Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік. Тілдік жүйе және стиль. Қазақ тілі, 10 сынып, презентация.


Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік. Тілдік жүйе және стиль

Оқу мақсаты

10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру

Бағалау критерийі

Мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастырады.

Стильдік, тілдік ерекшеліктерін біледі.

Суреттерге қарап сөйлейік!

Т.Сұрақ

Әлеуметтік-тұрмыстық қатынаста тілдесу дегеніміз не?

Әр адамның әдептілігі оның сөзінен, көзінен, өзінен байқалады. Яғни иман жүзді, әдепті адам күндей күлімдеп, жарық дүниедей жадырап сөйлейді, сөзі арқылы да тыңдаушының есту сезімін сүйсіндіріп көңіліне нәр шашады, әдемі әсер беріп, әңгімеге тартады.

Әдепті сөздер – ақылдан шыққан аялы сөздер. Әдепке үйреніп, әдепті сөздерді айтуға жаттыққан адам мәдениетті де әдепті адам. Жас ұрпақты осы бағытта тәрбиелеу – қасиетті борышымыз.

Әлеуметтік-тұрмыстық қатынаста тілдесу дегеніміз ұлттық әдет-ғұрыптарға, өмірде кезесетін әрбір жағдаяттарға байланысты қалыптасқан сөз орамдарын тиімді қолдана білу.

Т. Тыңдалымалды тапсырма

Берілген сұраққа топта ақылдасып жауап беріңіздер.

Байлық пен кедейлік және оның белгілері қандай?

Тыңдалым тапсырмасы

Ж. Берілген кестені өлеңді тыңдай отырып толтырыңыз.

Жұпта және топта дәптерлеріңізді алмастырып оқып, танысыңыз

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

4 сөйлем әдісі

Пікір. Тыңдалған немесе оқылған материал бойынша өзіндік пікіріңді бір сөйлеммен жазыңыз.

Дәлел. Пікіріңді бір сөйлеммен дәлелдеңіз.

Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз.

Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыз.

Кері байланыс

Сабақта не қызық болды?

Сабақта не пайдалы болды?

Сабақта не қиын болды?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу