Адам өмірін сақтау. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспарының үлгісі

Пән: қазақ тілі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

  • Бөлім

Адам өмірін сақтау

Оқу бағдарламасына сілтеме

Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату.

Оқу мақсаттары

10 О3. Көпшілікке арналған очерктің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау

Бағалау критерийі

Шығарманың тақырыбын анықтай алады; Стилі мен жанрын анықтай алады; Очерктің түрін ажыратып, дәлелдер келтіреді; Автордың тілдік қолданысына мысалдар келтіре отырып,талдау жасай алады; Кейіпкер жайында мақала жаза алады.

Құндылықтар

Адамгершілік, әрқашан көмектесу.

Тілдік мақсаттар

Очерк, портреттік, проблемалық, жолсапар, шынайы.

Алдыңғы білім

Адамзат дамуының жаһандық мәселелері

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту:

Сыныпты қалыпқа келтіру

Ой сергек. «Айна» әдісі.

Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарап тұрады. Біріншінің қимылын екіншісі айнаның алдында тұрғандай айнытпай қайталап, әртүрлі қимылдар жасайды. Кейін кезектеседі.

Сабақтың ортасы

30 минут

Мағынаны ажырату

Ойқозғау.

Суреттерге қарап ой қозғау, тақырыпты болжау.

Сабақтың мақсатын айту.

Сабақтан күтілетін нәтижені шығару.

С.Оқылым алдындағы тапсырма.

  • Адам жанын арашалаушы дәрігер қандай болу керектігі туралы өз ойларымен бөліседі.
  • Оқушылар өздері танитын бір дәрігерді сипаттайды.

Мұғалім оқушылардан очерк жанры туралы не білетіндерін сұрайды.

Очерк туралы білімдерін еске түсіріп, очерк түрлерімен таныстырады.

Ж.Оқылым тапсырмасы

Оқушыларға Гүлжауһар Сейітжанның «Түбектегі тұңғыш педиатр» тақырыбындағы очеркі ұсынылады. Оқушылар очеркті оқып, талдау жасайды.

  • Мәтіннің тақырыбын анықтайды
  • Мәтіннің стилі мен жанрын анықтайды
  • Очерктің түрін анықтайды, дәлелдер келтіреді.
  • Жазушының тілдік қолданысын талдап, мысалдар келтіреді

Бағалау.

Шығарманың тақырыбын анықтай алады;

Стилі мен жанрын анықтай алады;

Очерктің түрін ажыратады;

Очерктің түріне дәлелдер келтіреді;

Автордың тілдік қолданысына мысалдар келтіре отырып,талдау жасай алады.

ЖЖ.Оқылымнан кейінгі тапсырма.

Очеркке арқау болған Жұмагүл Орынбайқызын жастарға таныстырып, шағын мақала жазыңыз. Мақалада очерктегі негізгі деректерді негізге алыңыз.

Мақаланы жазбас бұрын, мына сұрақтар туралы ойланыңыз

1.Оқырмандар не туралы білгісі келетінін білесіз бе?

2. Ол туралы сіздің біліміңіз жеткілікті ме?

3. Мақалаңызбен оқырманыңызды қызықтыра аласыз ба? Ол үшін не істейсіз?

4. Мақалаңыздың сапалылығын қалай анықтайсыз?

ksu.edu.kz/images/news/slider/2016/portfolio4/ocherk.pptx

https://martebe.kz/ocherk-zhazudyn-tasili/

http://www.ikitap.kz/reader/ocherkteri

Бағалау смайликтері

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс. Ауызша.

Рефлексия.

Менің білгенім:

Мен үшін қызық:

Түсінбегенім:

Қосымша мағлұматтар

 Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу