Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік. Тілдік жүйе және стиль. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: № 1-сабақ

Мектеп: НЗМ Астана қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Уиткыбаева Н.Б

Сынып: (Т1)

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік. Тілдік жүйе және стиль

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.1.1.1 мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру

 Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Стильдік, тілдік ерекшелігін толық талдайды.

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:

Стильдік, тілдік ерекшелігін сақтап мәтін жазады.

 Бағалау критерийі

  • Мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастырады.
  • Стильдік, тілдік ерекшеліктерін біледі.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қорлар мен терминдер:

Пәнаралық байланыс

тарих

Сабақта қамтылатын құндылықтар

ұлтжандылық, елжандылық тәрбие, ынтымақтастық, бір-біріне құрмет көрсетеді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Интерактивті тақтамен жұмыс

Алдыңғы оқу

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз

дер

Сабақтың басы

5 минут

Сабақтың ортасы

6 минут

20 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылықты ояту. Миға шабуыл

Суреттерге қарап ой бөлісу /Суреттерге қарап сөйлейік!/ ой бөліседі.

Мұғалім сабақ мақсаты мен бағалау критерийін таныстырады.

Мағынаны тану кезеңі

Топта талқылаңыз.

Т.Сұрақ

Әлеуметтік-тұрмыстық қатынаста тілдесу дегеніміз не?

/Оқушылардан сұралады/

Әр адамның әдептілігі оның сөзінен, көзінен, өзінен байқалады. Яғни иман жүзді, әдепті адам күндей күлімдеп, жарық дүниедей жадырап сөйлейді, сөзі арқылы да тыңдаушының есту сезімін сүйсіндіріп көңіліне нәр шашады, әдемі әсер беріп, әңгімеге тартады.

Әдепті сөздер – ақылдан шыққан аялы сөздер. Әдепке үйреніп, әдепті сөздерді айтуға жаттыққан адам мәдениетті де әдепті адам. Жас ұрпақты осы бағытта тәрбиелеу – қасиетті борышымыз.

Әлеуметтік-тұрмыстық қатынаста тілдесу дегеніміз ұлттық әдет-ғұрыптарға, өмірде кезесетін әрбір жағдаяттарға байланысты қалыптасқан сөз орамдарын тиімді қолдана білу.

Т. Тыңдалымалды тапсырма

Берілген сұраққа топта ақылдасып жауап беріңіздер.

  • Байлық пен кедейлік және оның белгілері қандай?

Тыңдалым тапсырмасы

/Мұғалім Абай Құнанбаевтың «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» өлеңін оқиды./

  • Ж. Берілген кестені өлеңді тыңдай отырып толтырыңыз.
  • Жұпта және топта дәптерлеріңізді алмастырып оқып, танысыңыз

Байлықтың белгілері

Кедейліктің белгілері

Қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай

Қараша, желтоқсан мен сол бір - екі айҚыстың басы, бірі ерте, біреуі жәй.Ерте барсам, жерімді жеп қоям деп,Ықтырмамен күзеуде отырар бай.Кедейдің өзі жүрер малы бағып,Отыруға отын жоқ үзбей жағып.Тоңған иін жылытып, тонын илеп,Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып.Жас балаға от та жоқ тұрған маздап,

Талтайып қақтана алмай, өле жаздап,Кемпір - шалы бар болса, қандай қиын,Бір жағынан қысқанда о да азнап.Кәрі қой ептеп сойған байдың үй,Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі?Қара қидан орта қап ұрыспай берсе,О да – қылған кедейге үлкен сыйы.Қар жауса да, таңбайды бай баласы,Үй жылы, киіз тұтқан айналасы.Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,Ағып жүріп ойнатар көздің жасы.Бай үйіне кіре алмас тура ұмтылып,Бала шықса асынан үзіп - жұлып,Ық жағынан сол үйдің ұзап кетпес,Үйген жүктің күн жағын орын қылып.Әкесі мен шешесі баланы аңдыр,О да өзіңдей ит болсын, азғыр, азғыр.Асын жөндеп іше алмай қысылады,Құрбысынан ұялып өңшең жалбыр.Жалшы үйіне жаны ашып, ас бермес бай,Артық қайыр артықша қызметке орай.Байда мейір, жалшыдан бейіл де жоқ,Аңдыстырған екеуін, құдайым - ай!Алса да аяншақтау кедей сорлы,Еңбек білмес байдың да жоқ қой орны.Жас бала, кемпір - шалын тентіретпей,Бір қыс сақта, тас болма сен де о құрлы.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

4 сөйлем әдісі

  • Пікір. Тыңдалған немесе оқылған материал бойынша өзіндік пікіріңді бір сөйлеммен жазыңыз.
  • Дәлел. Пікіріңді бір сөйлеммен дәлелдеңіз.
  • Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз.
  • Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыз.

Дескриптор бойынша өзін-өзі бағалау

Оқушыларға дескриптор парақшасы таратылады. Оқушылармен бірігіп жасаған критериий бойынша бағалайды.

(Мұғалім бағалау парақшасын сынып ерекшелігіне қарай өзгертеді).

Дескриптор

Сурет бойынша өз пікірін білдірді

Берілген сұрақтарға жауап берді

Өлеңді тыңдай отырып кестені толтырды

Топтағы оқушылардың кестесін оқыды

4 сөйлеммен қорытындылады

https://www.google.com/search?q

http://bilimdiler.kz/oyin_sayk/olender/178-karasha-zheltoksan-men-sol-bir-eki-ay.html

Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс

Сабақта не қызық болды?

Сабақта не пайдалы болды?

Сабақта не қиын болды?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Сұрақтардың қарапайымнан күрделіге қарай құрылуы, оқушылардың жауабының да әр түрлі болуын қамтамасыз етеді.

Оқушылардың өлең талдауы бойынша құндылықтарды анықтағандарынан аңғарамын.

Оқушылардың Елжандылық, Туған жерге деген құрметін қалыптастырады, өзіне деген жауапкершілікті арттырады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу