Тілдік жүйе және норма. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адам өмірін сақтау

Тілдік жүйе және норма

Сөз тазалығы. Көркем әдебиет стилінің ерекшеліктері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 Т1

Қатысқан оқушылар

саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Адам өмірін сақтау. Тілдік жүйе және норма

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.1.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, нұсқаулық жазу;

10.4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу.

 Сабақтың мақсаты

Ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, нұсқаулық жазу;

Сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу.

 Бағалау критерийі

  • ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін біледі;
  • тілдік құралдарды орынды қолданады;
  • нұсқаулық жаза алады;
  • сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтайды.

Тілдік мақсаттар

Осы тақырып аясында оқушылар тіл мен сөйлеу әрекеттері түрлері туралы білімін кеңейтеді, өзге пәндер бойынша меңгерген білімін қазақ тілінде сауатты қолдана алады.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым бойынша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны...

Құндылықтарды игерту

Ынтымақтастық, өзіне және өзгелерге құрмет, жауапкершілік құндылықтарын дамыту топтық жұмыстар барысында іс-жүзіне асырылады.

Пәнаралық байланыс

Валеология. Оқушыларды инфекциялық аурулар түрлерімен, инфекция берілу механизмдерімен және организмнің қорғаныш функцияларын нығайту бойынша шараларымен таныстыру.

Бастапқы білім

Оқушылардың төменгі сыныптан әдеби тілдің стильдері туралы түсінігі бар, ғылыми стильдің ерекшеліктерін біледі.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту       

Оқушыларға суреттер көрсетіліп, «Сабақ не туралы?» деген болжау сұрағы қойылады. Тақырып анықталған соң оқушылар «Инфекциялық аурулар деген не?» сұрағы бойынша жауаптарымен бөліседі.

    

Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды, сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді. Жұптарға бөлінеді.

слайд

Сабақтың ортасы

10 минут

15 минут

5 минут

Жазылымға дайындық

С. Талқылау сұрақтары:

  • Ғылыми-көпшілік стилі туралы не білеміз?
  • Ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктері қандай?
  • Қандай тілдік құралдар қолданылуы мүмкін?
  • Ғылыми стиль мен ғылыми-көпшілік стилінің айырмашылығы қандай?
  • Нұсқаулық не үшін жазылады?
  • Нұсқаулық жазуда қандай талаптар қойылады?

Оқушылар ой жинақтап, сұрақтарға жауап береді.

Мұғалім оқушыларды тыңдап, кейін жауаптарын толықтырады.

Нұсқаулық (Инструкция; лат. instructio — құру, ереже) - әлденені орындау, жүзеге асыру тәсілі мен тәртібін бекітетін тәртіптер жинағы.

Мәтін таратылады. Оқушылар мұқият оқып шығып, жұпта талқылайды.

Отбасы немесе оқу орнында инфекциялық науқас пайда болған кезде іс-қимыл тактикасы

  • Ауруға күмәнданған кезде оқушыны нашар сезіну себептерін анықтауына дейін оқшаулайды.
  • Инфекциялық ауру айқындалған кезде дереу инфекция таралуды ескерту шаралары қабылдануы және бірден жедел жәрдемді шақыруы тиіс.
  • Науқастар жұқтырудың бүкіл кезеңінде оқшауланады; инфекциялық ауруға күдіктенген кезде – нақтыланған диагнозына қарай; науқаспен қатынаста болған – инкубациялық кезеңнің неғұрлым ұзақ болуына тең мерзімге.
  • Науқасты арнайы инфекциялық ауруханаға жібергеннен кейін барлық байланысты болған науқастармен профилактикалық әңгіме жүргізеді және қажетіне қарай санитарлық өңдеуді өткізеді.
  • Жалғыз инфекциялық ауру кезінде ауруханаға жатқызу міндетті, басқа – оқшаулау үйде жүргізу болып табылады.
  • Үйде оқшаулау кезінде науқасқа жеке бөлме немесе шымылдықпен бөлінген бөлменің бір бөлігін, ыдыс аяқ және басқа тұрмыстық құралдарды бөлу, зарарсыздандыру ерітінділерін пайдаланумен ағымды өңдеуді жүргізу, күніне бірнеше рет бөлмені желдету қажет. науқастың тамақтануы жеңіл қорытылатын, витаминдерге бай болуы тиіс, молынан су ішу ұсынылады.
  • Науқасты күтуді жүргізетін адамдарға ықтимал жұқтыру профилактикасының қажетті шараларын хабарлайды (марля бетпердесін кию, аурумен байланыста болғаннан кейін қолдарды жуу және т.б.).

Жазылым тапсырмасы

Жеке жұмыс

Инфекциялық ауруларға адамдардың қабылдамаушылығы жоғарылауымен байланысты профилактикалық шаралар адам иммунитетін арттыруға бағытталған сауықтандыру шараларын көздейді.

  • Иммунитетті нығайту үшін не істеу қажет?
  • Инфекциялық аурулар таралу жағдайында жеке қауіпсіздік ережелері

Оқушылар екі сұрақтың беруін таңдап, нұсқаулық жазады.

Сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу қажеттігі ескертіледі.

Бағалау

Оқушылар өз жұмыстарын дескриптор арқылы жұпта бағалайды. Жұбының жұмысына кері байланыс жазады.

Дескриптор:

  • нұсқаулық жаза алады;
  • ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін біледі;
  • тілдік құралдарды орынды қолданады;
  • сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтайды.

Мұғалімнің кері байланысы

Слайд

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D2%B1%D1%81%D2%9B%D0%B0%D1%83%D0%BB%D1%8B%D2%9B

Нұсқаулық

https://ppt-online.org/306598

ғылыми стиль

https://lektsii.org/11-27319.html

Жұқпалы аурулардың алдын алу

слайд

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі

Иммунитетті нығайту - . . . .

слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу