Қазіргі қоғам әлеуметтік теңсіздік. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6- тарау. Қазіргі қоғам әлеуметтік теңсіздік | Мектеп: Пән: қазақ тілі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты- жөні: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Келмегендер: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Қазіргі қоғам әлеуметтік теңсіздік | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10. О4. Әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиеті, ауызекі сөйлеу) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты: | Көпшілікке арналған дәрістің құрылымы мен рәсімделуін анықтайды, жанрлық ерекшеліктерін талдайды | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік міндеттер | Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер: Мен мынадай дәлелдер келтіремін... Оның себебін... деп түсіндіремін. Біздің пікірімізше.... Олай ойлауға ..... себептер бар. Бұл сабақта оқушылар сын тұрғысынан ойлау арқылы өзіндік пікірін білдіреді және дәлелдемелер келтіреді. Негізгі тақырып бойынша лексикалық минимум: Неге? Қалай? Қашан? сұрақтарын пайдалану арқылы айтылым алды дайындық сөйлесуін жүргізеді. Мен осы көзқараспен келісемін/келіспеймін. Өйткені ... | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Мәтін мәнмәтінінде географиямен, елтанумен, жаһанмен байланысты танымдық ақпараттар беріледі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ –ны қолдану дағдылары | Интерактивті тақтадан бейнебаян көру арқылы тыңдалым дағдысы жетілдіріледі, назарын шоғырландырып дағдыланады | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Оқушылар тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстырып біршама мәліметтерді біледі және пайдаланады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабақта жоспарланған жұмыс түрлері | Ресурс тар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 10 мин | Қызығушылықты ояту Оқушылар жұпта дәптерлерімен алмасады да, бір- бірлерімен өз қаласында соңғы сәтте болып жатқан бір хабарды және оны ғаламдық мәселелермен байланыстыра отырып жеткізетіндей етіп блогқа жазатын пікірлерін оқиды, бір- біріне кері байланыс береді Бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек» Болжау, сабақ тақырыбын, оқу мақсатын айқындау. Кері байланыс. Бұрынғы білетін білімдерін еске түсіру және алдағы жұмыстарды жоспарлау 1- 4 ке дейін санау арқылы топқа бөліну | Оқушы дәптері Кестелер | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 15 мин 15 мин 10 мин 10 мин 10 мин | Мағынаны тану. 1-тапсырма. Топтық жұмыс. Топтарға төрт түрлі мәтін ұсынылып, төмендегідей нұсқау беріледі: 1. Мәтінді түсініп оқыңдар. 2. Мәтінді құрылымы мен рәсімделуі бойынша №1 кестеге сәйкес талдаңдар.
Әрбір топ өз мәтіндерін сынып алдында талдайды Қалыптастырушы бағалау: сынып бағалауы –берілген критерий бойынша бағалау жүргізеді Кері байланыс: Топ мүшелері тыңдарманға қызықты жеткізу сарыны мен интонациясын өзгерту бойынша нұсқауларын береді.
2- тапсырма. №2 кесте. Сұрақтар бөлігін толтырып, өзіңнің қалауың бойынша тапсырмалардың біреуін орында Оқушылар транскрипті қолданып, мәтіндегі тіл ерекшеліктерін анықтап, айқындайды және пікірлерін айтады. Олар төмендегіге көңіл аударады:
Бағалау: «Үштік кеңес»: оқушының жұмысын үш оқушы оқып, пікірлерін жазғаннан кейін, оқушы өзін-өзі бағалайды (топтық және өздік бағалау) 3- тапсырма. Жеке жұмыс. Оқушылар жаңалықтағы өздері маңызды деп санайтын басқа екі тілдік ерекшелікті таңдап алады және жазбаша «Транскрипте қолданылған тіл, өз аудиториясы мен мақсатына қалай сәйкес болады?» деген сұраққа жауап жазып, сыныппен бөлісуді жалғастырады. Б. «Өзара бағалау» Оқушылар бірін – бірі арнайы бағалау парағына бағалайды. Бағалау критерийлері:
Кері байланыс. Жұпта оқушылар мәтіндердің стиліне байланысты төмендегі мәселелерді қарастырады:
| Оқылым таратпа материалдары | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 10 мин | Рефлексия. Блоб ағашы суретінен өзін тауып белгілейді. Түсіндіреді. Болашақта мақсатқа жетудің жоспарын анықтайды. ҚАНШАЛЫҚТЫ мәтінге талдау жасай алдым? Кері байланыс Үйге тапсырма: Берілген мәтіндер бойынша өзінің сыни ойын жазып келу | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – қалай жүзеге асырылды. Көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Мақал- мәтелдерді қолдандыруға көбірек көңіл бөлу. Селқостық танытатын оқушыларға көшбасшылық қызмет жүктеу. Қабілетті оқушыларыңызға қандай жоспар құрған болар едіңіз? Қабілетті оқушыларға зерттеу, жинақтау тапсырмаларын беруге баса назар аудару | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау критерийлері мен дескрипторлар бойынша топ топты бағалау
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау; Жайлы атмосфера қалыптастыру | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары Оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсаттарына жетті ме? Егер оқу мақсаттарына жетпесе, неге? Сабақта дифференциация дұрыс жүзеге асты ма? Сабақ кезеңдері уақытқа сәйкес келді ме? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуғажәнеүйренугеқатысты Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту мен оқуға қатысты ойланыңыз) 1: 2: Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқыту мен оқуға қатысты ойланыңыз) 1: 2: Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім? |
Қазақстан халқының жартысы кедей
Токио қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымы даму бағдарламасының кедейлікке арналған жылдық баяндамасының тұсаукесері болып өтті. Баяндамада айтылуынша, әлемнің 2 миллиард 200 миллион тұрғыны кедейліктің құрсауынан шыға алмай келеді. Бұл – бүкіл адамзаттың 14 пайызы деген сөз.
БҰҰ-ның тұжырымына сәйкес күніне 1 АҚШ долларына күн көретін адам кедей саналады, ал 1 доллардан аз ақшаға күнелтетін адам – пақыр кедей немесе қайыршы деп танылады.
Ал Қазақстанда қанша кедей адам бар? Бұл мәселеде билік пен тәуелсіз экономистердің есебінің арасында аспан мен жердей айырмашылық бар. Еңбек министрлігі мен Статистика агенттігінің есебіне қарағанда, мемлекеттен кедей адам ретінде көмек алатын адамдар саны 100 мыңға да жетпейді. Жалпы қазақ үкіметі кімді кедей деп есептейді? Қазақстанда билік сізді кедей деп есептеуі үшін кіріс адам басына шаққанда айына орташа 8 мың теңгеден аспауы керек. Бұл – ең аз жалақының 40 пайызы. Төрт адамнан тұратын отбасына айына 50 мың теңгеден артық табыс кірсе, ол отбасыны мемлекет байлар тобына жатқызбаса да, кедейлер қатарына қоспайды. Ресми билік кедейлік шегін барынша төмендете отырып, елдің тартымды имиджін қалыптастырмақ болады.
Елдегі кедейлік жайлы тәуелсіз сарапшылар не дейді? Белгілі экономист Қанат Берентаевтың пікірінше, Қазақстан халқының жартысын кедейлер табы құрайды. Ал, басқа бір зерттеулерге қарағанда, байлар – 12 пайызды, орташалар – 20 пайызды, ал кедейдер – 68 пайызды құрайды. Қазақстанда сол байлар мен кедейлер арасындағы айырма да өте үлкен: тәуелсіз сарапшылыр бұл көрсеткіш 30 есені құрайтынын айтады, ал, Еуропада бұл көрсеткіш 5-7 есе аралығында.
Қазақ билігі елімізге көрші Өзбекстаннан келіп жұмыс істеп жатқан еңбек мигранттарына меңзей отырып, «қазақтар жалқау, басқа елден адамдар келіп, өз нәпақасын тауып жатқанда, отандастардың жұмыс жоқ деп отырғаны орынсыз» деген ойды алға тартады.
Бірқатар қоғам қайраткерлері елдегі кедейліктің басты бір себебі – жемқорлық деген пікірде. Елдің Бас прокурорының дерегіне қарағанда, өткен он жыл ішінде Қазақстаннан шет елге 140 миллиард доллардан астам қаржы шығып кеткен. Бұл, әрине, - өте үлкен қаржы. Бірақ, қазақстандықтар бұл байлық халықтың байлығы емес, билік пен сол ел ағаларымен біте қайнасқан олигархтардың басыбайлы меншігі екенін түсініп келеді. Азаматтық қоғамы әлжуаз, демократиялық институттары дәрменсіз, бақылаусыз билігі білгенін істейтін елде кедейлік мәселесінің шешілуі оңай емес. Мұндайда қара халықтың «Билікке – ынсап, ал бізге – төзім берсін» дегеннен басқа шарасы жоқ.
Сейіт ИМАТОВ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?