Адамның өміріндегі отбасы: жақсы және нашар көңіл-күйлер себептері. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары.


Пән: қазақ тілі

2-нұсқа

Мектеп:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Адам өмірін сақтау. Тілдік жүйе және норма.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Адам өмірін сақтау

Адамның өміріндегі отбасы: жақсы және нашар көңіл-күйлер себептері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу;

10.4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу

Сабақтың мақсаттары

Лексикалық құрылымдарды қолданып, сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай отырып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу;

Бағалау критерийі

  • лексикалық құрылымдарды тиімді қолданады
  • көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп жазады;
  • сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтайды.

Тілдік мақсаттар

Тақырып аясында оқушылар клишелер мен лексикалық құрылымдарды орынды қолдануға үйренеді, өзге пәндер бойынша меңгерген білімін, алған ақпараттарын қазақ тілінде сауатты қолдана алады.

Құндылықтарды игерту

Жауапкершілік (өз тапсырмасын жауапкершілікпен орындау).

Құрмет (бір-бірінің ойына, пікіріне құрметпен қарау).

Пәнаралық байланыс

Валеология. Оқушылардың бойында адамның өміріндегі отбасының, отбасылық құндылықтардың рөлін, отбасылық қатынастар үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Адамның өміріндегі отбасының рөлі, отбасылық құндылықтар мен жауапкершілікті ата-ана туралы түсінік беру.

Бастапқы білім

Тілдік жүйе және норма.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту

 Оқушыларға сабақтың тақырыбына сай суреттер көрсетіледі. Суреттерге қарай отырып, оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды.

 Сабақтың оқу мақсаты таныстырылып, бағалау критерийлері оқу шылармен бірге талқыланады.

МД слайд

Сабақтың ортасы

10 минут

20 минут

2 минут

Жазылымға дайындық тапсырмасы

1-тапсырма: ой-талқы.

  • Адамға отбасы не үшін керек?
  • Адам өмірін сақтауда отбасының рөлі қандай?
  • Отбасылық құндылықтар «бәйтерегін» ұсынып көріңіздер

2-тапсырма. Оқушылар 2 мәтінді оқып, жазылымға пайдалы тіркестерді маркерлейді. Оқушылар шағын пікірталас ұйымдастырады. Күнделікті өмірден мысалдар келтіреді.

 Көптеген адамдар ең бастысы – мына өмірде бәрін көріп, бастан кешіру, барлық жерге бару, естен кетпес әсерлер алу дейді. Алайда, бәрі де тап осындай емес. Ең бастысы, мына өмірден белгісіз, ізсіз кетпей, артыңда жолыңды лайықты жалғастырар өзіңнің бір бөлшегіңді - балаларды және немерелерді қалдыру керек. Отбасы сол үшін құрылады. Бірақ отбасын жай құра салу жеткіліксіз. Отбасының барлық мүшелерінің арасында жылы, мейірімді қатынастарды сақтау, балаларға жақсы тәрбие беру керек. Отбасы адамның тұрақты тірегі мен қолдаушысы болуы керек. Отбасындағы бір біріне деген сенім, қай кезде, қандай жағдайда болса да ақыл, кеңес, қолдау алуға болатына деген сенімнің болғаны жақсы.

 Өкінішке қарай, барлық отбасында бірдей өзара түсіністік бола бермейді, кей кезде өзара туыс адамдар өзара тіл табыса алмай, әркім өз бетінше өмір сүреді. Мұндай проблема болмауы үшін жай ғана отбасының өз өміріңіздегі аса зор маңызын сезініп, түсіну керек. Өзін ешқашан да бірге туғандары, туыстары мен жақындарынан артық ешкім де түсініп, жақсы көре алмайтынын әр адам түсінуі қажет.

 «Валеология», 79 бет.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЗАҢНАМАСЫ НЕКЕ МЕН ОТБАСЫ ТУРАЛЫ НЕ ДЕЙДІ?

 Ерлер мен әйелдердің нәсілге, ұлтқа немесе діни сеніміне қарай ешқандай шектеусіз некеге тұру және отбасын құру құқығы жалпыға бірдей танылған қағидат болып табылады.

 Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында: «Неке мен отбасы, ана болу, әке болу және балалық шақ мемлекеттің қорғауында» деп жазылған.

 Қазақстан Республикасының әйелдер мен кәмелетке жетпегендерді қорғау саласындағы қазіргі заманғы заңнамасы халықаралық құжаттардың талаптары мен стандарттарына бағдарланады және некеге тұрудың ерікті және еркін қағидатын қамтамасыз етеді.

 ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес некеге тұрудың мынадай шарттары бар:

 - некеге тұратын еркек пен әйелдің еркін және толық келісімі;

 - олардың неке жасына толуы.

 Ешкім де Сізді некеге тұруға мәжбүрлей алмайды – Қазақстан заңнамасы осылай дейді. Отбасын құратын еркек пен әйелдің өзара еркін келісімін олар еркін және тәуелсіз түрде айтуға тиіс.

 Некеге тұрған кезде бұл бірінші кезекте маңызды болатын жағдай. Ал осы некені тіркеуші адамға болашақ ерлі-зайыптылардың біреуі қарсы екені белгілі болса, неке тіркелуі мүмкін емес. Некеге тұруға еркін түрде шешім жасалуын адам өзі растауы керек. Ешқашан да неке қиюды сенім білдірілген адам арқылы, туыстары немесе достары арқылы жүзеге асыруға болмайды.

 Некеге еркін тұру некелесетіндердің отбасын құруға өзара және саналы түрдегі дайын екендіктерін ғана көрсетіп қоймайды, сонымен бірге ол кімнің тарапынан болса да физикалық немесе психикалық түрде зорлық жасап мәжбүрлеудің жоқтығын да білдіреді.

Жазылым тапсырмасы

«Неліктен адам өмірінде отбасы өте маңызды рөл атқарады?» тақырыбында өз ойын дәлелдеп эссе (130-150 сөз) жазады. Эсседе мәтінде асты сызылған сөздерді орынды пайдаланады.

Дескриптор:

  • эссе құрылымын сақтайды
  • ұсынылған тірек сөздер мен тіркестерді орынды қолданады
  • өз ойын және шешімдерін дәлелді жеткізеді
  • сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтайды

Бағалау.

«Шеңбер» әдісі бойынша оқушылар бір-бірінің эссесін оқып шығады. Жұмыстардағы үздік ой және идеялармен бөліседі.

Слайд

Таратпа

https://ru.essays.club/%D0%93%D1%83%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%BD%D1%8B%D0%B5-%D0%BD%D0%B0%D1%83%D0%BA%D0%B8/%D0%AD%D0%BA%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F/%D0%90%D0%B4%D0%B0%D0%BC-%D3%A9%D0%BC%D1%96%D1%80%D1%96%D0%BD%D0%B4%D0%B5%D0%B3%D1%96-%D0%BE%D1%82%D0%B1%D0%B0%D1%81%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%A3-%D1%80%D3%A9%D0%BB%D1%96-132643.html

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия.

«Пікірлер салоны» әдісі.

Жұмыстардағы үздік пікірлер мен идеялар тізімін жасайды.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

 

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу