Білім. Ғылым. Инновация. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Пән: Қазақ тілі

Лексика-грамматикалық бөлім: Білім. Ғылым. Инновация

Мектеп: ФМБ НЗМ, Астана қаласы

Мерзімі: 3-тоқсан

Оқытушы аты-жөні: Маинова И.С.

СЫНЫП:10Т1 (қоғамд.-гуман.бағыт)

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Грамматикалық материал:

Сөз дәлдігі

 Сабақтың мақсаты:

Т/А1.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау

 Бағалау критерийлері

Мәтінде көтерілген мәселені қамтитын сұрақтар құрастырады.

Сұрақтарды мәтін мазмұнына сәйкестігін бағалайды.

 Құндылықтар

Терең көзқарастарды сіңіру

 Пәнаралық байланыс

Физика, химия

Алдыңғы сабақта

Жоспар

Жоспар

ланған уақыт

Жоспарланған қадамдар

Дерек көздері

Сабақтың басы

1. Қызығушылықты ояту. Миға шабуыл.

Оқушылардың үштігіне төмендегі суреттер ұсынылады. Оқушылар суреттегі әрбір обьект бойынша ғылымға қатысты сұрақтар құрастырады. Мысалы, 1-суреттен Аспанды зерттейтін құрал қалай аталады? Аспан әлемін зерттеу қашаннан басталды? Қандай алғашқы теориялар әлі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ? Аспан әлемін зерттеу ғылыми орталықтары қалай аталды? Ежелгі зерттеушілер өзара ғылыми тәжірибелерімен қалай бөлісті? т.б. сұрақтар туындата береді.

2. Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері талқыланады.

Сабақтың ортасы

Тыңдалым алды

3. Екі бағандағы сөздерді дұрыс сәйкестендіріп, білім/ғылым/инновация ұғымдарын сипаттайтын сөз тіркестерін екі бағанның астындағы бос тор көзіне жазады.

эмбрионды

дау

қауіп

өртеп

әділетті

ғылыми

гендік

атом

адамзаттың

шектеу

қою

инженирия

бомбасы

сыни көзқарас

ыдырату

тудыру

дайын болмауы

орта

тудырту

жіберу

Мысалы, атом бомбасы,

4. Мұғалім тыңдалым мәтініне төмендегі сұрақтармен болжау жасатады.

  • Кестедегі сөз тіркестері қолданылатын қандай мазмұндағы мәтін тыңдауыңыз мүмкін?
  • Мәтіннің өзектілігі неде болуы мүмкін?
  • Мәтіннің бейнекөрінісінде қандай детальдардың болуы маңызды деп ойлайсыз?

Тыңдалым

5. Мәтінді тыңдай отырып, төмендегі қажетті ақпараттарды түртіп жазып отырады.

Ақпаратты жеткізу (кім/қайда/қашан/қанша т.б.)

Ақпаратты қолдану аясы

(не істеді/қайтті/қалай болды т.б.)

Стратегиялық ойлау

(не болар еді/басқаша қалай болмақ т.б.)

Тереңірек ойлау

(неліктен/қалай/не себепті/қай жолмен т.б.)

Ескерту: дифференциациялау үшін мұғалім оқушылар мәтін тыңдап отырғанда орындықтарының артына түрлі түсті стикерлерді жапсырып кетуіне болады: жасыл түс – ақпаратты жеткізу деңгейіндегі сұрақтарды, көк түс – ақпаратты қолдану аясында сұрақтарды, қызыл түс – стратегиялық ойлау деңгейіндегі сұрақтарды, сары түс – тереңіріек ойлауды қажет ететін сұрақтарды құрастыра алуға қабілетті оқушылар.

6. Оқушылар әр топта бір-бір түстен болатындай етіп топ құрап отырады. Мұғалім әр оқушыға тиесілі түстегі кемпірқосақ бейнесінде қиылған қиманы ұсынады.

7. Оқушылар топта түртіп алған ақпараттарын қолданып, өздеріне тиісті түске сәйкес сұрақтарды құрастырады. Мысалы, жасыл түсті қиманың иелері тыңдалым мәтініндегі ақпаратты жеткізетін сұрақтарды қамтиды.

Дескрипторлар:

1. 3-тен кем емес сұрақ құрастырады.

2. Сұрақтардың мазмұны түстің талабына сәйкес.

3. Тыңдалым мәтініндегі ақпараттарды қолданады.

Ескерту: мұғалім сыныпты аралап, әр оқушыға көмек ретінде бағыттаушы мысал сұрақтарды ұсына алады.

8. Әр топқа ақ түсті А4 парағы үлестіріледі, оқушылар рет-ретімен түсті қима қағаздарын жапсырып, кемпірқосақ бейнесін шығарады. А4 парағына топтың реттік номері жазылады.

Тыңдалымнан кейін

9. Топтар сағат тілімен өз жұмыстарын келесі топтарға береді. Топта әр түстің иесі өзіне қатысты сұрақтарды бағалайды:

  • сұрақтардың саны
  • сұраулы сөйлем синтаксисіне сәйкес
  • түстің талабына сәйкес контекс бар/жоқ
  • сұрақ бір оқығанда түсінікті не шұбалаңқы
  • сұрақтар бейнемәтін мазмұнын толық/жартылай/сәйкес/сәйкес емес қамтиды;

10. Әрбір бағалаушы оқушы өз түсіне сәйкес стикерге сұрақтарға берген бағасын жазып алып отырады.

Парасат майданы хабарының Ғылым мен мораль тақырыбынан алынған үзінді бейнематериал

Сабақтың соңы

Кері байланыс

11. Оқушылар өз бағалау стикерлерінен ең жоғары балл немесе баға алған оқушыны жалып сыныпқа жариялайды.

Үйге тапсырма:

Қосымша ақпарат

Ажырату – сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз?

Басқаларына қарағанда анағұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыстар.

Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі.

АКТ байланыстары.

Құндылықтар байланыстары.

Топтар бір-біріне қолдау көрсетеді.

Нәтиже бойынша ажырату, себебі: кейбір топтардың басқаларға қарағанда мәтін жайлы ақпараты аз болуы мүмкін.

Оқытушы әрбір «эксперттің» өзд мәтіндерінің не туралы екенн білетіндігін тексереді, себебі: олар жаңа топқа ол туралы баяндайды және түсінбей жатса түсіндіреді.

Меңгеруді бақылау.

Сұрақ және жауап.

Өзара кері байланыс.

Әлемдегі отбасы құрылымдары туралы ақпарат үшін география.

Сынып топтар үшін дайындалған.

Топтарда жұмыс істеу дағдылары (құрмет көрсету, кезекпен сөйлеу және т.б.)

Сұрақтарға жауап беру үшін кезектер алу және жаңа топтарға баяндау үшін жазбалар жазу арқылы басқаларды тыңдау.

Қорытындылау

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары жетімді болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқу атмосферасы қалай болды?

Менің жұмысым жоспарлы болды ма?

Мен уақытымды дұрыс жоспарлай алдым ба?

Жоспарыма қандай өзгертулер енгіздім және неге?

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Сол жақ бағаннан өз сабағыңызға қатысты ең орынды келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу