Шешендік сөздер және сөйлеу мәдениеті. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.


Сабақ жоспары №8

Күні:

Тақырыбы: Шешендік сөздер және сөйлеу мәдениеті

Мектеп:

Мұғалімнің аты:

Сынып:9 L1

Қатысушылар саны:

келмегендер:

Оқу мақсаттары

ӘТН2. Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану

 Сабақ мақсаттары

Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай қолданып айту

 Бағалау критерийлері

Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктерді сөйлеу мәнеріне сай қолданады.

 Тілдік мақсаттар

Шешендік арнау, толғау, шешендік дау, әуез, қарқын.

Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет

АКТ қолдану

Презентация, Ақтайлақ пен Қанай шешен https://www.youtube.com/watch?v=uGRXTY3ShJY

Осыдан бұрын алған білім

Алдыңғы сабақта «Шешендік сөз өнері»деген тақырыпта оқушылар түрлі тапсырмаларды орындады, әртүрлі мәтіндермен жұмыс жасап,өз көзқарастарын ортаға салды, бір-бірімен ой алмасты.

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Басы

Миға шабуыл

Суретті талдауға арналған жұмыс парағын толтыр.

1-қадам: Бақылау

Суретті 2 минут ішінде зертте. Суреттен алған жалпы әсерді сипатта, содан соң оның жеке элементтеріне назар аудар. Суретті жеке бөліктерге бөліп, не көргеніңді жаз.

адамдар

нысандар

іс-әрекеттер

2-қадам: Қорытынды

Өз бақылауыңның негізінде үш нәрсені көрсетіп, суреттен қорытынды шығарып жаз.

3-қадам: Сұрақтар

Берілген сурет бойынша қандай сұрақтар туындайды? 2 сұрақ жаз.

Мәтін , стикерлер, түрлі-түсті қарындаштар, интерактивті тақта

Ортасы

25

«Айналмалы бекеттер» әдісі

1- тапсырма: Талқылау сұрақтары

1.Сөз қадірін білген, біреудің айтайын деген ойын емеурінінен таныған, халықтың қазіргі ұрпағының сөйлеу дәрежесі қандай?

2.Шешен нені біліп, неден сақтануы керек?

2-тапсырма: «Пайымдау сұрақтары» әдісі

  • Шешендік өнер туралы не білесіз?
  • Шешендік өнердің тектері мен түрлері туралы не айтар едіңіз?
  • Шешен адам қандай болуы керек деп ойлайсыз?
  • «Шешендік сөз» дегенді өз сөзіңізбен қалай түсіндірер едіңіз?

1. Оқушылар берілген сұрақтарға сүйеніп, мәселені, тақырыпты толығымен қамтиды, сондай-ақ олардың белсенділігі артып, жылдам қозғалады.

2. Бөлмеге шешендік сөздер үзінділері мен тақырыптар ілінген қағаз және түрлі-түсті қаламдар бар бірқатар бекеттер қойылады (оқушыларды қалам түстеріне қарай топқа бөлу қажет, әр топқа әр түсті қалам беріледі, осылайша топтар қандай үлес қосқанын көруге болады).

3. Әр топ өз бекетінің жанына орналасады. Берілген тақырып пен сұрақтарды талқылап, өз идеяларын газетке немесе тақтаға жазу үшін топтарға 5 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан кейін топтар кабинеттегі жаңа бекеттерге көшеді, ол бекетте бұған дейін болған топтардың идеяларын негізге ала отырып, талқылауды жалғастырады. Барлық топтар бекеттердің барлығын өтіп, өзге топтардың түсініктемелерін қарастырып болғанша әр 5 минут сайын топтар бекеттерін ауыстырып отырады.

3-тапсырма:«ТЕДХ» әдісі бойынша берілген тақырыпың бірін таңдап сынып алдына шығып екі минут өз ойын айту.1. Мұнай өндірісі - Қазақстан бюджетінің ең маңызды кіріс көзі болып табылады.2. Айналымдағы ақша саны көбейген сайын, оның құны кемиді.3. Қоғамды дамытудағы шағын бизнестің рөлі.

4.«Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес» - деген оймен келісесіз бе?

Соңы

Топтық бағалау. Топтар бағалау критерийі арқылы бірін-бірі бағалайды.

Кері байланыс:

«Борт журналын» толтыр.

Тақырып бойынша бұрыннан не білемін?

Тақырып бойынша бүгін не білдім?

-мәтіннен;

-сабақтан;

-сыныптасымнан;

-мұғалімнен.

Қосымша ақпарат

Білгенге - маржан!

Шешендік сөз тарихы

Қазақ шешендік өнері жайындағы ғылымның тарихы да өнер тарихы секілді арыда жатыр. Бұл ретте: «Ұлттық шешендік өнер ғылымының тарихы, әлбетте, «Шығыстың Аристотелі» атанған отырарлық оқымысты Әбу Насыр Әл Фарабиден басталады.

Қазақ қоғамындағы шешендік өнердің, билердің рөлін пайымдау мақсатымен жазылған ХІХ ғасыр шеніндегі Ш.Уәлиханов еңбектерін атап өткен орынды. Ш.Уәлиханов «Сот реформасы жайындағы жазбалар» еңбегінде шешендік өнердің бүтіндей бір елдің билік жүйесін атқарып тұрған заңдық күші бар көшпелі елге мейілінше лайықталған қасиетті өнер екендігін айтады.

Ш.Құдайбердиев қазақтың шешендік билік өнерінің терең тарихи тамырын, өзіндік ішкі берік жүйесін ел аузындағы мақалға айналып кеткен заңдық бап -қағидалардан көрсетіп береді.

Мәселен:«Би екеу болса, дау төртеу болады», «Дау құтырса биін табар, ит құтырса иесін табар», «Тапқан қуанса да, таныған алады», «Кесімді малға өсім бар», «Өзі жығылған өкінбес», «Тұлпар түп иесін табады».

Ал жалпы шешендік өнер аясында туындаған сөздерді «шешендік сөздер» деп атап, оны әдебиеттің дербес, жеке жанры ретінде ғылыми тұрғыдан тану А.Байтұрсынов, М.Әуезов, С.Сейфуллин еңбектерімен тығыз байланысты. Олар алғаш рет шешендік сөздерді ғылыми зерттеудің көзі ретінде арнайы қарастырды. А.Байтұрсынов «Әдебиеттанытқыш» атты еңбегінің «Шешендік сөз» тарауында шешендік сөздерді бес түрлі ішкі жанрлық үлгілерге жіктеді: а) саясат шешен сөз, ә) билік шешен сөз, б)қошамет сөз, в)білімір шешен сөз, г) уағыз.

С.Сейфуллиннің ой-зердесі М.Әуезовтің ой -пікірлерімен астасып, шешендік сөздердің негізі ретінде дау -дамайда, талас -тартыста туған билер сөзі алынуы керектігін зерделеген ой әлемі жанрға «билер сөздері» деген термин атау ұсынғандығынан аңғарылады.

Шешендік сөздер туралы құнды пікір білдірген ғалымның бірі - С.Садырбаев. Зерттеуші «қазақтардың шешендік өнерін үшке бөлуге болады: а) салтанатты, екпінді сөздер, ә) нақтылы, қысқа түйінді сөздер, б) сыпайы, биязы сөздер», деп жіктеп, олардың мәтіндері мен түрлерін саралайды.

Жалпы қазақ халқы сөз өнерін жете ұғынған, оған өз өмірінде мейілінше мән берген, айрықша бағалаған. Сөз өнерін «дертке» бағалаған ел «тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады», оның уытты күшін «таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді» деп бағалай білген.

Дифференциалау – сіз қалай қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеттері жоғары оқушыларды қалай ынталандыруды жоспарлайсыз?

«Шешендік сөз - өнер падишасы» ( берілген тақырып негізінде шағын зерттеу жобасын жазу)

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Қорытынды жасау

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма?

Оқушылар бүгін не меңгерді?

Оқу атмосферасы қандай болды?

Мен жоспарлаған бөліну дұрыс болды ма?

Мен кестеге сәйкес жүрдім бе?

Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер жасадым және неге?

Төмендегі торкөзді өз сабағыңызға қорытынды жасау үшін қолданыңыз. Сіздің сабағыңыз туралы сол жақта орналасқан ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу