Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы сөздер. Публицистикалық шығарма тілінің стильдік ерекшеліктері. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
САБАҚ: № | Мектеп: НЗМ Астана қаласы | |||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Уристимова Б.К. | |||||||||||||||||
Сынып: 10 (Т1) | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік. Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы сөздер. Публицистикалық шығарма тілінің стильдік ерекшеліктері | |||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;
| |||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Оқушылардың барлығы орындай алады: әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін түсінеді. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін ажырата алады. Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін талдай алады. | |||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||||||||||
Тілдік мақсат | Пәнге қатысты сөздік қорлар мен терминдер: Даму бағдарламасы, кедейліктің құрсауы, көрсеткіш,дерегіне сүйенсек, бас қатырған | |||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | тарих, география | |||||||||||||||||
Сабақта қамтылатын құндылықтар | ұлтжандылық, елжандылық тәрбие, ынтымақтастық, бір-біріне құрмет көрсетеді. | |||||||||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Интерактивті тақтамен жұмыс | |||||||||||||||||
Алдыңғы оқу | ||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөз дер | ||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут Сабақтың ортасы 5 минут 3 минут 3 минут 15 минут 5 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту
Оқылым алдындағы тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз: Бай деп кімдерді айтамыз? Кедей деп кімдерді айтамыз? Оқылым тапсырмасы. 1-тапсырма. Төмендегі мәтін үзінділерін оқы. 1-мәтін Өткен жылы Токио қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымы даму бағдарламасының кедейлікке арналған жылдық баяндамасы оқылған болатын. Аталмыш баяндама бойынша әлемнің 2 миллиард 200 миллион тұрғыны кедейліктің құрсауынан шыға алмай келеді. Бұл көрсеткіш бүкіл адамзаттың 14 пайызын кедейлер құрап отыр дегенді білдіреді. БҰҰ-ның тұжырымына сәйкес, күніне 1 АҚШ долларына күн көретін адам кедей саналады, ал 1 доллардан аз ақшаға күнелтетін адамды пақыр кедей немесе қайыршы деп атауға тура келеді. БҰҰ-ның тағы бір дерегіне сүйенсек, аштық күніне 25000 адамның өмірмен қош айтысуына себепкер болады екен. Кедейлер қалай кедей болды? Байлар неге байыды? Бұл сауалға жауап іздеп талайлар бас қатырған. Бірақ нақты жауап әлі табылған жоқ. Табылмайтын да шығар. Жетекші мемлекеттердің қатарындағы АҚШ-тың өзінде кедейлер мен байлар арасындағы алшақтық коэффициенті 0,39 пайыздық көрсеткіш көрсеткен. Ал Испанияда мұндай көрсеткіш коэффициенті 0,34-ке жетіп, Еуроаймақта қара тізімде көшбастап тұр. Испандықтардың жалақысы соңғы жылдарда тым баяу өскендігі кедейлік пен байлықтың арасын алшақтатуға басты себепкер болып отырған көрінеді. Осы ретте, кедейлікке апаратын бірден бір жол – жаппай жұмыссыздықтың орын алуы екендігін айта кеткен жөн. Елдегі экономикалық жағдай, оның ішінде жалпы ішкі өнім жұмыспен қамту көрсеткіші бойынша анықталады десек, бұл ретте, жаһанда жаппай жұмыссыздықтың орын алу деңгейі жыл сайын артып келеді. Алдағы бес жылда дүниежүзінде жұмыссыздар саны 11 миллионға өспек, ал соңғы 7 жылда жұмысқа тұра алмай жүргендердің қатары 31 миллионға артқан. Бұл көрсеткіш кедейліктің артуына белгілі бір деңгейде ықпал етуде. Бүгінде әлемде 201 миллион адам кәсіпсіз жүрсе, болашақта олардың саны 212 миллионға жетеді деген қауіп бар. БҰҰ-ның анықтауы бойынша, әлемдегі 54 елдің жағдайы 1990 жылғы деңгеймен салыстырғанда, күрт нашарлап кеткен.. Baq.kz 2-мәтін Күндердің бір күнінде Байлық пен Кедейлік «Кім сұлу?» деп сөз таластырыпты. Алайда бір ымыраға келе алмаған соң, жаяулатып келе жатқан ер азаматқа: -Cіздің сұрағымызға сен жауап бере алатын сияқтысың. Айтшы, екеуміздің қайсымыз әдеміміз, сұлумыз? – деп сұрапты. «Қап, қалай жауап берсем екен?» – деп жаяу жүргіншінің басы қатады: «Кедейлікті сұлу десем, Байлық ренжіп, менен кетіп қалар. Байлық сұлу десем, Кедейлік маған ызланып, бас сала төнуі мүмкін. Қайтсем екен?» Ары ойланып, бері ойланып: «Бірден бұл сауалға жауап беру қиын екен. Сендер ары-бері жүріп көріңдер, мен қарап көрейін», – дейді. Байлық пен Кедейлік ары да өтеді, бері де өтеді. Бар сұлулығын көрсетуге тырысып бағады. – Иә? Қайсымыз сұлу екенбіз ә? – дейді екеуі жарыса. Ер адам жымиып: – Сен, Кедейлік, кетіп бара жатқанда, яғни артыңнан қарағанда сондай сұлу әрі тартымды көрінесің. Ал, сен, Байлық, керісінше жүзіңмен бері қарап, адамға қарай жүргенде сұлулана түсесің, – деген екен.
2-тапсырма. «Ара ұясы» 1. Мәтін мазмұны бойынша жұпта пікір алмас 2. Мәтін мазмұнына екі сұрақ құрастыр. 3. Мәтіннің жанрын анықта.
Оқылымнан кейінгі тапсырма. 3-тапсырма. Кестеде берілген ақпаратты оқыңыз. Мәтінді кесте бойынша талдаңыз. Публицистикалық шығарма тілінің стильдік ерекшеліктерін атаңыз. Мәтін тіліне талдау үш аспектіде қарастырылады: (Талдау түсінікті болу үшін сұрақтар түрінде ұсынылды)
Топта жазбаларын айырбастап, бірін-бірі тексер. Қасыңдағы топтың жазғанына ауызша комментарий айт. Дескриптор:
Бағалау Оқушыларға бағалау парақшасы таратылады. Оқушылармен бірігіп жасаған критериий бойынша бағалайды. | Таныстырылым Таныстырылым http://engime.org/stile--sojleushini-jazushini-belgili-bir-tairipa-atisti-soz-sa.html | ||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Кері байланыс Пікірлер тізбегі. 1 оқушы бүгінгі сабақтың аясында қандай да бір пікір айтады. Келесі оқушы осы пікірді қолдаса, сол оқушының иығынан ұстап, оны қолдайтындығын айтады және себебін түсіндіреді. Осылайша, пікірлер тізбегі құралады. Егер, оқушы жаңа пікір білдірсе, ортаға шығып, жаңа тізбектің бастаушысы болады. | |||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||||
Сұрақтардың қарапайымнан күрделіге қарай құрылуы, оқушылардың жауабының да әр түрлі болуын қамтамасыз етеді. | Оқушылардың өлең талдауы бойынша құндылықтарды анықтағандарынан аңғарамын. | Оқушылардың Елжандылық, Туған жерге деген құрметін қалыптастырады, өзіне деген жауапкершілікті арттырады. | ||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Тест сұрақтары
- Жазба тілдің стильдік тармақтарын көрсетіңіз.
- А)Ауызекі сөйлеу стильі В) Ғылыми стиль, сөз мәдениеті
- С) жүйелі сөйлеу мәдениеті Д) Көркем әдебиет стилі
- Е) мақала, баяндама
- 2. Ауызекі сөйлеу тілінің стильдік ерекшелігін табыңыз.
- А)үндемей тыңдау В) қарапайым сөздерді қолдану
- С) тіл тазалығын сақтау Д) қыстырма сөздерді қолдану
- Е) диалогке құрылмайды
- 3. Тілдесу үстіндегі қойылатын талаптар қалай аталады?
- А)коммуникативтік талап В) грамматикалық талап
- С) лексикалық талап Д) мәнерлеп сөйлеу талабы
- Е) ғылыми стиль тұрғыда
- 4. Стильдің қанша түрі бар?
- А) 4 В)5 С) 6 Д) 3 Е) 2
5. Бұлт көлеңкесімен түтеген дала үнсіз бағынып, жаңбыр күтуде еді. Жел ұйытқытып қара жолдың күлгін шаңын көкке көтерді. Мәтін қай стиль үлгісінде жазылған?
- А)Ғылыми стиль В) ресми стиль
- С) Көркем әдебиет стилі Д) мақала, баяндама
- Е) ауызекі сөйлеу стилі
- 6. Стилистика қай тілдің сөзі?
- А)Араб В)Латын С)Орыс Д)грек Е)француз
- 7. Бірін-бірі бетпе бет көріп отырған екі не одан да көп адамдардың өзара пікір алысуы, түсінісуінде қай стиль қолданылады?
- А)Ғылыми стиль В) Көркем әдебиет стилі
- С) Жазба тіл Д) ауызекі сөйлеу стилі Е) мақала, баяндама
- 8. “Ақуыз синтезі” қай стильге жатады?
- А)Ғылыми стиль В) ауызекі сөйлеу стилі
- С) Көркем әдебиет стилі Д) публицистикалық стиль
- Е) ресми стиль
9. Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы Қиыннан қиыстырар ер данасы....... Өлең қай стильде жазылған?
- А) Әдеби стиль В) Көркем әдебиет стилі
- С) Ғылыми стилі Д) ауызекі сөйлеу стилі Е) іс-қағаздар стилі
- 10. Құрмалас сөйлем дегеніміз кем дегенде екі жай сөйлемнен тұрып, күрделі ойды білдіреді..... Мәтін қай стиль түріне жатады?
- А) ресми стиль В) ауызекі сөйлеу стилі
- С) әдеби стиль Д) Ғылыми стиль
- Е) публицистикалық стиль
- 11. “Хаттама, мінездеме, хабарлама” стильдің қай түріне жатады?
- А) публицистикалық стиль В) Ғылыми стиль
- С) ресми стиль Д) әдеби стиль
- Е) ауызекі сөйлеу стилі
- 12. Ресми іс-қағаздар түрін көрсетіңіз.
- А) мақала В) роман С) кейіптеу Д)өтініш Е) шығарма
- 13. Газет журналдар тілі қай стильге жатады?
- А) публицистикалық стиль В) Ғылыми стиль
- С) ресми стиль Д) әдеби стиль
- Е) ауызекі сөйлеу стилі
14. Өмірбаян, кепілхат қай стиль түріне жатады? А) публицистикалық стиль В) Ғылыми стиль С) ресми іс-қағаздар стилі Д) әдеби стиль Е) ауызекі сөйлеу стилі
- 15. Экспрессивті сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, сөйлемдер, неологизмдер, сұраулы, лепті сөйлемдер қандай стильдің сипатына сай келеді?
- А) публицистикалық стиль В) Ғылыми стиль
- С) ресми стиль Д) Көркем әдебиет стилі
- Е) ауызекі сөйлеу стилі
- 16. “Айтпақшы”, “тәйірі”, “ұят-ай” сияқты сөздер қолданылатын стиль түрін анықтаңыз.
- А) публицистикалық стиль В) Ғылыми стиль
- С) ресми стиль Д) әдеби стиль
- Е) ауызекі сөйлеу стилі
- 17. Сөйлем соңынан қойылатын тыныс белгіні табыңыз.
- А) сызықша В)сұрау, леп белгісі С)үтір Д)жақша Е) Қос нүкте
http://engime.org/stile--sojleushini-jazushini-belgili-bir-tairipa-atisti-soz-sa.html
презентация
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?