Адам өмірін сақтау. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: қазақ тілі | Мектеп: | |||||||||
Күні:
| Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Бөлім | 4-бөлім Адам өмірін сақтау | |||||||||
Оқу бағдарламасына сілтеме | Ж Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру. Ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, нұсқаулық жазу Грамматикалық норма. Cөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу | |||||||||
Оқу мақсаттары | Барлық оқушылар ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін біледі Оқушылардың көбі ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды (сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтау) орынды қолданады Оқушылардың кейбірі ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып (сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтау), нұсқаулық жазады | |||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||
НЗМқұндылықтары | Өз білімін жетілдіру, топта жұмыс жасау | |||||||||
Тілдік мақсаттар | Сөздер мен сөз тіркестер: адам өмірі, сақтандыру, жастардың денсаулығы, салауатты өмір салты, жасөспірімдердің денсаулық күтімі т.с.с Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер; менің ойымша, себебі, оны мен былай дәлелдей аламын, қорыта келе... | |||||||||
Алдыңғы білім | ||||||||||
Жоспар | ||||||||||
Уақыт | Жоспарланған жұмыс түрлері | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Қызығушылықты ояту:
1.Суретке қарап сабақтың тақырыбына божам жасап көріңіздер. 2. Жасөспірімдердің,бүлдіршіндердің өмірін сақтау үшін қандай да бір ереже қажет деп ойлайсыздар ма әлде бұған ата-анасы жауапты ма? 3. Тәртіп, нұсқау, бұйрық деген сөздерді қалай түсінесіңдер? Бір-бірінен қандай айырмашылығы бар? Сабақтың мақсаты мен тақырыбын оқушылармен бірлесе отырып талқылау. | |||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 10мин 10 мин 5 мин | Мағынаны ажырату Жазылым алды тапсырмасы. ЖЖ Оқушылар төмендегі сұраққа жауап әзірлейді. Нұсқаулық дегенді қалай түсінесіңдер? Нұсқаулық қандай бөлімдерден тұруы мүмкін? Оқушылар өз жауаптарын әзірлейді және төмендегі ережемен салыстырады,толықтырады, өз пікірін білдіреді Нұсқаулық - 1. Әлденені орындау, жүзеге асыру тәсілі мен тәртібін бекітетін тәртіптер жинағы. 2. Жалпы алғанда нұсқау. 3. Жоғарғы басшылықтың бұйрықтары немесе басқа мемлекеттік органның заңнамалық, актінің қолдану тәртібін анықтау және түсіндіру мақсатында шығарылатын заңдық күші бар кұқықтык акт.[1] 1-тапсырма Т Оқушылар топта үзіндіден ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін анықтайды. 1-топ. Мемлекет міндеттерінің бірі – азаматтардың қалыпты тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды экстремалды жағдайлардан сақтау болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының бірінші жолдарында адам, оның өмірі, құқығы мен тәуелсіздігі еліміздің ең басты байлығы делінген. Сол себепті де мемлекет адам өмірін кез келген қауіптен сақтап қалуға міндетті. 2-топ 21 қыркүйекте орталық қалалық саябақта Астана әкімдігінің қолдауымен Британ-Қазақ қоғамы қайырымдылық жүгіру шарасын ұйымдастырады. Бұл шараның мақсаты адамдардың өмірін сақтауға бағытталған жобаларды іске асыруға қаржы жинау болып табылады. 3-топ. Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы əрбір функциясын «Мəңгілік Ел» құндылықтарына баулуға бағыттауы тиіс: - тәрбиелік функция – өмір үлгілерін, мінез-құлық мысалдарын дарыту, құндылықтарды насихаттау, дүниеге, адамдарға, өзіне көзқарасы және т.б.; - танымдылық функция – білімділік құндылықтары (дүние туралы ауқымды білімдер) және оларды әлеуметтік тәжірибеден өткізу; - коммуникативтік функция – қатынастың әлеуметтік нормалары, тіл мәдениеті эталондарының құндылықтары, оларды ұтымды коммуникативтік үдеріс арқылы өткізу (ақпаратпен тиімді алмасу, коммуникативтік жүріс- тұрыс); 4-топ. «Мəңгілік Ел» ұлттық құндылықтарына баулудағы түбегейлі рөл қоғамдық ұйымның ұйымдастырушылары мен жетекшілеріне берілген. Дəл соларға келесідей жаңғырту шараларын іске асыру міндеті жүктелген: - мазмұндық қызметті; - балалар мен жасөспірімдердің өзінің орнын табудағы нұсқаларын; - балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттері мен қажеттіліктерін дамыту әдістерін; - оқушылар мен мұғалімдер, бірлестіктегі оқушылар, мұғалімдер мен оқушылардың ата-аналары, балалар мен әлеуметтік орта арасындағы тұлғааралық өзара қатынастар мен өзара әрекеттесулердің жаңа жүйесін құру Бағалау критерийі:
Топаралық бағлау жүзеге асады. Жазылым тапсырмасы. Ж Оқушы тапсырманы жеке орындайды. «Жасөспірімдердің денсаулығын күту, қорғау» тақырыбында нұсқаулық жазады.нұсқаулық жазуда төменде берілген сөз тіркестерін қолдауға болады Қолданылатын сөз тіркестері: -салауатты өмір салтын ынталандыру, -жас ұрпақтың денсаулығын сақтау мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің нашар экономикалық базасы -бос уақыттарын тиімді өткізуі -жасөспірімдер біздің қоғамның ең осал әрі қорғансыз әлеуметтік тобы -әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қолдауы. Тапсырма2
Бағалау критерийі:
Жазылымнан кейінгі тапсырма. С Тапсырманы сынып болып орындайды.Төмендегі сұрақтарға жауап береді.
| http://www.playbuzz.com/mkmcjj10/12-9-2016-7-42-08-pm Отандық өнімдер Бағалау | ||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс. Рефлексия. Не үйрендім? Не қиын болды? Бұны қалай түзеймін? | Ауызша кері байланыс | ||||||||
Қосымша мағлұматтар | ||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды