Стиль. Публицистикалық шығарма тілінің стильдік ерекшеліктері. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

САБАҚ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік. Тілдік жүйе және стиль

Сабақтың тақырыбы

Стиль. Публицистикалық шығарма тілінің стильдік ерекшеліктері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпаратты іріктей отырып, түртіп жазу (конспектілеу)

10.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу.

Сабақтың мақсаттары

Әлеуметтік теңсіздік пен әлеуметтік көмек туралы түсінік беру. Тілдік жүйе және стиль бойынша публицистикалық шығарма тілінің стильдік ерекшеліктері туралы білім беру, түсіндіру, талдату.

Бағалау критерийлері

Тыңдалым бойынша:

Бейнероликті көріп, тыңдап, публицистикалық стильге тән белгілерін дәптерге түртіп жаза алады.

Тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпаратты іріктей отырып, түртіп жаза алады.

Оқылым бойынша.

Публицистикалық стильде жазылған шығарманың ерекшеліктерін түсінеді.

Берілген туындыдан ерекшеліктерін тауып, дәлелдей алады.

Тілдік мақсаттар

Публицистикалық шығарма стиліне тән стильдік ерекшеліктегі сөздермен танысады.

 Пәнаралық байланыс

Тарих пәні

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылығын ояту.

Т. С.

Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік.

  • «Бүгіннен бастап республика бойынша атаулы әлеуметтік көмек алуға құжат қабылдана бастады» деген тақырыптағы бейнероликті көреді.
  • Қазақстандағы әлеуметтік көмекке мұқтаждық әлеуметтік теңсіздікпен байланысы бар ма? – деген сұрақты талқылайды.

https://www.youtube.com/watch?v=Mnyu7fxkgLA

Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

15 минут

5 минут

Мағынаны тану сатысы

Ж.

Оқылымалды тапсырма:

Стиль. Бейнероликті қай стиль түріне жатқызар едіңіз?

(оқушылар стиль түрін тауып, дәлелдейді).

С.

Публицистикалық стильдің стильдік ерекшеліктерін талдау, пысықтау.

Тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпаратты іріктей отырып, түртіп жазу (конспектілеу).

Бейнероликті тағы тыңдайды. Публицистикалық стильге тән белгілерін дәптерге түртіп жазып алады.

Ауызша дәлелдейді.

Публицистикалық стильде жазылған шығарма:- Қоғамдық өмірмен тығыз байланысты болады.- Жұртшылықты көптен хабардар етеді.- Өте жинақы, тұжырымды болып құралады.- Шешендік сөзді көп қолданады.

Оқылым

Публицистикалық шығарма тілінің стильдік ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында Б.Бұлқышевтің «Шығыс ұлына хат» публицистикалық туындысын оқиды.

 «Шығыс ұлына хат» ел басына күн туғанда ер намысын жоғары ұстап ерлікке шақырған, халақ рухын биікке көтерген, қызуы мол публицистикалық туынды. Жауынгердің Отанға деген зор сүйіспеншілігін, елдің нұрлы келешегін қорғаудағы ерен ерлігін автор тарихи философиялық тұрғыда былай тұжырымдайды: «Біз ерліктің екі бірдей мектебінен тәлім алдық. Біз Шығыстың Қобыланды, Тарғын сияқты батырларынан ерлікті бір үйренсек, орыс халқының батырлары Суворов, Кутузовтардан екінші үйрендік. Біз Исатай мен Махамбеттің, Абай мен Амангелдінің балаларымыз. Біздің қылышымыз фашистік немістің қанымен суарылуы керек. Серт осы болсын!».

 Өмірдің әрбір сәтін қатты бағалап, шексіз сүйген Баубек кейіпкері адам бойындағы гуманистік сезімдерді дамыта отырып, ғажайып ерліктердің тууына жол ашады: «Отан бізге қолымызға қару, бойымызға қуат беріп, өзінің сұлу шығысыңды, қонақжай халқыңды қорға деді. Ойлашы, Шығыс ұлы, біз ел сенген ерміз, қалайша туған жерді қолдан береміз? Сен еркіндіктің туын көтерген азат елде өстің. Ортаң бүлінбесін, сүйген сұлуың күң болып зарламасын десең, өлтір жауды, өлтір фашисті! Шығыс ұлы, сенің ауыр минутта өлсем артымда балам бар, атым өшпейді деп мақтанғаның әлі есімде. Екі жастағы кішкене бөбегің саған өлімнің алдында әл, қуат болып еді. Ендеше, сол балаң келешекті болсын десең өлтір жауды, өлтір фашисті!»

 Оқылымнан кейінгі тапсырма

 Публицистикалық стильде жазылған шығарманың ерекшеліктеріне қарай мәтіннен дәлелдер келтіріп, талдайды.

http://ebooks.semgu.kz/content.php?cont=d;681

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс: «Бағдаршам»

Жасыл түс – сабақты жақсы түсіндім, оқу мақсатын орындай алдым.

Сары түс – түсінбей қалған жерім бар, орташа түсіндім.

Қызыл түс – ештеңе түсінген жоқпын, маған көмек керек.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу