Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік. Тілдік жүйе және стиль. Қазақ тілі, 10 сынып, дидактикалық материал.
Суреттерге қарап ой бөлісу /Суреттерге қарап сөйлейік!/ ой бөліседі.
Топта талқылаңыз.
Сұрақ
Әлеуметтік-тұрмыстық қатынаста тілдесу дегеніміз не?
/Оқушылардан сұралады/
Әр адамның әдептілігі оның сөзінен, көзінен, өзінен байқалады. Яғни иман жүзді, әдепті адам күндей күлімдеп, жарық дүниедей жадырап сөйлейді, сөзі арқылы да тыңдаушының есту сезімін сүйсіндіріп көңіліне нәр шашады, әдемі әсер беріп, әңгімеге тартады.
Әдепті сөздер – ақылдан шыққан аялы сөздер. Әдепке үйреніп, әдепті сөздерді айтуға жаттыққан адам мәдениетті де әдепті адам. Жас ұрпақты осы бағытта тәрбиелеу – қасиетті борышымыз.
Әлеуметтік-тұрмыстық қатынаста тілдесу дегеніміз ұлттық әдет-ғұрыптарға, өмірде кезесетін әрбір жағдаяттарға байланысты қалыптасқан сөз орамдарын тиімді қолдана білу. Адамдармен қатынасты табу үшін осыны білу қажет:
Т. Тыңдалымалды тапсырма
Берілген сұраққа топта ақылдасып жауап беріңіздер.
- Байлық пен кедейлік және оның белгілері қандай?
Тыңдалым тапсырмасы /Мұғалім Абай Құнанбаевтың «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» өлеңін оқиды./
- Ж. Берілген кестені өлеңді тыңдай отырып толтырыңыз.
- Жұпта және топта дәптерлеріңізді алмастырып оқып, танысыңыз
Байлықтың белгілері | Кедейліктің белгілері |
/Мұғалім оқушыларға тыңдалым мәтінін оқиды/
Қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай
Қараша, желтоқсан мен сол бір - екі айҚыстың басы, бірі ерте, біреуі жәй.Ерте барсам, жерімді жеп қоям деп,Ықтырмамен күзеуде отырар бай.Кедейдің өзі жүрер малы бағып,Отыруға отын жоқ үзбей жағып.Тоңған иін жылытып, тонын илеп,Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып.Жас балаға от та жоқ тұрған маздап,
Талтайып қақтана алмай, өле жаздап,Кемпір - шалы бар болса, қандай қиын,Бір жағынан қысқанда о да азнап.Кәрі қой ептеп сойған байдың үй,Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі?Қара қидан орта қап ұрыспай берсе,О да – қылған кедейге үлкен сыйы.Қар жауса да, таңбайды бай баласы,Үй жылы, киіз тұтқан айналасы.Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,Ағып жүріп ойнатар көздің жасы.Бай үйіне кіре алмас тура ұмтылып,Бала шықса асынан үзіп - жұлып,Ық жағынан сол үйдің ұзап кетпес,Үйген жүктің күн жағын орын қылып.Әкесі мен шешесі баланы аңдыр,О да өзіңдей ит болсын, азғыр, азғыр.Асын жөндеп іше алмай қысылады,Құрбысынан ұялып өңшең жалбыр.Жалшы үйіне жаны ашып, ас бермес бай,Артық қайыр артықша қызметке орай.Байда мейір, жалшыдан бейіл де жоқ,Аңдыстырған екеуін, құдайым - ай!Алса да аяншақтау кедей сорлы,Еңбек білмес байдың да жоқ қой орны.Жас бала, кемпір - шалын тентіретпей,Бір қыс сақта, тас болма сен де о құрлы.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
4 сөйлем әдісі
- Пікір. Тыңдалған немесе оқылған материал бойынша өзіндік пікіріңді бір сөйлеммен жазыңыз.
- Дәлел. Пікіріңді бір сөйлеммен дәлелдеңіз.
- Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз.
- Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыз.
Дескриптор бойынша өзін-өзі бағалау
Оқушыларға дескриптор парақшасы таратылады. Оқушылармен бірігіп жасаған критериий бойынша бағалайды.
(Мұғалім бағалау парақшасын сынып ерекшелігіне қарай өзгертеді).
Дескриптор | |
Сурет бойынша өз пікірін білдірді | |
Берілген сұрақтарға жауап берді | |
Өлеңді тыңдай отырып кестені толтырды | |
Топтағы оқушылардың кестесін оқыды |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?