Шешендік сөздер және сөйлеу мәдениеті. Қазақ тілі, 10 сынып, презентация. 8 сабақ.


Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті және шешендік сөз

Оқу мақсаты: ӘТН2. Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану

Сабақ мақсаты: Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай қолданып айту

Бағалау критерийі:

Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктерді сөйлеу мәнеріне сай қолданады.

Миға шабуыл :Суретті талдауға арналған жұмыс парағын толтыр.

«Айналмалы бекеттер» әдісі

1. Оқушылар берілген сұрақтарға сүйеніп, мәселені, тақырыпты толығымен қамтиды, сондай-ақ олардың белсенділігі артып, жылдам қозғалады.

2. Бөлмеге шешендік сөздер үзінділері мен тақырыптар ілінген қағаз және түрлі-түсті қаламдар бар бірқатар бекеттер қойылады (оқушыларды қалам түстеріне қарай топқа бөлу қажет, әр топқа әр түсті қалам беріледі, осылайша топтар қандай үлес қосқанын көруге болады).

3. Әр топ өз бекетінің жанына орналасады. Берілген тақырып пен сұрақтарды талқылап, өз идеяларын газетке немесе тақтаға жазу үшін топтарға 5 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан кейін топтар кабинеттегі жаңа бекеттерге көшеді, ол бекетте бұған дейін болған топтардың идеяларын негізге ала отырып, талқылауды жалғастырады. Барлық топтар бекеттердің барлығын өтіп, өзге топтардың түсініктемелерін қарастырып болғанша әр 5 минут сайын топтар бекеттерін ауыстырып отырады.

1- тапсырма: Талқылау сұрақтары

1.Сөз қадірін білген, біреудің айтайын деген ойын емеурінінен таныған, халықтың қазіргі ұрпағының сөйлеу дәрежесі қандай?

2.Шешен нені біліп, неден сақтануы керек?

2-тапсырма: «Пайымдау сұрақтары» әдісі

Шешендік өнер туралы не білесіз?

Шешендік өнердің тектері мен түрлері туралы не айтар едіңіз?

Шешен адам қандай болуы керек деп ойлайсыз?

«Шешендік сөз» дегенді өз сөзіңізбен қалай түсіндірер едіңіз?

3-тапсырма:

«ТЕДХ» әдісі бойынша берілген тақырыпың бірін таңдап сынып алдына шығып екі минут өз ойын айту.

1. Мұнай өндірісі - Қазақстан бюджетінің ең маңызды кіріс көзі болып табылады.

2. Айналымдағы ақша саны көбейген сайын, оның құны кемиді.

3. Қоғамды дамытудағы шағын бизнестің рөлі.

4.«Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес» - деген оймен келісесіз бе?

Кері байланыс: «Борт журналын» толтыр



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу