемлекеттің сәулет өнерін дамыту арқылы экономикасына әсер еуге бола ма? Ойыңызды «ПОПС» формуласына түсіріңіз.

Дескриптор:

  • ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін түсінеді;
  • тілдік құралдарды орынды қолданады;
  • мақаланың құрылымын біледі;
  • мақалада сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерді дұрыс қолданады.

Бағалау. Бірін-бірі бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады.

слайд

Сабақтың соңы

35-40

Кері байланыс

«Ойды аяқта» әдісі арқылы жүзеге асырылады.

слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу