Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы сөздер. Публицистикалық шығарма тілінің стильдік ерекшеліктері. Қазақ тілі, 10 сынып, қосымша материал. 8 сабақ. 1 нұсқа.


Оқылым алдындағы тапсырма.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

Бай деп кімдерді айтамыз?

Кедей деп кімдерді айтамыз?

Оқылым тапсырмасы.

1-тапсырма. Төмендегі мәтін үзінділерін оқы.

1-мәтін

Өткен жылы Токио қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымы  даму бағдарламасының кедейлікке арналған жылдық баяндамасы оқылған болатын. Аталмыш баяндама бойынша әлемнің  2 миллиард 200 миллион тұрғыны кедейліктің құрсауынан шыға алмай келеді. Бұл көрсеткіш бүкіл адамзаттың 14 пайызын кедейлер құрап отыр дегенді білдіреді. БҰҰ-ның тұжырымына сәйкес, күніне 1 АҚШ долларына күн көретін адам кедей саналады, ал 1 доллардан аз ақшаға күнелтетін адамды пақыр кедей немесе қайыршы деп атауға тура келеді. БҰҰ-ның тағы бір дерегіне сүйенсек, аштық күніне 25000 адамның өмірмен қош айтысуына себепкер болады екен. Кедейлер қалай кедей болды? Байлар неге байыды? Бұл сауалға жауап іздеп талайлар бас қатырған. Бірақ нақты жауап әлі  табылған жоқ. Табылмайтын да шығар.   Жетекші мемлекеттердің қатарындағы  АҚШ-тың өзінде кедейлер мен байлар арасындағы алшақтық коэффициенті  0,39 пайыздық көрсеткіш көрсеткен. Ал Испанияда мұндай көрсеткіш коэффициенті 0,34-ке жетіп, Еуроаймақта қара тізімде көшбастап тұр. Испандықтардың жалақысы соңғы жылдарда тым баяу өскендігі кедейлік пен байлықтың арасын алшақтатуға басты себепкер болып отырған көрінеді. Осы ретте, кедейлікке апаратын бірден бір жол – жаппай жұмыссыздықтың орын алуы екендігін айта кеткен жөн. Елдегі экономикалық жағдай, оның ішінде жалпы ішкі өнім жұмыспен қамту көрсеткіші бойынша анықталады десек, бұл ретте, жаһанда жаппай жұмыссыздықтың орын алу деңгейі жыл сайын артып келеді. Алдағы бес жылда дүниежүзінде жұмыссыздар саны 11 миллионға өспек, ал  соңғы 7 жылда жұмысқа тұра алмай жүргендердің қатары 31 миллионға артқан. Бұл көрсеткіш кедейліктің артуына белгілі бір деңгейде ықпал етуде. Бүгінде әлемде 201 миллион адам кәсіпсіз жүрсе, болашақта олардың саны 212 миллионға жетеді деген қауіп бар. БҰҰ-ның анықтауы бойынша, әлемдегі 54 елдің жағдайы 1990 жылғы деңгеймен салыстырғанда, күрт нашарлап кеткен.. Baq.kz

2-мәтін

Күндердің бір күнінде Байлық пен Кедейлік «Кім сұлу?» деп сөз таластырыпты. Алайда бір ымыраға келе алмаған соң, жаяулатып келе жатқан ер азаматқа:

-Cіздің сұрағымызға сен жауап бере алатын сияқтысың. Айтшы, екеуміздің қайсымыз әдеміміз, сұлумыз? – деп сұрапты.

«Қап, қалай жауап берсем екен?» – деп жаяу жүргіншінің басы қатады: «Кедейлікті сұлу десем, Байлық ренжіп, менен кетіп қалар. Байлық сұлу десем, Кедейлік маған ызланып, бас сала төнуі мүмкін. Қайтсем екен?»

Ары ойланып, бері ойланып: «Бірден бұл сауалға жауап беру қиын екен. Сендер ары-бері жүріп көріңдер, мен қарап көрейін», – дейді.

Байлық пен Кедейлік ары да өтеді, бері де өтеді. Бар сұлулығын көрсетуге тырысып бағады.

– Иә? Қайсымыз сұлу екенбіз ә? – дейді екеуі жарыса.

Ер адам жымиып:

– Сен, Кедейлік, кетіп бара жатқанда, яғни артыңнан қарағанда сондай сұлу әрі тартымды көрінесің. Ал, сен, Байлық, керісінше жүзіңмен бері қарап, адамға қарай жүргенде сұлулана түсесің, – деген екен.

 

2-тапсырма. «Ара ұясы» 1. Мәтін мазмұны бойынша жұпта пікір алмас

2. Мәтін мазмұнына екі сұрақ құрастыр.

3. Мәтіннің жанрын анықта.

  • Сұрақтарыңды жұбыңа қойып, өз сұрақтарыңа жауап ал.

Оқылымнан кейінгі тапсырма.

3-тапсырма. Кестеде берілген ақпаратты оқыңыз. Мәтінді кесте бойынша талдаңыз. Публицистикалық шығарма тілінің стильдік ерекшеліктерін атаңыз.

Мәтін тіліне талдау үш аспектіде қарастырылады:

(Талдау түсінікті болу үшін сұрақтар түрінде ұсынылды)

Мәтіндік деңгейде

Синтаксистік (сөйлемдік қолданыс) деңгейде

Сөз (лексика) қолданыс деңгейінде

Мәтін неше азат жолдан тұрады?

Автор ойын жеткізу үшін айтылу мақсаты мен құрылысына қарай қандай сөйлем түрлерін көбірек қолданған? Ол арқылы қандай ойды жеткізуді көздеген? Сұраулы сөйлемдер автордың қандай ойына қызмет етіп тұр?

Автордың негізгі ИДЕЯСЫН жеткізуде маңызды орын алып тұрған ЕРЕКШЕ СӨЗ қолданыстары (олар әр түрлі болуы мүмкін): тұрақты тіркестер, негізгі тірек сөз, тура және ауыспалы мағынадағы сөздер, терминдер (ғылыми стиль болса), синонимдік қатар, антоним сөздер, кәсіби сөздер, көркем сөз қолданыстары: эпитет, теңеу, метафора, ,т.б. )

Мәтіндік құрылымы қандай? (Кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім)

Бірыңғай мүшелі сөйлемдер қолданыс тапқан ба?

Олар қандай тұлғада қолданыс тапқан? Қандай ойды жеткізу үшін қандай әсер туғызады?

Талдау барысында үнемі «Автор НЕ ҮШІН осы сөзді қолданған?» «НЕГЕ мұндай тәсілді қолданған?», «Ол автордың қандай ойын жеткізуге қызмет етіп тұр?» деген сұрақтар қоя отырып, оның МӘНІН, беріп тұрған ӘСЕРІН ашып, оған жауап беруі керек.

Мәтіннің азат жолдары өзара қалай байланысқан? (Логикалық байланыс, сілтеу есімдіктері, қыстырма сөздер, т.б.)

Мәтінде дәйексөздер, төл сөздер қолданылған ба, оның негізгі идеяны ашудағы әсері қандай?

Оқшау сөздер қолданылған ба? Қолданылса олардың мәні мен әсері қандай?

Тапсырма: Сызбаны толтырып, басқа топтарға бер.

Дескриптор:

  • Сұрақтарға жауап бере алды.
  • Пікірімен бөлісе алды.
  • Мәтінді түсініп, үш аспектіде қарастырды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу