Қылмыс және заң. Қазақ тілі, 10 сынып, презентация. 5-6 сабақ.


Сабақтың тақырыбы:

Қылмыс және заң

Сабақтың мақсаттары:

мәтін стилін, құрылымын, ерекшелігін анықтау;

мәтіннің түрін, көзделген аудиториясын, мазмұнын, мақсатын анықтау;

стилі, тілі, мазмұны бойынша пікірін білдіріп, баға бере алу, қорытынды жасау.

Бағалау критерийлері

Жазылым

-мәтін стилін, құрылымын, ерекшелігін анықтайды;

-мәтіннің түрін, көзделген аудиториясын, мазмұнын, мақсатын анықтай алады;

-стилі, тілі, мазмұны бойынша пікірін білдіріп, баға бере алады, қорытынды жасайды.

Пән лексикасы және терминология

кикілжің-ренжісу, қақтығыс, конфликт

қылық- қоғамдағы құқықтық тәртіптің жекелеген жақтарына нұқсан келтіруші, құқық бұзушылық

барымта –кегін қайтару үшін, өрістегі малын айдап алып отырған.

Топқа бөліну

І. Қызығушылықты ояту.

Сыныптың төрт бұрышына төрт түрлі пікір ілінеді. Оқушылар өз көзқарасына орай таңдаған бұрышына топталады.

1-бұрыш: Адамды алдау —Арыңның алдында қылмыс

2-бұрыш: Қылмыстың қоғамда жасалу себептері

3-бұрыш: Қылмыс - қоғамға қауіпті әрекет.

4-бұрыш: Қоғамдағы қылмыстың алдын алу жолдары

Топтағы оқушылар өзара бір-бірлерімен таңдаған пікірлері бойынша ой алмасады, ойларына дәлелдер келтіреді. (3 минут)

Оқушылар жұпта ақылдасып, нақыл сөздің/мақалдың мағынасын ашады, түсіндіреді.

«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды». Б.Момышұлы.

Тәртіп — әскердің жаны. Аз әскерді үлкен күшке айналдырады, әлсізге сәттілік пен құрмет әкеледі. Джордж Вашингтон

Тәртіп тән үшін, ынтымақ жан үшін керек. Б.Момышұлы.

Тәртіп - тәрбие бастауы, Тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы. халық мақалы

ІІ. Мағынаны тану кезеңі

Қылмыс тақырыбына байланысты екі оқылым мәтіні оқуға беріледі:

1. М.Әуезовтің «Қараш-қараш» оқиғасы;

2. «Қоғамдағы қылмысты азайтатын да, көбейтетін де жайт – сол мемлекеттегі әлеуметтік жағдай мен экономикалық ахуалдың деңгейі».

Топта оқушылар 2 мәтінді оқып,композициялық құрылысына жазбаша талдау жасайды.

мәтін стилін, құрылымын, ерекшелігін анықтайды;

Оқылымалды тапсырма

1.Бақтығұл деген кейіпкерді естулерің бар ма?

2.Бақтығұлдың барымтаға аттануына, ұрлық жасауына қалай қарайсың?

Ақтайсың ба, қаралайсың ба?

3.Жастардың қазіргі кездегі ұрлық жасап,қылмыскер атануына қалай қарайсыңдар?

ІІІ. Қорытынды бөлімі:

Эссе «Егер заңдар болмаса, не болады

Үйге тапсырма

Қылмысқа қатысты10 тұрақты тіркестерді жазып, мағынасын білу

Рефлексия.

Сабақ барысында мен үшін не қиын болды?

Сабақ кезінде қандай әдістер толық ақпарат алуыма көмегін тигізді?

Сабақ несімен пайдалы болды?

Сабақ барысында ұнаған іс-әрекеттерді қайда қолданамын?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу