Тілдік жүйе және норма. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ. 2 нұсқа.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адам өмірін сақтау Тілдік жүйе және норма Сөз тазалығы. Көркем әдебиет стилінің ерекшеліктері | Мектеп: Ақтөбе қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 10 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||
Сабақтың тақырыбы | Адам өмірін сақтау. Тілдік жүйе және норма (2-нұсқа) | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.3.1.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, нұсқаулық жазу; 10.4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу. | ||||||
Сабақтың мақсаты | Ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, нұсқаулық жазу; Сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу. | ||||||
Бағалау критерийі |
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Осы тақырып аясында оқушылар тіл мен сөйлеу әрекеттері түрлері туралы білімін кеңейтеді, өзге пәндер бойынша меңгерген білімін қазақ тілінде сауатты қолдана алады. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым бойынша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны... | ||||||
Құндылықтарды игерту | Ынтымақтастық, өзіне және өзгелерге құрмет, жауапкершілік құндылықтарын дамыту топтық жұмыстар барысында іс-жүзіне асырылады. | ||||||
Пәнаралық байланыс | География, экология | ||||||
Бастапқы білім | Оқушылардың төменгі сыныптан әдеби тілдің стильдері туралы түсінігі бар, ғылыми стильдің ерекшеліктерін біледі. | ||||||
Жоспар | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||
Сабақтың басы 5 минут | Қызығушылықты ояту
Оқушыларға сурет көрсетіліп, «сабақ не туралы?» деген болжау сұрағы қойылады. Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды, сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді. Жұптарға бөлінеді. | слайд | |||||
Сабақтың ортасы 10 минут 15 минут 5 минут | Жазылым алдындағы тапсырма
Оқушылар ой жинақтап, сұрақтарға жауап береді. Мұғалім оқушыларды тыңдап, кейін жауаптарын толықтырады. Нұсқаулық (Инструкция; лат. instructio — құру, ереже) - әлденені орындау, жүзеге асыру тәсілі мен тәртібін бекітетін тәртіптер жинағы. Мәтін таратылады. Оқушылар мұқият оқып шығып, жұпта талқылайды.
Жазылым тапсырмасы С.Талқылау сұрақтары: • Ғылыми-көпшілік стилі туралы не білеміз? • Ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктері қандай? • Қандай тілдік құралдар қолданылуы мүмкін? • Ғылыми стиль мен ғылыми-көпшілік стилінің айырмашылығы қандай? Оқушылар ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін ескере отырып, мәтінді үлгі ретінде пайдаланып, қоршаған ортаны қорғауға арналған нұсқаулық жазады. Сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу қажеттігі ескертіледі. Жазылымнан кейінгі тапсырма Оқушылар өз жұмыстарын дескриптор арқылы жұпта бағалайды. Жұбының жұмысына кері байланыс жазады. Дескриптор:
Мұғалімнің кері байланысы | Слайд https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D2%B1%D1%81%D2%9B%D0%B0%D1%83%D0%BB%D1%8B%D2%9B https://surak.baribar.kz/625884/ слайд | |||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі Қоршаған ортаны қорғау - . . . . | слайд | |||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | |||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?