Стильдік ерекшеліктер. Қазақ тілі, 10 сынып, презентация. 5 сабақ.
Оқу мақсаттары
Ж3. Мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар әртүрлі ресурс көздерінен алынған қажетті ақпараттарды талдап, өзекті мәселені анықтап, өз көзқарасын танытады;
Әртүрлі стильді қолдана отырып, мәтіндерді өз ойымен байланыстырып жазады.
Бағалау критерийлері:
әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпаратты алып, басты мәселені анықтай алады;
көтерілген мәселелердегі автор көзқарасын таба алады;
мақаладағы басты мәселеге тұжырымдама пікір білдіреді;
стиль түрлерін ажырата алады;
тиісті құрылымды пайдалана отырып жазба жұмыстарында талдаулар мен дәлелдемелерді енгізе алады.
Сыныппен жұмыс.
1- тапсырма. «Егер.....Онда.......Өйткені» әдісімен іске асырылады.
Оқушылар (өз қалауларымен) үш-үштен топтарға бөлінеді. Әр үштік топқа тақырыпқа қатысты жағдаяттар беріледі. Олар 1-2 минут дайындалып жағдаятты талқылайды, өз ойларын «Егер.....Онда.......Өйткені» рөлдері бойынша дәптерлеріне бірінші оқушы «Егер....» - деп бастап, екінші оқушы «онда.....» - деп сол ойды жалғастырып, үшінші ойыншы «өйткені...» - деп ойды қорытындылайды.
Жағдаяттар
1. «Сіздердің ойыңызша, ХХІ ғасыр адамзаты неге ұмтылады?».
2. «Сізді еліңіздегі халық тұрмысына байланысты үнемі бір мәселелер мазалайды. Мәселенің шешімін тауып көріңіз».
3. «Қайырымдылық жасауға құмарсыз. Сіз басқалардан ерекше тұлғасыз. Жоқшылық тауқыметін көріп жүрген жандарға көмектесуге бір жаңалық қосыңыз».
4. «Әлем күнделікті өзгеруде. Бірақ тез дамыған әлемде де кедейлік мәселесі бар. Ол жағдайларға қарап өзіңізді еркін сезіне алмайсыз. Не істеуге болады?».
5. «Егер сіз халықты әлеуметтік қорғау министрі болсаңыз....нені өзгер
тер едіңіз?»
Бағалау. Әр үштік топты тыңдаған соң Жетістік критерийіне сәйкес бағалау жүзеге асады.
Жетістік критерийі:
өмірмен байланысты материалдарда көтерілген мәселелерді түсінеді;
ақпаратқа талдау жасай алады;
мәліметтерді жинақтап, өмірмен байланыстырып, пікірін әсерлі жеткізеді.
Ж3. Мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу
3-тапсырма. Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберге тұрып, стиль түрлерін қайталайды, ерекшелігін еске түсіреді.
Викториналық сұрақ:
Стильдің неше түрі бар?
Ғылыми стильдің ерекшеліктері?
Әдеби стильдің ерекшелігі?
Ауызекі стильдің ерекшелігі?
Публицистикалық стильдің ерекшелігі?
Өздерің оқыған мәтін қай стильге жатады, себебін түсіндіріңіз.
Қалыптастырушы бағалау
Жазылымалды тапсырмада тілдік стильдердің қолданылу аясы мен ерешеліктері жайлы толықтырулар мен тірек сөздерді беру.
Тірек сөздер: адамгершілік, ойлылық, адалдық, еңбекқорлық, шыншылдық, талап, еңбек, еріншектік, әділетсіздік, қанағатсыздық, үйсіз-күйсіздер әлемі, тәрбие, тағдыр, өмір қиындықтары, кедейлікті жою, мұқтаждық аясында қалған жандарға мақсатты көмек көрсету. Стиль түрлері, әңгіме, сюжет, баяндау, тілдік стильдердің қолданылу аясы мен ерешеліктері
Тапсырма
Үш тапсырманың бірін таңдап, жазылым жұмысын орындаңыз.
1. Германиядағы үйсіздердің бір бөлігін сандалыс жүріске бейім психологиялық ауруы бар адамдар құрайды. Сондай-ақ әртүрлі әлеуметтік бағдарламаларға қатысу арқылы қордаланған мәселеден шығуға тырысқан, бірақ сәтсіздікке ұшырап, үй- жайынан ажыраған жандар толықтырады. Әлемде үйсіз-күйсіз қалған, ауқаты төмен, еңбекке жарамсыз азаматтардың бұндай ғұмыр кешуіне кім кінәлі деп айтуға болады? Қоғам ба, әлде адамның өзі ме? Өз ойыңызды білдіріңіз.
2. Қоғам белсендісі ретінде елімізде өткізілгелі отырған «Кедейшілікті жою жолындағы күрес!» атты форумға орай республикалық басылымға кедейшіліктің белгілері, ерекшеліктері, кедейшіліктің алдын алу туралы ашық хат жазыңыз.
3. Бір күні кедей адамның әйелі үйіне бір жұмыртқа алып келеді. Жұмыртқаны көрген кедей ... деп бастап әңгіме жазыңыз.
Мәтін көлемі 150- 200 сөз болуы қажет.
Бағалау
Қызыл стикер алғандар: Мәтін қандай стильде жазылған? Неліктен ..... стильде жазылған?
Сары стикер: Мәтін қандай стильде жазылған? Мәтіннің негізгі түйіні неде? Осы стильге негіз болған сөйлемдерді табу.
Жасыл стикер: Мәтін қандай стильде жазылған? Мәтіннің ішкі бөлшектері қандай?
Тоқсары стикер: Мәтін қандай стильде жазылған? Мәтіннің теориялық және тәжірибелік бөлімдері бар ма? Олардың қалай байланысып тұрғанын анықта
Топта ЖК жазылған парақшалар арқылы бағаланады. Сонан соң өзін- өзі бағалайды.
Бүгінгі сабақты Блум бойынша талдау:
Кім? Не?
Қайда?
Қашан?
Неліктен?
Қалай?
Қаншалықты?
Рефлексия
Үйге тапсырма: Филология ғылымының докторлары С.Б.Даутова, Б.Р.Оспановалардың «Байлық–кедейлік» концептісінің әлемнің тілдік көркем бейнесін берудегі ұлттық ерекшелігі» атты ғылыми жұмысының аннотациясын оқып танысып келу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?