Адам өмірін сақтау. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары :

Сабақ тақырыбы: Адам өмірін сақтау

Мектеп:

Уақыты:

Мұғалімнің аты – жөні:

Сынып: 10 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Белгілі бір оқыту мақсаты; Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі

О4. Әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау.

 Сабақтың смарт

 мақсаты

Оқушылардың барлығы:

Мәтінді түсініп оқиды, 2 мәтінді талдайды

Оқушылардың көбісі:

Тақырыптан ауытқымайды, стильдік қызметін анықтап, ажырата алады

Оқушылардың кейбірі:

Мәтіндерді терең талдап, салыстыра алады. Сөз және сөйлем тұрғысынан талдай алады.

 Жетістік критерийі

  • Мәтінді жүйелі талдайды.
  • Тақырыптан ауытқымайды.
  • Әр түрлі сөйлемдердің стильдік қызметін анық ажыратып, қолданысын сипаттап бере алады;
  • Өзіндік қорытынды шығара алады.

Ұлттық құндылықтар

Адамгершілік, шыдамдылық

АКТ мүмкіндіктері

Таныстырылым

 Тілдік

 міндеттер

Пәндік лексика мен терминология: денсаулық сақтау, шаралар, медициналық қызмет көрсету, денсаулық сақтау саласы, перзентхана.

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...Менің ойымша,... Мен ойлаймын...

Алдыңғы білім

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Сәлемдесу. Қызығушылықты ояту.

Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін айту

Сабақтың ортасы

Тапсырма. Ж. Төмендегі екі мәтінді оқыңыз. Екі мәтінді салыстырып, олардың тілін, ұқсастығын және айырмашылығын сараптаңыз. Тапсырмаларды орындағанда, тілдің сапасы мен тазалығына назар аударыңыз.

А мәтіні

Әрбір адамның денсаулығы – оның толыққанды тіршілік етуін ғана емес, мүмкіндіктерінің әлеуетін анықтайтын фактор. Халық денсаулығы жағдайының деңгейі өз кезегінде, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын да айқындайды. Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, көрсетілуін, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететін бірыңғай дамыған, әлеуметтік бағдарланған жүйесін білдіретін денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуі тұрғысынан алғанда республикадағы негізгі басымдықтардың бірі болып табылады. 

Халық денсаулығының қазіргі жағдайына және еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне жүргізілген талдау негізінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық басым бағыттары және іске асыру тетіктері айқындалды. 

Бағдарламаны іске асыруда медициналық қызмет көрсетудің шығыны аз нысандарына өту үшін жағдай жасау, саланың профилактикалық бағыттылығын қамтамасыз ету, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапа деңгейін арттыру арқылы денсаулық сақтау жүйесін қарқынды дамытуға, арнайы әлеуметтік қызметтерді енгізуге, сондай-ақ халықтың өзін-өзі сақтау мінез-құлқының дәйектемесі, медицина қызметкерінің кәсіптік және жеке өсуі, денсаулық сақтау жүйесін қоғамның қазіргі талаптарына және нарықтық ахуалына бейімдеу үшін жағдай жасауға мүмкіндік туады. Сол арқылы мақсатты индикаторларға жетуге болады.

Бағдарламаны жүзеге асыру тек қана денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне жүктелген міндет емес, бұл аса маңызды іске барлық тиісті орындар атсалысуы керек. Бағдарлама аясында салауатты өмір салтын қалыптастыру және әлеуметтік аурулар деңгейін төмендету, дұрыс тамақтану, жасөспірімдер мен мектеп оқушыларының денсаулығы, төтенше жағдайлар кезінде шұғыл медиицналық құтқару қызметін жолға қою секілді өзге де мәселелер қамтылады. Қазіргі кезде аймақтарда осы бағыттағы жұмыстарға баса назар аударылуда. Әсіресе, соңғы жылдары төтенше жағдайлар кезінде және де басқа да болуы мүмкін адам өлімінің себептері анықталып, болдырмау шаралары жасалуда.

Осы мақсатта, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Сот-медицинасы орталығы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Қызылорда филиалы адам өліміне соқтырған күдікті жағдайларға түрлі сараптамалар жүргізеді. Оның ішінде денсаулыққа келтірілген зиянның сипаты мен ауырлығын, жыныстық жағдайларын анықтау және сот медицинасы саласындағы танымдарды талап ететін басқа да мәселелерді шешу үшін жәбірленушіге, айыпталушыға және басқа да тұлғаларға сараптама жүргізу, зертханалық зерттеу әдістерін қолдана отырып, заттай айғақтарға сараптама жүргізу, тергеуге дейінгі тексеру материалдарына, қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істерге, сондай-ақ, жеке айыптау ісі бойынша сараптама жүргізу кіреді.

2013 жылы 476 адам өліміне сот-медициналық сараптау жүргізілген. Оның ішінде зорлық-зомбылық, қайғылы жағдайда қайтыс болған 309 адам өліміне сот-медициналық сараптау жүргізіліп, олардың қандары мен зәрлерін сот-химиялық зерттеу барысында 126-сынын спирттік ішімдік ішкендіктері анықталған. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында 80 адам өліміне сот-медициналық сараптау жүргізілді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, адам өліміне соқтыратын түрлі жол-көлік апаттары қазіргі уақытта өршіп тұр. Бұл мағлұмат әрбір азаматтың сақтану шараларына мұқият болуы қажеттігіне ескерту. Адам – мемлекет қазынасы. Сондықтан да аталған бағдарламада көрсетілгендей, қайтыс болғандар санын болашақ барынша төмендету мақсаты тұр. Ол үшін баршамыз біріге жұмыс атқаруымыз керек. 

 

Рахымжан ӘЛІП,

ҚР ДСМ Сот медицинасы орталығы 

республикалық мемлекеттік 

қазыналық кәсіпорны Қызылорда 

филиалының директоры  

Ә мәтіні

Адам өмірін сақтау үшін жүгіру керек!

20 қыркүйек

21 қыркүйекте орталық қалалық саябақта Астана әкімдігінің қолдауымен Британ-Қазақ қоғамы қайырымдылық жүгіру шарасын ұйымдастырады. Бұл шараның мақсаты адамдардың өмірін сақтауға бағытталған жобаларды іске асыруға қаржы жинау болып табылады.

Мысалы, былтыр осындай жүгіру шарасы кезінде жиналған барлық қаржы Петропавл қаласындағы «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Тыныс ал, балақай!» жобасын жүзеге асыруға берілді.

Ұйымдастырушылар бұл жобаны, қайырымдылық мақсатта жүгіру шарасын 2009 жылы бастады, және сол уақыттан бері, жиналған қаражаттарға шала туған нәрестелердің тыныс алуларына көмектесуге арналған заманауи медициналық аппараттар сатып алу мүмкіндігі іске асырылды. Бүгінде мұндай аппараттар Алматы, Қарағанды, Семей, Өскемен, Атырау, Тараз, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент, Петропавл, Павлодар, Қостанай, Талдықорған қалаларының бірқатар перзентханаларында орнатылған.

2012 жылы Алматы мен Астанада өткен қайырымдылық жүгіруге қазақстандық танымал спортшылар - Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, Олимпиада жүлдегерлері Әділбек НиязымбетовИван ДычковМарина Вольнова қатысты.

«АЯЛА» қайырымдылық қорының діттеген мақсаты - жиналған қаржыны тек осындай жобаларды іске асыруға тікелей беру болып табылады.

28 қыркүйекте осындай қайырымдылық жүгіру шарасы Алматы әкімдігінің қолдауымен оңтүстік астанада өтеді.

Жетістік критерийлері:

  • Мәтінді жүйелі талдайды.
  • Тақырыптан ауытқымайды.
  • Әр түрлі сөйлемдердің стильдік қызметін анық ажыратып, қолданысын сипаттап бере алады;
  • Өзіндік қорытынды шығара алады.

.

Сабақтың соңы

Үй тапсырмасын беру: Қазақстанда денсаулықты жақсарту үшін істелініп жатқан шараларға сіз не қосар едіңіз? Ұсыныстарыңыздан постер жасап келіңіз.

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Коммуникативті дағдыларын дамыту мақсатында құрылған топтар/жұптар қабілеті төмен оқушыларды қабілеті жоғары оқушылардың қолдау көрсетуін меңзейді. Мұғалім талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалау тиіс.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету, марапаттау

Талқылауды бақылауда оқушылардың жалпы реформаныңмаңызын түсінудің деңгейін бағалау

Пәнаралық байланыс:география

Белсенді оқыту әдістерін қолдану,

Оқушылардың жас ерекшелігін сақтау,еліміздің патриоты бола білетін,салауатты өмір салтымен жүретін және саналы да білімді оқушыны дайындау

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ

Оқушы аты-жөні:

Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Адам өмірін сақтау

Сабақтың мақсаты: О4. Әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау.

Тапсырма: Төмендегі екі мәтінді оқы. Екі мәтінді салыстырып, олардың тілін, ұқсастығын және айырмашылығын сарапта. Тапсырмаларды орындағанда, тілдің сапасы мен тазалығына назар аударыңыз.

Жетістік критерийлері:

  • Мәтінді жүйелі талдайды.
  • Тақырыптан ауытқымайды.
  • Әр түрлі сөйлемдердің стильдік қызметін анық ажыратып, қолданысын сипаттап бере алады;
  • Өзіндік қорытынды шығара алады.

Оқылым мәтіндерін талдау үлгісі

ҰҚСАСТЫҒЫ

Аудиториясы

мақсаты

мазмұны

АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ

Мазмұны

Формасы

мақсаты

1,2,3

Стиль

тілі

  • Лексикалық бірлік
  • Көркемдегіш құралдар

сөйлем

  • Құрмалас с.:себеп с.қ.,қарсылықты с.қ.
  • Жай сөйлем: автор ойы

Мәтін

  • Құрылысына қарай: кіріспе, негізгі, қорытынды
  • Түріне қарай: сипаттау, пайымдау, әңгімелеу
  • Логикалық байланысы: абзацтар арасында

А мәтіні

Әрбір адамның денсаулығы – оның толыққанды тіршілік етуін ғана емес, мүмкіндіктерінің әлеуетін анықтайтын фактор. Халық денсаулығы жағдайының деңгейі өз кезегінде, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын да айқындайды. Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, көрсетілуін, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететін бірыңғай дамыған, әлеуметтік бағдарланған жүйесін білдіретін денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуі тұрғысынан алғанда республикадағы негізгі басымдықтардың бірі болып табылады. 

Халық денсаулығының қазіргі жағдайына және еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне жүргізілген талдау негізінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық басым бағыттары және іске асыру тетіктері айқындалды. 

Бағдарламаны іске асыруда медициналық қызмет көрсетудің шығыны аз нысандарына өту үшін жағдай жасау, саланың профилактикалық бағыттылығын қамтамасыз ету, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапа деңгейін арттыру арқылы денсаулық сақтау жүйесін қарқынды дамытуға, арнайы әлеуметтік қызметтерді енгізуге, сондай-ақ халықтың өзін-өзі сақтау мінез-құлқының дәйектемесі, медицина қызметкерінің кәсіптік және жеке өсуі, денсаулық сақтау жүйесін қоғамның қазіргі талаптарына және нарықтық ахуалына бейімдеу үшін жағдай жасауға мүмкіндік туады. Сол арқылы мақсатты индикаторларға жетуге болады.

Бағдарламаны жүзеге асыру тек қана денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне жүктелген міндет емес, бұл аса маңызды іске барлық тиісті орындар атсалысуы керек. Бағдарлама аясында салауатты өмір салтын қалыптастыру және әлеуметтік аурулар деңгейін төмендету, дұрыс тамақтану, жасөспірімдер мен мектеп оқушыларының денсаулығы, төтенше жағдайлар кезінде шұғыл медиицналық құтқару қызметін жолға қою секілді өзге де мәселелер қамтылады. Қазіргі кезде аймақтарда осы бағыттағы жұмыстарға баса назар аударылуда. Әсіресе, соңғы жылдары төтенше жағдайлар кезінде және де басқа да болуы мүмкін адам өлімінің себептері анықталып, болдырмау шаралары жасалуда.

Осы мақсатта, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Сот-медицинасы орталығы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Қызылорда филиалы адам өліміне соқтырған күдікті жағдайларға түрлі сараптамалар жүргізеді. Оның ішінде денсаулыққа келтірілген зиянның сипаты мен ауырлығын, жыныстық жағдайларын анықтау және сот медицинасы саласындағы танымдарды талап ететін басқа да мәселелерді шешу үшін жәбірленушіге, айыпталушыға және басқа да тұлғаларға сараптама жүргізу, зертханалық зерттеу әдістерін қолдана отырып, заттай айғақтарға сараптама жүргізу, тергеуге дейінгі тексеру материалдарына, қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істерге, сондай-ақ, жеке айыптау ісі бойынша сараптама жүргізу кіреді.

2013 жылы 476 адам өліміне сот-медициналық сараптау жүргізілген. Оның ішінде зорлық-зомбылық, қайғылы жағдайда қайтыс болған 309 адам өліміне сот-медициналық сараптау жүргізіліп, олардың қандары мен зәрлерін сот-химиялық зерттеу барысында 126-сынын спирттік ішімдік ішкендіктері анықталған. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында 80 адам өліміне сот-медициналық сараптау жүргізілді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, адам өліміне соқтыратын түрлі жол-көлік апаттары қазіргі уақытта өршіп тұр. Бұл мағлұмат әрбір азаматтың сақтану шараларына мұқият болуы қажеттігіне ескерту. Адам – мемлекет қазынасы. Сондықтан да аталған бағдарламада көрсетілгендей, қайтыс болғандар санын болашақ барынша төмендету мақсаты тұр. Ол үшін баршамыз біріге жұмыс атқаруымыз керек. 

 

Рахымжан ӘЛІП,

ҚР ДСМ Сот медицинасы орталығы 

республикалық мемлекеттік 

қазыналық кәсіпорны Қызылорда 

филиалының директоры  

Ә мәтіні

Адам өмірін сақтау үшін жүгіру керек!

20 қыркүйек

21 қыркүйекте орталық қалалық саябақта Астана әкімдігінің қолдауымен Британ-Қазақ қоғамы қайырымдылық жүгіру шарасын ұйымдастырады. Бұл шараның мақсаты адамдардың өмірін сақтауға бағытталған жобаларды іске асыруға қаржы жинау болып табылады.

Мысалы, былтыр осындай жүгіру шарасы кезінде жиналған барлық қаржы Петропавл қаласындағы «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Тыныс ал, балақай!» жобасын жүзеге асыруға берілді.

Ұйымдастырушылар бұл жобаны, қайырымдылық мақсатта жүгіру шарасын 2009 жылы бастады, және сол уақыттан бері, жиналған қаражаттарға шала туған нәрестелердің тыныс алуларына көмектесуге арналған заманауи медициналық аппараттар сатып алу мүмкіндігі іске асырылды. Бүгінде мұндай аппараттар Алматы, Қарағанды, Семей, Өскемен, Атырау, Тараз, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент, Петропавл, Павлодар, Қостанай, Талдықорған қалаларының бірқатар перзентханаларында орнатылған.

2012 жылы Алматы мен Астанада өткен қайырымдылық жүгіруге қазақстандық танымал спортшылар - Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, Олимпиада жүлдегерлері Әділбек НиязымбетовИван ДычковМарина Вольнова қатысты.

«АЯЛА» қайырымдылық қорының діттеген мақсаты - жиналған қаржыны тек осындай жобаларды іске асыруға тікелей беру болып табылады.

28 қыркүйекте осындай қайырымдылық жүгіру шарасы Алматы әкімдігінің қолдауымен оңтүстік астанада өтеді.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу