Сәулет өнері. Қазақ тілі, 10 сынып, презентация. 2 сабақ. 2 нұсқа.


Сәулет өнері

Тілдік жүйе және норма

Бағалау критерийі

ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін түсінеді;

тілдік құралдарды орынды қолданады;

мақаланың құрылымын біледі;

мақалада сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерді дұрыс қолданады.

Тілдік жүйе табиғи тілдің ішкі заңына лайық (үйлес), сөздік құрам мен грамматикалық құрылыстың тұрақты қарым-қатынасқа түскен элементтерінің бірлігі мен тұтастығы. Тіл белгілі бір жүйе ретінде өмір сүреді. Тілдік жүйе сөздердің әртүрлі өзгеріске түсу мен сөйлемде тіркесу заңдылықтары анықтайды. Тілдік жүйе тұтас бүтін, ал оның құрамындағы әр бөлік (компонент) бүтіннің бөлшегі. Әр бөлік өз алдына оңашаланбайды, жүйенің өзге бөлігіне қарама-қарсылықта түзіледі. Сондықтан да тілдік жүйенің әр бөлігі тілдік жүйе мәні (қызметі) тұрғысынан қарастырылады.

Тілдік норма дегенімізтілдегі бірізділік, тіл материалдарын нормалау деген сөз, белгілі бір тәртіп, заңдылыққа бағындыру. Тілдік норма тілдің ішкі заңды жүйелері негізінде дамып қалыптасады, олар сұрыпталған, ұтымды орайында, жалпыға бірдей ортақ түрінде жұмсалады. Ол тәртіпті орнататын да, оның иінін қандыратын да әдеби тіл. Тілдің дыбыс жүйесі, сөз байлығы, сөз мағыналары, тілдің грамматикалық құрылысыбәрі қалыптасқан заңды ерекшеліктерге негізделеді.

Сабақтың тақырыбы не деп ойлайсыздар?

Жазылымалды тапсырмасы

Берілген суретке қарап ауызша мәтін құраңыз. Мәтініңізде тілдік құралдарды пайдаланыңыз.

Жазылым тапсырмасы

Ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолдана отырып, ««Сәулет өнерін дамыту арқылы мемлекеттің экономикасына пайда әкелуге бола ма?» деген тақырыпта мақала жазыңыз. Мақалада сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерді дұрыс қолданыңыз. Сөз көлемі – 200.

Жазылымнан кейінгі тапсырма

Сәулет өнерінің дамуының қандай мүмкіндіктері бар және қандай қауіп төндіруі мүмкін? Ойыңызды «SWOT» талдауы арқылы дәлелдеңіз.

Жұмыс алгоритмі:

Оқушылар жеке жұмыс жасайды.

Уақытты тиімді қолданады;

Бір-бірінің жұмысына баға береді

Дескриптор

- ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін түсінеді;

- тілдік құралдарды орынды қолданады;

- мақаланың құрылымын біледі;

- мақалада сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерді дұрыс қолданады.

 

Кері байланыс

«Менің таңдауым» әдісі арқылы жүзеге асырылады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу