Адам өмірін сақтау. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ: 1-сабақ

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

2-бөлім: «Адам өмірін сақтау».

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау

 Сабақтың мақсаттары

Т/А2- мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (пікірталас) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау.

 Бағалау критерийлері

Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдайды.

Мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдайды.

Тілдік мақсаттар

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің ойымша.....

Мен келісемін…

Мен келіспеймін…

«Сақтансаң сақтармын», «Сақтықта қорлық жоқ», «Адам болып жүргенің амандықта...». Өмір қауіп-қатерге толы, «Ажал жетпей - өлмек жоқ», сақтандыру полюсі.

Тәрбиелік мәні

Оқушыларды сөйлеу этикетінің формаларын сақтауға ынталандыру.

АКТ қолдану

Интербелсенді тақта визуалды материалды демонстрациялауға қолданылады.

Пәнаралық байланыс

тарих, қоғам, валеология

Осыған дейін меңгерілген білім

3-тоқсан бөлімдері

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту

«Қошемет» ойыны. Оқушылар бір бірімен жұп болып араласады: бір бірінің есімдерін атайды. Сәлемдесіп, бір біріне қошеметтер айтады. Әрбіреунің алдында неғұрлым көп оқушымен 3 минутта сөйлесу міндеті тұр.

Тақырыпты болжау. Оқушылар берілген суреттер арқылы тақырыпты болжайды.

Сабақтың оқу мақсаты, бағалау критерийімен танысады.

Сабақтың ортасы

35 минут

Мағынаны тану кезеңі

Тыңдалым алдындағы тапсырма

«Сұрақтар алаңы». Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.

  • Адам өмірін қалай сақтауға болады?
  • Адам өмірін сақтауға арналған қандай жобалар мен бағдарламаларды білесіңдер?
  • Өздеріңнің денсаулықтарыңызды қалай күтесіздер?

Оқушылар адам денсаулығына ықпал ететін факторлармен танысады. Өмірді, яғни денсаулықты нығайтатын және нашарлататын факторларды оқып, жауаптарымен салыстырады.

Факторлар ықпал ету саласы

Денсаулықты нығайтатын факторлар

Денсаулықты нашарлататын факторлар

Генетикалық

Салауатты тұқымқуалаушылық. Ауру туындауда морфофункциялық алғышарттар болмауы.

Тұқым қуалайтын аурулар мен бұзушылықтар. Ауруларға тұқым қуалаушылық бейімділік.

Қоршаған орта жай-күйі

Жақсы тұрмыстық және өндірістік жағдайлар, қолайлы климаттық және табиғи жағдайлар, экологиялық қолайлы тіршілік ету ортасы .

Тұрмыс пен өндірістің зиянды жағдайлары, қолайсыз климаттық және табиғи жағдайлар, экологиялық ортаның бұзылуы.

Медициналық қамтамасыз ету

Медициналық скрининг (байқау), профилактикалық шаралардың жоғары деңгейі, замануи және толыққанды медициналық жәрдем.

Денсаулық қарқынына тұрақты медициналық бақылаудың болмауы, бастапқы профилактиканың төмен деңгейі, сапасыз медициналық қызмет

Жағдайлары және өмір сүру салты

Өмір сүруды тиімді ұйымдастыру: отырықшы тұрмыс, дұрыс қозғалыс белсендігі, әлеуметтік тұрмыс.

Тиімді өмір салтының түзімі болмауы, миграциялық процестер, гипо - немесе гипердинамия.

ЖЖ.Тыңдалым тапсырмасы.

Оқушылар "Адам өмірін сақтандыру" тақырыбында екі бейнематериал тыңдап, термин сөздерді теріп жазады.

Оқушылар жұпта тақырып аясындағы термин сөздер, тілдік оралымдарды анықтайды.

  • Термин сөздер

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Термин сөздер қандай мақсатта қолданылған?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Оқушылар тыңдалым мәтінінде көтерілен мәселе бойынша сұрақтар құрайды.

  • Оқушылар алдымен жеке 2 сұрақ құрайды.
  • Жұптарға бірігіп, 4 сұрақтан ақылдасып, баға беру арқылы 2 сұрақты қалдырады.
  • Жұптар шағын топ құрайды, шағын топта әр жұп екі сұрағын таныстырады. Топта ақылдасып, үздік 1 сұрақты таңдап алады.

Кейін топтар сұрақтарды бір-біріне қояды.

Дескрипторлар:

  • тыңдалған мәтінді түсінеді;
  • кем дегенде 3 термин таба алады;
  • кем дегенде 3 терминның қолдану мақсатын айта алады.

Үлестірмелі кесте

«Адам денсаулығына ықпал ететін факторлар» кестесі

https://www.youtube.com/watch?v=2e3hUaa9CNk

Бүгін - Адам өмірі тұңғыш рет сақтандырылған күн

2 мин 43 сек

https://www.youtube.com/watch?v=kXjA26IyTjI

Сақтандыру керек пе?

0 мин 33 сек

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Үй тапсырмасы: «Адам өмірі неге маңызды?» ойтолғау жазу

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу