Технология біздің өмірімізде. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекшісі

И.Т. Абдрахманова________ «__» ___ 2018ж.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Барлығына арналған технология

Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 15.02.18

Мұғалімнің аты-жөні: Н.А.Айтмұхан

Сынып: 10А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Технология біздің өмірімізде

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т/А6. Тыңдаушыны қызықтыра білу үшін әдеби көркемдегіш құралдар мен құрылымдарды тиімді қолдану.

Әлеуметтік, кәсіби және ғылыми мәселелер бойынша пікірталаста стильді орынды қолданады, мәліметтерді салыстырып айтады.

Ж5 Оқылым, тыңдалым және аудиовизуалды материалдар мазмұны негізінде креативті жазу.

Оқылым, тыңдалым және аудиовизуалды материалдарды бойынша өзіндік стильде жазады.

 Сабақ мақсаттары

Әдеби көркемдегіш құралдарды тиімді қолдану арқылы тыңдаушыны қызықтыра білу; тыңдалым материалы негізінде жазба жұмысын креативті жазу.

Жетістік критерийлері

  • Тыңдаушыны қызықтыра біледі;
  • Әдеби көркемдегіш құралдарды тиімді қолданады;
  • Тыңдалым және аудиовизуалды материалдарды қолданады;
  • Жазба жұмыстарды креативті жазады.

Құндылықтарды дарыту

Азаматтық тәрбие, ғылымға, өнерге баулу.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы және оқушылардың жеке, жұптаса, топтаса жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлауы арқылы бағалау дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиет, робототехника, экономика

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылым арқылы тапсырмалармен танысады. Тақырыпқа қатысты бейнематериал тыңдайды.

Бастапқы білім

Кедейлік – жаһандық мәселе

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин.

  • Сәлемдесу;
  • Оқушылардың назарын сабаққа аударту;
  • Берілген сөздер мен сөз тіркестерін құрастыру арқылы сөйлем құрап, оқушылар 4 топқа жиналады:

1-топ: Үкіметтің кеңейтілген / бүгінгі отырысында / Елбасы / цифрландыру мәселесіне / ерекше тоқталды.

2-топ: Жаңа экономикалық заманда / нарықтың / қай саласында болсын / әлемдік деңгейде / бәсекеге қабілетті болу міндет.

3-топ: Технологиялардың / күн сайын / дамыған заманында / инновациялық жаңашылдықтарды енгізу / - заман талабы.

4-топ: Цифрландырудың арқасында / еңбек өнімділігін / 30 пайызға / арттыруға болады.

  • Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, сабақ мақсаты және бағалау критерийлері таныстырылады.

1-слайд

2,3-слайдтар

Сабақтың ортасы

5 минут

20 минут

2 минут

5 минут

1-тапсырма.

    • Тыңдалымалды тапсырма. ТЖ

«Технология біздің өмірімізде» тақырыбында бірлескен әңгіме құрастырады (топтағы әр оқушы 1 жай сөйлемнен өз дәптеріне жазып шығады).

    • Тыңдалым тапсырмасы. Ж

«ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТІЛІН ТАБАТЫН МАМАНДАРДЫ МЕКТЕП ЖАСЫНАН БАСТАП ТӘРБИЕЛЕУ ЖОСПАРЛАНУДА» бейнематериалын тамашалап, ақпаратты әр топ өздеріне берілген топтық жұмыс бойынша жазады.

Саралау қағидасы: күрделендіру

1-топ: FILA

2-топ: ЦАСТ

Қысқаша түсінік:

Мақсаты

Аудиториясы

Стилі

Типі

3- топ: GROW

G - мақсат (нені мақсат тұтамыз?)

R - ақиқат (қолымызда не бар?)

O - не істеу керек? (нұсқалар мен мүмкіндіктер)

W - нәтижеге жету жолдары (ұсыныстар)

4-топ: Төрт сөйлем әдісі

  • Пікір
  • Дәлел
  • Мысал
  • Қорытынды

Жетістік критерийлері:

  • Бірлескен әңгіме құрай алады;
  • Қажетті ақпаратты анықтайды;
  • Жан-жақты талдау жасайды;
  • Стильді орынды қолданады;
  • Тыңдаушыны қызықтыра біледі;
  • Көркемдегіш құралдарды тиімді қолданады.

Топтар бір-бірін «Мадақтау сэндвичі» арқылы ауызша бағалайды.

1-бөлік: Позитивті комментарий, не ұнады;

2-бөлік: Сындарлы сын, нені жақсарту керек;

3-бөлік: Келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы...

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. ТЖ

Технология біздің өмірімізде қаншалықты орын алатындығы жөнінде әр топ бірыңғай бір әріптен басталатын жай немесе құрмалас сөйлем құрайды.

Саралау қағидасы: креативтілік

1-топ: «Е»

2-топ: «Д»

3-топ: «Ж»

4-топ: «Т»

4-слайд

5-слайд

http://kaztrk.kz/news/official/zhana-tehnologiyanyn-tilin-tabatyn-mamandardy-mektep-zhasynan-bastap-tarbieleu-zhosparlanuda-108938

6-слайд

7-слайд

Сабақтың соңы

3 минут

2 минут

Кері байланыс:

«Сезімнен туған ойлар» стратегиясы (креативтілік)

 Оқушының бүгінгі сабақ барысында алған әсері, сонымен қоса сабаққа деген ой – пікірі сұралады:

 1-қадам: 1 оқушы тақтаға шығып, сабақ туралы пікірді (рефлексияны) ауызша емес, тақтада сурет салып, яғни суреттің бір шағын бөлшегін ғана бейнелейді;

3-қадам: Басқа оқушылар кезек-кезек шығып, осы суретті жалғастырады;

4-қадам: Нәтижесінде, салынған суретке сәйкес қандай ой қорыту пайда болғанын алғашқы оқушының бастапқы пікірімен салыстырылады.

Үйге тапсырма:

  • Р – оқушы
  • Аудитория – Елбасы
  • Форма – хат
  • Тақырып – «Цифрландыру – заман талабы»

8-слайд

9-слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тыңдалым тапсырмасы күрделендіру түрінде берілген. Бір мәселені әр топ жан-жақты талдайды. Әр топтан көшбасшы анықталып, топтық жұмыс рөлге бөліп орындайды. Топтағы дарынды оқушы көмекті қажет ететін оқушыларды оқытады.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырмада креативтілік жүзеге асады. Әр топ оқушылары бірыңғай бір дыбыстан басталған әріптен сөйлем құрайды.

Топтық жұмыстан кейін оқушылар бір-бірін «Мадақтау сэндвичі» бойынша ауызша бағалап отырады.

Оқушыларды ынталандыру және білімін әрі қарай жетілдіру үшін тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім тарапынан кері байланыс беріліп отырылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу