Қылмыс және заң. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 5-6 сабақ.


Жоспар бөлімі Мектеп:

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 Қатысқандар саны:

Уақыты: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

7 тарау :Қылмыс және заң 5-6 сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

мәтін стилін, құрылымын, ерекшелігін анықтау;мәтіннің түрін, көзделген аудиториясын, мазмұнын, мақсатын анықтау;стилі, тілі, мазмұны бойынша пікірін білдіріп, баға бере алу, қорытынды жасау.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

  • ақпарат мазмұнына сай сұрақтар құрастыра алады
  • мәтін стилін, құрылымын, ерекшелігін анықтайды;

Көптеген оқушылар:

  • фактілерді таба алады
  • ақпарат бойынша детальдарды алады
  • стилі, тілі, мазмұны бойынша пікірін білдіріп, баға бере алады,қорытынды жасайды

Кейбір оқушылар:

  • ақпараттың өзектілігіне дәлел келтіреді
  • ақпаратқа қатысты өз ойын,көзқарасын білдіре алады

Тақырыптық консепт (макро, микро)

Тарих. Мәдениет. Жаһандық әлем. Қоғам. Жаңалық. Құндылық.

Бағалау критерийлері:

Жазылым :

  • мәтін стилін, құрылымын, ерекшелігін анықтайды;
  • мәтіннің түрін, көзделген аудиториясын, мазмұнын, мақсатын анықтай алады;
  • стилі, тілі, мазмұны бойынша пікірін білдіріп, баға бере алады,қорытынды жасайды

Құндылықтарды дарыту

- құрмет; ынтымақтастық; жауапкершілік.

Тілдік мақсаттар

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Мен мынадай дәлелдер келтіремін... Оның себебін... деп түсіндіремін. Біздің пікірімізше.... Ойлауға ..... себептер бар. Бұл сабақта оқушылар сын тұрғысынан ойлау арқылы өзіндік пікірін білдіреді және дәлелдемелер келтіреді.

Негізгі тақырып бойынша лексикалық минимум: Қылмыс.Заң. Жаза. Ұрлық. Кикілжің.

Қоғам. Жаңалық.Құндылық. Неге? Қалай? Қашан? сұрақтарын пайдалану арқылы айтылымалды дайындық сөйлесуін жүргізеді.

Мен осы көзқараспен келісемін/келіспеймін. Өйткені ...

Пәнаралық байланыстар:

Әдебиет, тарих, құқық, қоғам,

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Алдыңғы бөлімдерден алған білімдерін пайдаланады

Сабақтың жоспарланған кезең-і

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

тар

Сабақтың басы

15минут

Қызығушылықты ояту.

сандары арқылы топтарға бөлу.

Сыныптың төрт бұрышына төрт түрлі пікір ілінеді. Оқушылар өз көзқарасына орай таңдаған бұрышына топталады.

1-бұрыш:Адамды алдау —арыңның алдында қылмыс

2-бұрыш: Қылмыстың қоғамда жасалу себептері

3-бұрыш:Қылмыс - қоғамға қауіпті әрекет.

4-бұрыш:Қоғамдағы қылмыстың алдын алу жолдары

Топтағы оқушылар өзара бір-бірлерімен таңдаған пікірлері бойынша ой алмасады, ойларына дәлелдер келтіреді. (5 минут)

Жұппен жұмыс.

«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды». Б.Момышұлы.

Тәртіп тән үшін, ынтымақ жан үшін керек. Б.Момышұлы.

Тәртіп - тәрбие бастауы, Тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы. Мақал

Оқушылар жұпта ақылдасып, нақыл сөздің/мақалдың мағынасын ашып, түсіндіреді.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, бағалау критерийін таныстыру

Сандар

Бұрыштағы пікірлер

Цитаталар

Сабақтың ортасы

25 мин

15 мин

20 мин

3 мин

7 мин

10 мин

1-Тапсырма.

Қылмыс тақырыбына байланысты екі оқылым мәтіні оқуға беріледі:

1. М.Әуезовтің «Қараш-қараш» оқиғасы;

2. «Қоғамдағы қылмысты азайтатын да, көбейтетін де жайт – сол мемлекеттегі әлеуметтік жағдай мен экономикалық ахуалдың деңгейі».

Топта оқушылар 2 мәтінді оқып,композициялық құрылысына жазбаша талдау жасайды.

мәтін стилін, құрылымын, ерекшелігін анықтайды;

  • мәтіннің түрін, көзделген аудиториясын, мазмұнын, мақсатын анықтай алады;
  • стилі, тілі, мазмұны бойынша пікірін білдіріп, баға бере алады,қорытынды жасайды.

Оқылымалды тапсырма талқыланады.

1.Бақтығұл деген кейіпкерді естулерің бар ма?

2.Бақтығұлдың барымтаға аттануына, ұрлық жасауына қалай қарайсың? Ақтайсың ба, қаралайсың ба?

3.Жастардың қазіргі кездегі ұрлық жасап,қылмыскер атануына қалай қарайсыңдар?

А мәтіні

Бақтығұлдың үйден шыққанына екі күн болған. Тау ішінің аш қасқырындай бұралып, ел көзіне түспеймін деп, аш күйінде ұйқы да көрген жоқ. Басында үйден аттанғанда ойдағысы жалғыз Сәлменнің жылқысы еді.

Қараңғы түнде шеттегі жылқылардан өтіп, ортаға таман жақындағанда, үлкен семіз боз биені көрді. Бақтығұл көп ойланбастан, боз биенің мойнына қыл арқан бұғалықты тастап кеп жіберді. Көк бие өзге жылқыға қарай сүйретпек болған сайын ұрының қолындағы қыл бұғалық мықтап қысып, буындыра берді. Ақыры жануар әмірлі қолға еріксіз бағынып, қарағайға кіріп кете барды.

Бақтығұлдың көңілі талай күнгі қауіп, сақтық, тынышсыздықтан енді біраз жай тапқан. Қатша қазанды түсіріп, табаққа ет салғалы қозғала беріп еді. Дәл осы шақта екі қара ала күшік шәу етіп үріп қоя берді. Қатша шошып қалып, ожау ұстаған қолын көтерген бойы еріне қарады. Дүрсілдетіп жүріп келе жатқан көп аттың тұяғы мен сүйретіп келе жатқан сойылдың тықыры естілді. Бақтығұл "Бәле болмаса игі еді, қазанның бетін жап!" деп қалды. Үй іші есін жиғанша, аттылардың алды үйге кіре бастады. Түстері суық. Қозыбақ аулының жігіттері. Келген топтың басшысы аласа бойлы, қара жігіт көп іркілмей сөз бастады.

– Кеше түнде жайлауда жатқан жылқыға ұры кіріп, бір ту биені алып кетіпті. Көп сөзбен арбасатын дәнеңе жоқ, қысқасы, малды сенен көріп кеп отырмыз, жөніңді айт! – деп еді. Бақтығұл Сәлмен жүзіне қадала қарап отырып: "Бақтығұл қашан ұры болып еді? Ендігі маған қиястығың – ұры демексің бе?" – деді.

Сәлмен ызалана түсті:

– Мен тауып отырмын! Енді оттағанды қысқарт, сал малымды қазір орнына!

– Аспай сөйле, мырза! Қорқытсаң, дұрысыңмен қорқыт, – дей бергенде, Сәлмен қамшысымен Бақтығұлды бастан тартып-тартып жіберіп, шұбыртып боқтай жөнелді.

Тепкі мен қамшы, боқтық пен зорлық бар қорлығы өтіп жатыр. Қозыбақ аулы қолымен билік қылып: жазасын да, айыбын да өзі кесіп, өзі алды.

Ә мәтіні

Қоғамдағы қылмысты азайтатын да, көбейтетін де жайт – сол мемлекеттегі әлеуметтік жағдай мен экономикалық ахуалдың деңгейі. Қоғамның дамуына байланысты әр кезеңде қылмыстың, жазаның да дамып, өзгеріп отыратыны – заңды құбылыс. Елдегі жұмыссыздық, халықтың әлеуметтік жағдайы, идеологиялық саясат, қоғамдық сананың өзгеруі – қоғамда қылмыстың пайда болуының негізгі себептері. Мысалы: терроризм (233-бап) қазіргі дәуірдегі ең қауіпті қылмыс түрі болып табылады. Мұндай қылмыстар ұлттық шектен шығып, халықаралық сипат алуда.

Қазіргі уақытта жылдан-жылға қылмыс қатыгездігімен, шектен шыққан жүгенсіздігімен ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық, қызмет бабын пайдалану, адам өлтіру, әйел зорлау, тонау, денеге ауыр жарақат салу, ұрлық, қарақшылық, алаяқтық сияқты қылмыстар статистикалық деректер бойынша бір ғана жазасын өтеу мекемесінде ҚР ҚК-нің 175-бабы бойынша 2007 жылы сотталған 44 адам жазасын өтесе, 2008 жылы сотталған 78 адам жаза мерзімдерін өтеген.

Қылмысқа жауап – жаза қолдану, сонымен бірге жаза қолдану – қоғамды қылмыстан сақтайтын және жаңа қылмыстың жасалуына жол бермеудің қажетті құралы.

Жаза кек алуды, тән азабын шектіруді немесе адамдардың қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді. Бұл туралы Ата заңда айтылған. Қылмыс қаншалықты жеңіл болса да, ауыр болса да, қылмыскер қоғам алдында жауап береді. Қылмыстық жаза дегеніміз – соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы, ол мемлекет атынан қылмыстық іс-әрекеттері үшін, кінәлінің кінәсін бетіне басатын құқықтық баға болып табылады.

Кез келген қылмысқа қолданылатын жазаның негізгі мақсаты:

біріншіден, қылмыс жасаған тұлғаны жазалау;

екіншіден, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;

үшіншіден, жазаға кесілген адамды тәрбиелеу болып табылады.

Екі мәтіннің тақырыбы

Екі мәтіннің ұқсастығы

Екі мәтіннің айырмашылығы

A Мәтіні

Ә Мәтіні

Формасы

Жанры

Көзделген аудитория (кімдерге арналғандығы)

Мазмұны

Мақсаты

Стилі

Тілі

Мәтіндік деңгейде

Мәтін неше азатжолдан тұрады?

Мәтіндік құрылымы қандай? (Кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім)

Мәтіннің абзацтары қалай байланысқан? (Сілтеу есімдіктері,

қыстырма сөздер, т.б.)

Синтаксистік (сөйлемдік қолданыс) деңгейінде

Мәтін сөйлемдері айтылу мақсаты мен құрылысына қарай қандай

сөйлем түрлеріне жатады? Қандай ойды жеткізуді көздеген?

Бірыңғай мүшелі сөйлемдер қолданыс тапқан ба?

Мәтінде дәйексөздер қолданылған ба, оның негізгі идеяны

ашудағы әсері қандай?

Сөз қолданыс деңгейінде

(негізгі тірек сөз, тура және ауыспалы мағынадағы сөздер,

синонимдік қатар, антоним сөздер, кәсіби сөздер,

көркем сөз қолданыстары:

эпитет, теңеу, метафора, оқшау сөздер,т.б. )

Бағалау

Оқушылар критерийге сәйкес бір-бірін бағалайды:

1 2 3 4 1

Топтағы оқушыларға «заң» туралы жазылған цитаталар тізімі беріледі.

2-Тапсырма Көлемді абзац – негізгі ойды жазу.

Заң туралы цитаталар.

Заң - адам пайдасына жазылады, адам - заң үшін тумайды ғой.

Әлихан Бөкейханов

Адам жылап отырса - оның орнына келген заң қарпі не опа бере алады?!

Әлихан Бөкейханов

Ғұмыр ісі заң хатына қашан сыйған?!

Әлихан Бөкейханов

Заң дегеніміз - ноқта.

Шерхан Мұртаза

Заңның - азы, орындалуының - көбі ләзім.

Шерхан Мұртаза

Заң - мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты

Оқушылар солардың ішінен өздері келісетін цитаталарын таңдайды және маңыздылығы бойынша тәртіппен орналастырады. қалыптастырушы бақылау

Ж Олар өздері таңдаған сөздерін қолданып, заңды және оның мағынасын анықтайтын көлемді абзац жазу арқылы мазмұнын салыстырады және қорытындылайды. Қалыптастырушы бағалау

Топтағы кері байланыс.

3- Тапсырма «Егер заңдар болмаса, не болады?» деген сұрақты қамтитын эссе жазу.

Жазбаша жұмысты:

  • бірінші жақта жазуы қажет;
  • дұрыс пунктуацияны қолданып, кемінде екі кейіпкер арасындағы диалогты жазу;
  • моральдық түйіні болу керек, мысалы, жақсылық жаманды жеңеді;
  • оқырманды қызықтыру қажет.

бір-бірін бағалауы – оқушылар жоғарыдағы критерийлерді қолданып, бір-бірінің жазба жұмыстары бойынша әрбір аспектілеріне пікірлерін білдіре бағалайды.Қалыптастырушы бағалау

Тыңда

лым материалы

Цитаталар

Сабақтың соңы:

5 мин

Рефлексия

Сабақ барысында мен үшін не қиын болды?

Сабақ кезінде қандай әдістер толық ақпарат алуыма көмегін тигізді?

Сабақ несімен пайдалы болды?

Сабақ барысында ұнаған іс-әркеттерді қайда қолданамын?

Үйге тапсырма:Қылмысқа қатысты 10 тұрақты тіркестерді жазып,мағынасын білу

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу