Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы сөздер. Публицистикалық шығарма тілінің стильдік ерекшеліктері. Қазақ тілі, 10 сынып, дидактикалық материал. 4 сабақ. 1 нұсқа.


Қызығушылықты ояту

« Байлық-тектілікті, үлкен мәдениетті қажет етеді. Ақтанберді бабамыз «Қайырлы болса баяжан, айдын шалқар көлмен тең, қайырсыз болса жаман бай, тартылып қалған шөлмен тең» -деген екен. Осы сөздердің мәніне қарасақ, үлкен ой жатыр. Сіз қалай ойлайсыз?

Оқылым тапсырмасы.

1-тапсырма. Төмендегі мәтін үзінділерін оқы. Мәтіндердің стилін анықтаңыз.

1-мәтін

Әділетсіз теңдік және әділ теңсіздік

Қазіргі кезде АҚШ-та және басқа елдерде бұл екі ұғым араласып кеткен. Өмірде теңсіздік көп болғандықтан бiз автоматты түрде бұл әділетсіздік деп ойлаймыз. Сол себепті мәселені адамдардың табыстары әртүрлі болуына әкеп тірейміз. Ал шын мәнінде мәселе әділетсіздікте.

Зерттеуге қатысушы ғалым Марк Шескин мәселенің мәнін былай түсіндіреді: адамдар әділетсіз теңдікке қарағанда, әділ теңсіздікті дұрыс көреді.

Неліктен бұл маңызды? Себебі, материалдық тұрғыдан тең қоғам құрамыз дегенде біз адамдардың әділдік туралы ойларына қарсы шығамыз. Бұл қоғамда тұрақсыздық тудыруы мүмкін.

Кедейлік және кедейлер жоқ мемлекет утопия боп саналады. Ал егер қоғамда әділеті жоқ теңдік орнаса, ол күйреуге апарады, деп санайды Стэнфорд университетінің профессоры Николас Блум.

«Адамда мотивация болмаса, ода жұмысқа, бiр нәрсеге қол жеткізуге, жаңалық ойлап табуға деген құлшыныс болмайтыны анық. Мейлі, мен суретші, стамотолог немесе құрылысшы болайын, егер маған ақша өздігінен, ешқандай жұмыс жасамай-ақ келiп тұрса, не үшін мен аптасына 50 сағат жұмыс істеуім керек?».

«Өзімнiң басшылық тәжірибемнiң арқасында түсінгенiм, көпшілік жалқау адамға сыйақы беру дұрыс емес деп санайды. Егер көп қызметшici бар ұйымды басқаратын болсаңыз, сыйақының жалқаулар мен еңбекқорларға теңдей бөлінгенi көп адамды ашуландыратынын түсінесіз.

2-мәтін

Неге адамдар кедей болады? Неге мыңдаған, тіпті миллиондаған адамдар таңертең ерте тұрып, жұмысқа барады, күні бойы терлеп жұмыс істейді, бірақ сол күйі кедей болып қала береді? Мүмкін осы сұрақтың жауабы бай мен кедейдің арасындағы айырмашылықтарда шығар... Байлар ақша мен уақытты үнемдейді. Кедейлер тапқанының барлығын жұмсайды. Ал байлар жинайды. Кедейлер шай-пұл беруге мәрт болса, байлар бұған келгенде ұстамдырақ. Кедей белгіленген бағаға сатып алады, ал байлар кез келген жерде жеңілдік талап етеді. Байларда ешқашан артық ақша болмайды, ал кедейлерде ол әрқашан бар. Бай өзіне  күтпеген жерден бір нәрсе сатып алуға ерік бере алмайды. Ауқаттылардың басты ережесі «біз арзан зат сатып алатындай, сонша бай емеспіз». Бай ақшамен өмір сүреді, ал кедей өзін арабтың шейхіндей көрсетеді. Кедей қолынан келгенін істеп ақша табады, бай барлық нәрседен ақша табудың жолын іздейді. Кедей кедейге көмектессе, бай байға көмектеседі. Бай табыс әкелетін жерге ақша салса, кедей шығындалатын жерге ақша салады. Байға бір теңге берсең,  миллион табады, кедейге миллион берсең, құртады. Бай өзінің шығындарына есеп береді, ал кедей өз ақшасының қайда кеткенін білмейді. Кедей ақша жайлы сөйлеп,ойланса, бай ол жайлы үндемейді. Кедейге ақша – өмірдің мақсаты болса, бай адам үшін – мүмкіндік. Байлар ақшаны билесе, ақша кедейлерді билейді. Кедей кредитпен өмір сүреді. Бай нақты іспен және сандармен ойланады. Кедей әрқашан қажетсінеді. Кедей барлық нәрседен кедей. Кедейге байлық берсең, оның әлсіз жерлерінің барлығы байқалады. Бай адам бәрінен айырылса да, өзгермейді. Кедей байды жақтырмайды, бай болса, кедейге назар аудармайды. Бай кедейге құлақ салса, кедей байды естімейді де. Кедейде өзінен басқасының барлығы кінәлі болса, бай кінәні өзінен іздейді. Кез келген кедейде бай жасырылған. Кедейді байдан асығыстық пен сабырсыздық ажыратады. Байдың бәрі нағыз бай емес. Дайындаған: Ерғали Елдос Оқылымнан кейінгі тапсырма.

3-тапсырма. Кестеде берілген ақпаратты оқыңыз. Мәтінді кесте бойынша талдаңыз.

Екі мәтіннің айырмашылығы

A Мәтіні

В Мәтіні

Түрі

Көзделген аудитория (кімдерге арналғандығы)

Мақсаты

Мазмұны

Стилі

Тілі

Мәтіндік деңгейде

Мәтін неше азатжолдан тұрады?

Мәтіндік құрылымы қандай? (Кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім)

Мәтіннің абзацтары қалай байланысқан? (Сілтеу есімдіктері, қыстырма сөздер, т.б.)

Синтаксистік (сөйлемдік қолданыс) деңгейінде

Мәтін сөйлемдері айтылу мақсаты мен құрылысына қарай қандай сөйлем түрлеріне жатады? Қандай ойды жеткізуді көздеген?

Бірыңғай мүшелі сөйлемдер қолданыс тапқан ба?

Мәтінде дәйексөздер қолданылған ба, оның негізгі идеяны ашудағы әсері қандай?

Сөз қолданыс деңгейінде

(негізгі тірек сөз, тура және ауыспалы мағынадағы сөздер, синонимдік қатар, антоним сөздер, кәсіби сөздер, көркем сөз қолданыстары: эпитет, теңеу, метафора, оқшау сөздер,т.б. )

Шығармада қолданылған сөздер не үшін қолданылған? Талдау барысында үнемі «Автор НЕ ҮШІН осы сөзді қолданған?» «НЕГЕ мұндай тәсілді қолданған?», «Ол автордың қандай ойын жеткізуге қызмет еткен?» деген сұрақтар қоя отырып, оған жауап беру керек.

Дескриптор:

  • Берілген сұраққа жауап беріп, дәлелдеді.
  • Мәтінді оқып. Стилін анықтайды.
  • Екі мәтінді салыстырып, кестені толтырады


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу