Білім. Ғылым. Инновация. Қазақ тілі, 10 сынып, дидактикалық материал. 4 сабақ. 1 нұсқа.
1-мәтін
Инновация сөзі 1440 жылдары француз тіліндегі «жаңғыру немесе жаңару» әлде «зат жасаудың жаңа жолы» деген мағыналарды білдіретін, «innovacyon» сөзінен пайда болған.
Инновация дегеніміз ─ ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің нәтижесі болып табылатын жаңа технология. Бұл процесс негізгі капиталдың (өндірістік қорлардың) жаңаруын қамтиды.
Кәсіпорындағы инновациялық стратегияның қалыптасуы мынадай жағдайларға байланысты:
- жаңа техниканы жасап іске енгізудің тиімділігін арттырудағы ғылымның айрықша рөлі;
- өндірістің техникалық деңгейінің өсуі;
- жаңа техниканы жасап және іске асыру мерзімдерін қысқартудың қажеттілігі;
- өндіріс дамуының интенсивті факторларының артуы, олардың ғылыми техникалық прогресті экономиканың барлық саласында қолданылуына ықпал жасауы;
- ойлап тапқыштар мен рационализаторлардың творчествосын дамыту;
- жаңа өнімді шығаруда, кәсіпорындардың шығындарының көбейіп, экономикалық көрсеткіштерінің нашарлауы;
- техника мен технологияның тез арада моральдық тозуы;
- жаңа техника мен технологияны жылдам енгізудің қажеттілігі және т.б.
Инновациялық қызмет кәсіпорынның жұмыстары мен кезеңдерінің орындалуын қарастырады. Осы жұмыстардың көлемі мен мазмұны инновацияның түрлеріне және кәсіпорынның бар әлеуетіне байланысты. Инновацияның негізгі белгілерін қарастырайық:
Жаңалық. Бұл белгі негізінен өзгеру процесін сипаттайды. Жаңалық деңгейі жоғары болған сайын, материалды-заттай және адам ресурстарына инвестициялар көлемі үлкен болады.
Белгісіздік және тәуекелділіктер. Сонымен қатар жаңалық деңгейі белгісіздік дәрежесін анықтайды, бұл жеткіліксіз тәжірибе мен жаңа идеяларды жүзеге асырудағы сәтсіздікпен түсіндіріледі. Тәуекелділік ең алдымен мынадан тұрады: нәтижелер тіпті жүзеге аспайды немесе кеш жүзеге асады және бұл бірінші кезекте кәсіпорынның имиджне әсер етеді. Нәтижелердің жүзеге асурылуы кезінде нақты шығандар елеулі түрде жоспардан артуы мүмкін, соңында бұл өнімнің бәсеке қабілеттілік деңгейін төмендетеді және нарықтағы орнын жоғалтады.
Жиынтылық. Инновацияларды жекеленген шаралар ретінде қарастыруға болмайды. Әр түрлі қатысушылардың жұмысын басқарушы қажеттілігі және инновациялық процестің бөлек кезеңдері жиынтылықтың белгісі болып табылады және бұл инновациялық процесстерді басқару бойынша дербес ұйымдық құрылымын қажет етеді.
Жанжалдық. Жоғарыда қарастырылған инновация белгілері тұлғааралық және іскерлік жанжалдардың себептері болып табылады. Негізінен көпшілік жағдайда жанжалдар кәсіпорын қызметкерлері жаңалықтар енгізу кезінде өзінің жұмыс міндеттерінен басқа жаңа қызметтер мен қосымша міндеттерді орындау уақытында пайда болады.
Инновацияның мынадай түрлері болады:
- Жаңалығына байланысты:
- базистік инновациялар, олар ірі зерттеулерді жүзеге асырады;
- жақсарту инновациялары, кіші және орташа зерттеулерді іске асырады;
- жалған инновация, техника мен технологияның ескірген бөліктерін біртіндеп жақсартуға қолданылады.
- Қолданылуына байланысты:
- өнімдік инновациялар ─ жаңа өнімдерді шығарып, қолдануға бағытталған;
- технологиялық инновациялар ─ жаңа технологияларды шығарып, қолдануға бағытталған;
- әлеуметтік инновациялар, жаңа құрылымдарды құруға бағытталған;
- нарықтық инновациялар, жаңа нарықтардағы өнімдер мен қызмет етуді тұтынуды іске асыруға бағытталған.
- Шығу көздеріне байланысты.
- ғылым мен техниканың дамуынан пайда болған инновациялар;
- өндірістің қажеттілігінен пайда болған инновациялар;
- нарықтың қажеттілігінен пайда болған инновациялар.
- Қайта өндіру процесіндегі рөліне байланысты:
- тұтыну инновациялары;
- инвестициялық инновациялар.
- Масштабына байланысты:
- күрделі инновациялар;
- жай инновациялар.
Инновациялардың классификациясына қарай отырып, жаңа енгізілімдердің көп түрлі болатынын байқаймыз.
2- мәтін
Қазақстандағы инновациялық процестердің түрлері
Қазақстанның əлемдік қауымдастыққа интеграциялануында тұлға мен социумның инновациялық даму мəселесін өзекті мəселе етуде. Қазақстан экономикасында инновациялардың бірінші дəрежеде басымдылық алуы үшін оған тек ғалымдар мен мемлекеттік басқару органдарының ғана мүдделі болуы жеткіліксіз. Əр елдің инновациялық технологияларды дамытуға мүмкіншілігінің деңгейі қазіргі қоғамымыздың негізгі сипаттарының бірі деп саналады. Мұндай мүмкіншілік тек жаңа өнім тудыратын ғылыми ізденістер жəне зерттеулермен шектеліп қалмауы тиіс. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында (əлеуметтік, экономикалық, саяси, ғылыми жəне техника-технологиялық) жеке жəне қоғамдық сананың өзгерістерге дайындығы, оған қатысу жаңа құндылықтарды қабылдау прогрестің талабы болып саналады.
Сондықтанда, инновациялардың тұрақты дамудың негізгі ресурстарының біріне жататындығын əлемдік тəжірибе көрсетіп отыр. Осыған орай Мемлекет басшысының болашақта Қазақстан үшін неғұрлым перспективалы деген онын іріктеп алып, жүзеге асыру үшін «жүз абсолютті инновацияларды» іздеу туралы берген тапсырмасы ерекше маңызға ие бола түседі.
Қазақстанда нақты жағдайда жүзеге асырылып жатқан инновациялық процестер Үкімет шешіміне сəйкес инновациялық қызметке қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысатын бірқатар инновациялық даму институттары жұмыс істеуде. Солардың бірі 2006 жылы құрылған «Ғылым қоры» акционерлік қоғамы болып табылады. Оның құзырына төмендегі міндеттер жатады:
- дербес немесе өзге де инвесторлармен бірлесіп, соның ішінде ұсынылған гранттар арқылы да жобаларды қаржыландыру;
- НИОКР-ді өмірге енгізуге байланысты жобаларды жүзеге асыруға қатысу;
- ғылыми өнімдермен қызметтердің тиімді, транспарентті нарығын құруға ықпал ету.
Бұл жағдайда мыналар Ғылым қорының инвестициялық қызметінің басым бағыттары болып табылады:
- нанотехнологиялар мен жаңа материалдар;
- биотехнологиялар;
- көмірсутегі жəне кен-металлургия секторлары мен солармен байланысты сервистік салалар үшін технологиялар;
- ядролық технологиялар мен қайта қалпына келетін энергетика технологиялары;
- ақпараттық жəне ғарыштық технологиялар.
2008-ден 2010 жылға дейінгі кезеңде Ғылым қорына барлығы қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулер, тəжірибелік-конструкторлық жұмыстар қолданбалы жəне инновациялық сипаттағы бастамашыл жəне тəуекелді зерттеулерге 35,3 миллиард теңгеден астам 575 тапсырыс келіп түскен. Келіп түскен тапсырыстардың жалпы саны Ғылым қоры қазіргі уақытта инвестициялар көлемі 2,8 миллиард теңгеден асатын 33 жобаны жүзеге асыруда. Гранттар беру арқылы 22 жоба
250 миллион теңгеге қаржыландырылды. Соммасы 2,59 миллиард теңге болатын жоба бойынша Ғылым қоры салған қаржыны сатылап кері қайтару қарастырылған, ол оларды ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға қайтадан бағыттауға жағдай жасайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?