Адам өмірін сақтау. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ. 1 нұсқа.


Пән: қазақ тілі

1-нұсқа

Мектеп:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Адам өмірін сақтау. Тілдік жүйе және норма.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Адам өмірін сақтау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу;

10.4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу

Сабақтың мақсаттары

Лексикалық құрылымдарды қолданып, сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай отырып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу.

Бағалау критерийі

  • лексикалық құрылымдарды тиімді қолданады
  • көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп жазады;
  • сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтайды.

Тілдік мақсаттар

Тақырып аясында оқушылар клишелер мен лексикалық құрылымдарды орынды қолдануға үйренеді, өзге пәндер бойынша меңгерген білімін, алған ақпараттарын қазақ тілінде сауатты қолдана алады.

Құндылықтарды игерту

Жауапкершілік (өз тапсырмасын жауапкершілікпен орындау).

Құрмет (бір-бірінің ойына, пікіріне құрметпен қарау).

Патриоттық (заңдылықтарды білу сауаттылығы)

Пәнаралық байланыс

Құқық (сабақ ортасындағы материалдар негізінде)

Бастапқы білім

Тілдік жүйе және норма.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 минут

Оқушыларға бөлім атауына сай суреттер көрсетіледі. Суреттерге қарай отырып, оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды. Әңгімелесу, сұрақ-жауап жұмыстары жүргізіледі.

  • Суреттерде не бейнеленген?
  • Суреттер туралы не айта аласыз?
  • Суретке қарай отырып сабақтың тақырыбын

айқындаңыз (қосымша басқа да жетелеуші сұрақтар қоюға болады).

Сабақтың оқу мақсаты таныстырылып, бағалау критерийлері оқушылармен бірге талқыланады.

https://www.google.com/search?q=адам+өмірін+сақтау+фото&rlz=1C1GGRV_enKZ760KZ760&

Сабақтың ортасы

7 минут

22 минут

5 минут

Жазылым алдындағы тапсырма

Оқушылар адам өмірін сақтандыру туралы не білетіндерін ортаға салады. Оқушыларға адам өмірін сақтандыру туралы мәтін ұсынылады.

Еуропа елдерінде халықтың 98 пайызға жуығы сақтандыру компанияларына өмірін сақтандырып қойған. Ал статистикалық мәліметке сүйенсек, Қазақстанда өмірін сақтандырған адамдар саны 2 пайызды құрайды. Бір қызығы адамның өте сирек кездесетін, әсіресе иесіне табыс әкелетін қабілетін сақтандыру қалыпты жағдайға айналып барады. Мысалға спортшылар дене мүшесін, әншілер дауысын деген секілді. Ал еліміздің қарапайым халқы өз өмірін сақтандырудың тиімділігі туралы біле бермейді.  Өмірді сақтандыру компаниясының негізгі мақсаты денсаулыққа зақым келген жағдайда оны емдетуге қаржылай көмек беру және сол адам кенет о дүниелік болып кетсе, оның табысына тәуелді адамдардың  өмірін  қаржылай  қамтамасыз ету. Алайда, заң бойынша өмірін сақтандыра алмайтын тұлғалар да бар. Сақтандыру менеджері Данышпан Балтамашұлының сөзіне сенсек, зейнеткерлер, мүгедектер және нашақорлар мен алкагольді ішімдік тұтынатын тұлғалар, психологиялық аурумен ауыратын және бұрын қамауда болған қылмыскерлер өмірлерін  сақтандыра алмайтын болып шықты. https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/2997/ Оқушылар мәтінді оқып, сақтандырудың артықшылықтары мен кемшіліктерін талдап, шағын пікірталас ұйымдастырады.

Жазылым тапсырмасы

«Адам өмірін сақтандыру қажет пе?» тақырыбында өз ойын дәлелдеп эссе (130-150 сөз) жазады. Эсседе ұсынылған тірек сөздерді орынды пайдаланады.

Тірек сөздер: ҚР «Сақтандыру қызметі туралы» Заңы, өмірді сақтандыру, жазатайым жағдайлардан сақтандыру, сенім арту, сақтандыру компаниялары, жеке тұлға, қамтамасыз ету, өмірін сақтандыру

Дескриптор:

  • эссе құрылымын сақтайды;
  • ұсынылған тірек сөздер мен тіркестерді орынды қолданады;
  • өз ойын және шешімдерін дәлелді жеткізеді;
  • сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтайды.

Жазылымнан кейінгі жұмыс

«Шеңбер» әдісі бойынша оқушылар бір-бірінің эссесін оқып шығады. Жұмыстардағы үздік ой және идеялармен бөліседі.

https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/2997/

Сабақтың соңы

3 минут

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.

Эссе жұмыстары бойынша өз ұсыныстары мен тілектерін айтады. Жазба жұмысында ескеретін жайттарға талқылаулар жасайды.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

 

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу