Білім. Ғылым. Инновация. Қазақ тілі, 10 сынып, нұсқаулық. 4 сабақ. 1 нұсқа.


  Мұғалімге арналған қосымша ақпараттар

 

МӘТІННІҢ ТҮРЛЕРІ

Мәтіннің түрлері

Ерекшелігі

Мысал, үлгі

1

Ақпараттық мәтіндер

Белгілі бір ақпарат беру үшін жазылады.

- жаңалық;

- кеңейтілген ақпарат;

- жазбалар (заметки);

- жарнамалық –ақпараттық мәтін;

- хабарландыру;

-кестелер;

- мақала ;

- Комментарий (түсініктеме)

2

Талқылау мәтіндері

Белгілі бір мәселе көтерілген мәтіндер бойынша мәселенің екі жағы қарастырылады.

Проблемалық сұрақ.

Мысалы: Мектепте каникул уақытының болғаны дұрыс па, жоқ па?

3

Түсіндіру мәтіні

Белгілі бір нәрсені түсіндіру үшін жазылатын мәтіндер

Мысалы: Субмәдениет деген не?

Жанартаулардың пайда болу себептері.

4

Есеп немесе баяндама түріндегі мәтін

Бұл мәтіннің мазмұнында статистикалық деректер, тақырыптық ақпараттар, хронологиялық мәліметтер болады, ресми тілде жазылады.

-өмірбаян;

- есеп беру;

- мінездеме;

- Белгілі бір іс-шараға қатысты мақалалар

- баяндама (есеп беру түріндегі);

- мемуар( өмірдерек)

5

Нұсқаулық немесе кеңес беру түріндегі мәтін

Бір мәселе жөнінде нұсқаулық немесе пайдалы кеңестер беріледі.

  • Пайдалы кеңестер (мысалы, «Дәріні қайда сақтаған дұрыс»)
  • Заттарды пайдалану туралы нұсқаулықтар

6

Сендіру мақсатында жазылған мәтіндер

Сөйлеушінің басқаларды сендіру үшін айтқан белгілі бір пікірі, онда эмоция, риторикалық құралдар қооданылады.

Жарнамалар , шешендердің сөздері, көпшілікке тасталға үндеулер (мысалы, депутаттар, елбасының сөздері).

7

Бағалау мәтіндері

Белгілі бір нәрсеге пікір айту мақсатындағы мәтіндер.

Аннотация , баға беру элементтері бар мәтін ( артықшылығы, кемшілігі, пайдасы)

8

Анализ жасау

Бір мәселені бөлшектеп талдау, сынау, қайта біріктіру, қорытынды жасау мақсатында жазылған мәтіндер

Әдеби сын, ғылыми тақырыптағы мәтіндер, өнер туындыларын талдау мәтіндер

Мақсатына қарай талдауда оқушы «Бұл мәтін не үшін жазылған немесе айтылған (құрылған)? Мәтіннің қызметі қандай?» деген сұрақ төңірегінде ойлануы тиіс. Мақсатына қарай мәтін ақпарат беру, қызықтыру, сендіру, дауласу, талқыға салу, суреттеу, ақыл-кеңес беру, нұсқау беру, сын пікір беру, баға беру, тәрбиелеу, хабарлау болып жіктеледі.

Көзделген аудиторияда мәтін кімге арналып жазылған немесе айтылған құрылғандығы туралы ойланады. Бұл тұрғыда мәтін түрлі жастардағы топтарға, яғни, өте кішкене балаларға немесе зейнеткерлерге, арнайы топтарға: мысалы, тарих немесе футболға қызығушы адамдарға, кәсіби мамандарға: мұғалімдерге немесе дәрігерлерге, әртүрлі әлеуметтік топтарға: жұмыссыздарға, еріктілерге, жас қызметкерлерге, жалпы аудиторияға, соның ішінде кең шеңберлі оқырмандары бар танымал газеттерге арналып жазылуы мүмкін.

Мақала түрлері

Проблемалық мақала

  • Қоғамда маңызды бір көкейтесті мәселе төңірегінде болады.

Ақпараттық мақала

  • Бір нәрсе туралы ақпарат береді.

Мақала - зерттеу

  • Қызықты бір тақырып алынып, сол нәрсе зерттеледі.

Теориялық мақала

  • Ғылыми стильде жазылады. Шаблон сөздер болады. Бір сөздердің шығу төркіні, мәні, мағынасы беріледі.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу