Тілдік жүйе және норма. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ. 1 нұсқа.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адам өмірін сақтау. Тілдік жүйе және норма

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 T1

Қатысқан оқушылар саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Адам өмірін сақтау. Тілдік жүйе және норма

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Сөз тазалығы. Көркем әдебиет стилінің ерекшеліктері

10.2.3.1 көпшілікке арналған очерктің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау

10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

 Сабақтың мақсаттары

Көпшілікке арналған очерктің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау

Әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

 Бағалау критерийі

Очерктің құрылымы мен рәсімделуін біледі, жанрлық ерекшеліктерін талдайды.

Публицистикалық және көркем әдебиет мәтіндерінің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: денсаулық, адам өмірін сақтау, медицина

Қажетті сөздер мен тіркестері:

Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойымша…

Құндылықтарды игерту

Сабақта оқушыларға денсаулық құндылығын дарыту жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыс

Медицина, биология

Бастапқы білім

Оқушылар төменгі сыныпта алған білім, білік, дағдыларына сүйенеді.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылығын ояту. Сабақтың тақырыбын болжайды.

 Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.

таныстырылым

Сабақтың ортасы

7 мин

15 мин

  • мин

Оқылымалды жұмысы

Оқушылар адам жанын арашалаушы дәрігер қандай болу керектігі туралы өз ойларымен бөліседі.

Оқылым жұмысы

Екі мәтінді оқып, кестені толтырыңыз.

Екі мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығы

1-мәтін

 2-мәтін

Тақырыбы

Мақсаты

Мазмұны

Көзделген аудиториясы (кімге арналғандығы)

Стилі, жанры

Тілі

  • Сөз деңгейінде
  • Сөйлем деңгейіне
  • Мәтін деңгейінде
  • Сөз деңгейінде
  • Сөйлем деңгейіне
  • Мәтін деңгейінде

Дәрігердің үш қаруы

— Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! — деді диктор да қуанып. — Қарағайлыға қарай ұшатын самолетке отыру басталды. Қайталаймын...

Әшім көзілдірігін асығыс киіп, орнынан атып тұрып, кассаға қарай жүгірді. Геологтар артынып-тартынып тысқа шығатын есікке қарай анталады. Қону алаңында «АН-12» самолетінің моторлары бірінен соң бірі от алып, қалақшалары әуелі жайлап айналып, бірте-бірте боран таптаған ақ қарды құйындай ұшырып, көзге көрінбей, бұлдыр ауаға сіңіп кеткендей болды.

— Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! — деді диктор дәл бір Әшімге ғана арнап айтқандай бір түрлі салтанатты дауыспен. — Көктоғайға ұшатын самолетке отырғызу басталды.

— Ал, сау-саламат болыңыз! Сіздің самолетіңіздің тезірек келуіне тілектеспін, — деді Әшім кішкентай қол чемоданын келіп алып тұрып.

— Сау бол, Сырғаға сәлем айт! — дедім мен шын пейіліммен. — Оның сауығып кетуіне, арманына жетуіне тілектес тағы бір бейтаныс адам бар екенін айт.

— Рақмет! — деді Әшім. Сөйтіп студент күннен мұраға қалған мақталы шолақ пальтоның жағасын көтеріп, көзілдірігін түзеп қойып, самолетке беттеді.

Сонда орта ғасырдың ұлы ғалымы Ибн-Синаның бір сөзі есіме түсті: «Дәрігердің үш қаруы бар: бірі — пышақ, екіншісі — шөп, үшіншісі – сөз» деп еді ол. Пышағы — хирургтің қандауыры, дәрі-дәрмек атаулының бәрі шөптен шығады. Ал шын жүректен шыққан жылы сөз, ауру адамға деген сүйіспеншілік сөзі — өте құдіретті сөз. Әне, анау самолеттің баспалдағына аяғын аттап салған жігіттің кішкене чемоданындағы әрең іздеп тапқан жаңа дәріге жас доктордың ауру адамға деген сүйіспеншілігі, жалынды сөзі қосылмаса, жалаң дәрінің өзі дәрменсіз болар ма еді...

Шерхан Мұртаза

Түбектегі тұңғыш педиатр

1985-жылдың он үшінші декабрі. Бұл күні Шевченко қаласындағы Абай атындағы Мәдениет сарайында кезекті облыстың партия конференциясы басталған. Оған басқа да коммунистермен бірге апалы-сіңлілі Жұмагүл мен Бақыт – түбектің тұңғыш педиатры, облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері мен Халық депутаттары Форт-Шевченко қалалық Советі атқару комитетінің председателі де қатысып отырды. Ағайынды делегаттарға конференция тағы да бір үлкен қуаныш сыйлаған: Жұмагүл Орынбайқызы Сарина Қазақстан Компартиясының кезекті XVI съезіне делегат болып сайланды.

.. Бір жолы Тұрыштағы интернат балалары арасында эпидемия тарады. Жұмагүлдің осы балаларды емдеуіне тура келген. Күнделікті дәрі-дәрмектерін өз қолынан ішкізбесе, көңілі көншімеді. Әрбіреуінің жанына отырып, жылы қабақпен жағдайын сұрамаса, жетімсіретіп алатындай. Жұмагүл көңілі сонда да тыншымаған. Күнделікті емін жасап өзге де жұмыстарын реттеген соң бір күні қолына дорба алып, үй-үйді аралап кетті.

— Интернат балалары үшін көк сарымсақ керек еді. Үйлеріңізде ондайдан ештеңе жоқ па, — дейді сонда айтатыны. Өзі үшін өмірінде біреуден сабақ жіп сұрап көрмеген басы, сол жолы басқаның бәрін де ұмытқан секілді. Көз алдында тек қана өзіне жәудірей қарап, көмек күткен балалар ғана...

Ауыл адамдары дәрігер қыздың мұқтажын жүректерімен ұққандай. Бір-екі тал болса да, қолына ұстатып жатыр...

Ақыры күткен күн де жеткен. Балалардың бәрі де бастарын көтерді. Аурудың беті қайтты. Осылайша он күн бойына күнімен-түнімен дерлік тыным таппаған дәрігер қыз жеңіспен үйіне оралған.

Гүлжауһар Сейітжан

Оқылымнан кейінгі тапсырма

Екі мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығын (мәтіннің мақсаты, мазмұны, стилі мен тілі) салыстырып жазыңыз. Тапсырманы орындағанда тіл сапасына, тапсырманы анық және ұқыпты орындауға мән беріңіз.

Дескриптор:

Публицистикалық және көркем әдебиет мәтіндерінің ұқсастығы мен айырмашылығын біледі.

Екі мәтіннің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын талдайды.

Тілдік ерекшелігін салыстырады.

http://bilim-all.kz/article/8613-Tubektegi-tungysh-pediatr

https://kitap.kz/books/darigerding_ushinshi_qaruy

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

  • - Бүгінгі сабақ несімен пайдалы болды?
  • - Қай тапсырма қиындық тудырды?
  • - Қай тапсырманы орындау қызықты болды?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу