Қазіргі қоғам әлеуметтік теңсіздік. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
.
Қысқа мерзімді жоспар
6- тарау. Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік | Мектеп: | |||||
Уақыты: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сыныбы: 10L1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Тақырып: | 6- тарау. Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік | |||||
Белгілі бір оқыту мақсаты; Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі | 10.Т/А1. Мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыр | |||||
Сабақ мақсаты: | Мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды анықтап талдайды және айтылымда қолданады | |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік міндеттер | Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: Мен мынадай дәлелдер келтіремін... Оның себебін... деп түсіндіремін. Біздің пікірімізше.... Олай ойлауға ..... себептер бар. Бұл сабақта оқушылар сын тұрғысынан ойлау арқылы өзіндік пікірін білдіреді және дәлелдемелер келтіреді. Негізгі тақырып бойынша лексикалық минимум: Тарих. Мәдениет. Жаһандық әлем. Қоғам. Жаңалық.Құндылық.Неге? Қалай? Қашан? сұрақтарын пайдалану арқылы айтылым алды дайындық сөйлесуін жүргізеді. Мен осы көзқараспен келісемін/келіспеймін. Өйткені ... | |||||
Құндылықтарды дарыту
|
| |||||
Пәнаралық байланыс: | Қазіргі әлемдегі Қазақстан, экономика пәндерімен байланысады. | |||||
АКТ-ны қолдану дағдылары: | Презентация, бейнебаян | |||||
АКТ –ны қолдану дағдылары | Интерактивті тақтадан бейнебаян көру арқылы тыңдалым дағдысы жетілдіріледі, назарын шоғырландырып дағдыланады | |||||
Алдыңғы білім | Алдыңғы бөлімдер бойынша білгендерін бір-бірімен сөйлескенде пайдаланады. | |||||
Жоспар | ||||||
Уақытты жоспарлау | Іс-әрекет | Дереккөздері | ||||
Сабақтың басы 8 минут | Ой шақыру. Жеке адамның, отбасының немесе әлеуметтік топтың қажетті игіліктер құнын өзі төлей алмайтын экономикалық жағдайы, яғни өзінің өмірлік қажеттерін қамтамасыз етуге жағдайының жетіспеуі немесе негізгі тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыру мүмкіндіктерінің жоқтығыне деп аталады? (кедейлік) Мұғалім: Кедейлікке қатысты қандай шығарма білеміз? Қане, еске түсіріп көрейікші. Бұл сұрақтар қазақ тілін қазақ әдебиетіменен, орыс әдебиетімен байланыстырады.
Енді бүгінгі жаңа бөлімге болжау жасап көрейік, қандай бөлімді бастағалы тұрмыз? Оқушылар «кедейшілік» екенін бірден табады, бірақ тақырыпқа жақындағанша, мұғалім сұрақпен жетелеп жеткізуі қажет. Сонымен балалар тақырыпты табады, соның ішіндегі «Еуропа мен Қазақстандағы» кедейлікке арнайы тоқталатын боламыз деп,мұғалім сабақтың негізгі бөліміне өтеді. | оқулық | ||||
Сабақтың ортасы 12 минут Оқылым 15 минут | Жұптық жұмыс. Тыңдалым бойынша жауап беру.Бұл тапсырма оқушылардың нақты, дәлелді сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін маңызды.
Менің ойымша, ......... Менің пайымдауымша, ........... Егер өз сөзімді қорытындыласам, ............. Бағалау критерийі: Оқушылар бір-бірін осы критерийлер арқылы бағалайды. Сұраққа жауап беру барысында оқушылар құқ, экономика, тарих пәндерінен алған білімдерін пайдаланса болады. Бәрінің пікірін мұғалім есепке алып отырады.
Жеке жұмыс.Оқылым.Жан-жақты түсініп оқиды. «Бай мен кедей арасындағы айырмашылық күннен-күнге ұлғаюда». «Жорға сұрақ».Кейбір оқушылар берілген мәтінді атүсті оқиды. Соны тез арада анықтау үшін «Жорға сұрақ» әдісін жиі пайдаланамын. Сұрақтар арнайы параққа дайындалып, оқушылар 2 минутта жауап береді, жауабын бірге талдаймыз. Көңіл қойып тиянақты оқыған оқушы жақсы нәтиже көрсетеді.
5-6-«жетті», 3-4-«талпынады», 0-2-«бағаланған жоқ». Автор осы жолдар арқылы не айтқысы келді? «Бұл өз кезегінде кірістің өсіп, шығыстың азаюына алып келеді. Қаржыға қатысты ең басты түйіткіл осында»,-деген жолдардың мағынасын экономика пәнімен салыстыра отырып кім ашып береді? Ықтимал жауап: Қазіргі уақытта миллиардерлердің қаржысы дүниежүзіндегі байлықтың 48 пайызын құраса, ал келесі жылы бұл көрсеткіш 50 пайыздан асып кетуі мүмкін. Яғни, бұл жағдай алдағы уақытта кедей адамдардың қаржы жинап, аяққа тік тұруына айтарлықтай кедергі келтіреді деген сөз. Бірақ біз байлар мен кедейлер арасындағы теңсіздік кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Әлемдегі ауқатты адамдар мен корпорацияларға біртіндеп салық мөлшерін көтеру керек. Олар өз дәулеттеріне сай салық төлеуі тиіс. Зерттеу барысында жер бетіндегі 1 миллиардтан астам адам күніне орта есеппен небары 1,25 долларға ғана өмір сүріп отырғаны анықталды. | https://www.youtube.com/watch?v=pYPzuc2KGv8 слайд | ||||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс Смайликтер арқылы сабақты бағалау: Үйге тапсырма:http://alashainasy.kz/economica/alemde-baylar-men-kedeylerdn-arasyi-jer-men-koktey-63445/сілтемесін қарау, оқу, түсіну, іздену | |||||
Қосымша ақпарат: | ||||||
Дифференциация. Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау -Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қазақ әдебиеті, биология АКТ-мен байланыс. Презентация, бейнебаян ұсыныладыҚұндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||
Рефлексия |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?