Стильдік ерекшеліктер. Қазақ тілі, 10 сынып, презентация. 7-8 сабақ.
Мына сөздерден жаңа сөздер жасаңыздар: гүл, ай, бас, екі, тұз және олармен сөйлем құраңыздар.
Төмендегі тақырыптар бойынша постер қорғаңыздар:
1 – топ: Сөзжасам
2 – топ: Сөз құрамы
3 – топ: Сөз тұлғасы
4 – топ: Сөздің түрлері
Жұпта төмендегі тапсырмаларды орындаңыздар:
• «Қазіргі қоғамда сәулет насихаттау маңызды ма?» тақырыбына қатысты газет-журналдарда кездескен жағымсыз ақпаратты жағымды ақпаратқа айналдыру;
• дәйексөздерді табу, қолданысын анықтау;
• сілтеме жасау;
• көтерілген мәселеге өз көзқарасын дәлелдеп айту;
• өз ойын нақты мысалдармен айғақтау т.б.
«Қазіргі қоғамда сәулет өнерін насихаттау маңызды ма? Неліктен маңызды/ маңызды емес?» тақырыбына өз ойыңды дәлелдеп эссе жазыңыз.
Эссе жазу барысында төмендегі клишелерді қолдану керек:
• Автор өз көзқарасын былай… .
• Мен мынаған көңіл бөлуге тырысамын …
• Айтылған мәселе ....жағдайда өзекті, дегенмен әлі де шешімін тапқан жоқ.
Үш түсіндірме беріңіз:
1. Не себепті ... екендігін түсіндіріңіз.
2. Сіз неге ... деп ойлайсыз?
3. Сіз неге ... деп есептейсіз?
Үлгі : Не себепті сәулет өнеріне қызығушылық жылдан –жалға артуда?
Оқушылар бір-бірінің жұмысын оқып, бағалайды. Бағалау критеийлері:
• клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданады;
• көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады;
• сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтайды;
Рефлексиялық саты
Менің бүгінгі сабақ бойынша білім деңгейім қай сатыда?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?