Қылмыс және заң. Қазақ тілі, 10 сынып, презентация. 3-4 сабақ.


Сабақтың тақырыбы: Қылмыс пен жаза

Сабақтың мақсаттары:

Т/А1 Берілген мәліметтерді түсіну

Т/А 4 Астарлы мағынаны ажырату

Т/А 2 Мәтіннің жалпы мазмұны мен оның ішіндегі түрлі пікірлерді қысқаша түйіндеу

Бағалау критерийлері:

астарлы мағынаны ажыратады;

мәтіннің жалпы мазмұны мен оның ішіндегі түрлі пікірлерді қысқаша түйіндейді;

өзіндік қорытынды шығара алады.

І.Қызығушылықты ояту кезеңі:

Рольдік ойын “ Әділет залында ”

Сот төресі

Айыптаушы заңгер

Қорғаушы заңгер

Шақырылуы мүмкін екі куәгер

Алқалар

Жазаланушы

Бағалау

Оқушылар критерийге сәйкес бір-бірін бағалайды:

1 2 3 4 1

Жұптық жұмыс

Мәтіндермен (газет, журнал материалдары) жұмыс.

Т/А 2 Мәтіннің жалпы мазмұны мен оның ішіндегі түрлі пікірлерді қысқаша түйіндеп айтып береді

Қылмыс дегеніміззаң қылмыс деп танитын әрекет немесе әрекетсіздік  

Қылмыстың қоғамда жасалу себептері :

Кедейшілік

Жұмыссыздық 

Мәдениеттің төмендігі

Адамгершіліктен азғындау

Отбасылық тәрбиенің дәрменсіздігі 

Маскүнемдіктің етек алуы

Нашақорлық

Құқық қорғау органдары қызметінің қанағатсыздығы т.б. факторларды  атауға   болады.  

       

Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы 14-ке толған , бірақ  18- ге толмаған адамдар танылады (78 бап)        

Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері : (79 бап)

Айыппұл :

Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру ;

Қоғамдық жұмыстарға тарту ;

Түзеу жұмыстары ;

• Бас бостандығын шектеу ;

• Бас бостандығынан айыру ;

 

Жасөспірімдер қылмысы

Жыл басынан бері 3 мыңға жуық жасөспірімдер қылмысы тіркелді.

42-сі - кісі өлтіру, 129-ы - қарақшылық шабуыл, 700-ге тарта  тонау мен мыңға жуық ұрлық қылмыстары  болып отыр. Жасөспірімдер тарапынан жасалған қылмыстардың жартысына жуығы мектеп, гимназия мен лицей оқушыларына тиесілі», деді С. Баймағанбетов.  Оның айтуынша, бүгінгі күні ІІМ мектеп инспекторларының жұмысын дамытуға күш салып отыр. Өңірлерде  1 мың 500-ге тарта осындай инспекторлар жасақталған.   

Әрекетсіздік- азаматтың қылмыстың дайындалып не жасалып жатқанын біле тұра, оның алдын алу бағытында әрекет жасамауы, заңда көрсетілген азаматтық міндетін орындамауы

ІІ. Мағынаны тану кезеңі:

«Сократ семинары»

Бала неге қылмыс жасайды? Мәтінмен жұмыс

 

1-қадам Мәтінді түсініп оқу

2-қадам Негізгі ойды , тірек сөздерді анықтау

3-қадам мәтін бойынша 2 сұрақ құрастыру

4-қадам «Сократ шеңберіне» отыру

5-қадам «Сократ семинары» сұрақ-жауап

Қалыптастырушы бағалау: мәтінді түсініп оқығандарын, негізгі ойды анықтай алғандарын, сұрақ қойып нақты жауап бергендерін бағалайды.

Ж1 Мәтіндерді өз ойымен байланыстыра отырып жазу

Әр топқа мәтіндер таратылады.

Мәтіннен әдеби көркемдегіш құралдар мен құрылымдарды тауып, астын сызып, талдап, жазылым жұмысында қолдану

Осы негізде жазылым жұмысына дайындық, топта талқылау

1). Төменде ұсынылған тапсырмаға 100- 120 сөз көлемінде жазба жұмысын орындаңыз.

 

ІІІ. Қорытынды кезеңі: Жағдаяттарды шешу

«Тығырықтан шығар жол қайда?»

Достар арасында ереже бұзу туралы

Адал достық және амал достықтың ара жігін ажырату

Үйге тапсырма

Көркем әдебиеттерден қылмыстық іс –әрекеттер туралы материалдар жинақтау

Мысалы : “Көксерек” шығармасында қасқырға жасалған іс-әрекетке баға беру



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу