Адамзат дамуының жаһандық мәселелері. Қазақ тілі, 10 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.
САБАҚ: | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||||||||||||
Бөлім: | Адамзат дамуының жаһандық мәселелері | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Адамзат дамуының жаһандық мәселелері | |||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты | Жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну. | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Ж2 Ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазу. | |||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - Ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін анықтай алады; - Интервью жазуда тілдік құралдарды орынды қолдана алады. | |||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар түсінеді және сипаттайды... Тақырыпқа байланысты қолданатын тіркестер: Менің білетінім... Менің ойымша... Екінші жағынан... Мен ол мәселені мына жағынан қарастырғанды дұрыс көремін... Менің пайымдауым бойынша... | |||||||||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Өз сөздік қорларын дамытады және грамматика мен пунктуация аспектілерін жақсартады. Оқушылар бұл бөлімге өздерінің шынайы өмірдегі, адамзат дамуының жаһандық мәселелері туралы мағлұматтарын ортаға салады. | |||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Сәлемдесу.
Оқушылар сурет қиындыларын құрау арқылы 4 топқа бөлінеді. Әр топ өз суреттерінің бүгінгі сабақпен қаншалықты байланысы бар екенін анықтап, сабаққа болжау жасайды. Сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру. | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы |
Жазылымалды тапсырма: оқушылар мәтінмен таныспас бұрын, жаһандық мәселелерге байланысты ойларын ортаға салып, тірек кестесін жасайды. Жазылым тапсырмасы: 4 топқа «Қазіргі әлемдік саясат және жаһандық мәселелер » атты мәтіннен үзінділер беріледі. Берілген дереккөздегі ақпараттарды анықтайды. Жазылымнан кейінгі тапсырма: оқушылар танысқан, анықтаған ақпараттарды негізге ала отырып, жұбымен ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазады. Интервью жазуда ескеретін жай.
Кері байланыс: « Екі жақты күнделік» Алған ақпарат: Не білгім келеді? Үйге тапсырма: Жаһандық мәселелер туралы ақпараттар жинақтап келуге . | Мәтін. Қазіргі әлемдік саясат және жаһандық мәселелер http://www.sarap.kz/index.php/kz/rubikon/113-2013-05-22-05-12-28.html | ||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? Оқушылардың өздігінен өзденіп жұмыс жүргізуіне ықпал етемін. | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Сырттан бақылау арқылы, өз-өздерінің бірін-біріне бағалату арқылы тексеремін. | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс Өз бетімен топта тиімді жұмыс жасауға, өзін-өзі жетілдіру және дамыту қажеттілігін сезінуге ықпал етемін. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
1 –топ Қазіргі әлемдік саясат және жаһандық мәселелер
Әлемдік тәртіптер мен қатынастар үнемі өзгерісте. Әрбір мемлекет осы жүйеден өз орнын алуға тырмысады. Адамзаттың жалпы дамуы барлық мемлекеттер еріксіз есептесетін ортақ заңдылықтарды және даму тенденцияларын тудырады.
Әлемдік тәртіптерге жаһандық экологиялық өзгерістер, соғыстар қаупі, ядролық қауіпсіздік, азық-түлік тапшылығы, әлемдік ортақ ақпараттану, түрлі індет аурулары, индустриалдық-техникалық ортақтану, техногендік катастрофалар, халықаралық терроризм, наркотрафик, халықаралық заңсыз қару сату, халықаралық қылмыскерлік, адамдарды құлдыққа сату, діни экстримизм т.б. әлемдік қауіптер мен қайшылықтар үздіксіз өз ықпалдарын тигізіп отырды.
Ашық, ақпараттық, технологиялық қоғамдар құру жағдайында аталған қауіптер әрбір халыққа, әрбір мемлекетке және олардың азаматтарына өздерінің әсерін тікелей, немесе жанама түрде тигізеді. Әлемдік қауіптердің шиеленісуі әлемдік экономикалық, қаржылық дағдарыстарға себеп болуда. Жаһандық дағдарыстардан әрбір мемлекет зардап шегеді. Сондықтан әрбір мемлекет әлемдік дамудың ортақ мәселелерін шешуге мүдделі. Бірақта, қандай қуатты болмасын жеке бір мемлекет әлемдік мәселелерді шешуге қауқарсыз. Жаһандық қауіптер мен қайшылықтарға қарсы барлық мемлекеттердің бірлескен әрекеттері мен ортақ шаралары қажет. Әлемдік саясат мәні осындай зәруліктен туындайды. Әлемдік саясат-халықаралық қатынастар субъектілерінің, саяси акторлардың әлемдік мәселелерді, қауіптерді және қайшылықтарды бірлесіп шешуін ұйымдастырудың жолдары, бағыттары және әдістері болып табылады. Әлемдік саясат жаһандық мазмұндағы саясат. Себебі ол барлық халықтар мен мемлекеттерге ортақ саяси шындыққа тікелей қатысты.
Әлемдік саясат көпқабатты және көпжақты құбылыс. Себебі оның қызметі жаһандық өзгерістердің және жаңа құбылыстардың тууына байланысты. Мысалы, ғаламшардың жаһандық жылынуы әлем халықтарына түрлі табиғи апаттар әкелуде. Сондықтан өндірістің зиянды қалдықтарын азайтуға әрбір мемлекет мүдделі деп есептеледі. Алайда көпшілік мемлекетер өздерінің, капитал мүдделеріне әлі де болса басымдылық беруде. Өндіріс дамуда, зиянды қалдықтар өсе түсуде. Ал, әлемдік саясат адамзатты сақтау үшін әр ел өзінің эгоистік, ұлттық мүдделеріне тиым салу қажеттілігін талап етуде.
2 –топ Қазіргі әлемдік саясат және жаһандық мәселелер
Адамзаттың дамуы демографиялық дағдарыс, экологиялық қыспақ, азық-түлік тапшылығы сияқты дәстүрлі қауіптер мен қайшылықтарға қосарласқан жаңа қауіптерге душар болуда. Олар ядролық қарулардың және басқа да жаппай қыру қаруларының бақылаусыз таралуы, халықаралық терроризм, түрлі індет ауруларының жаңа түрлерінің қауіптері, адамдарды құлдыққа сату, жасырын миграция, аштық (әлем халқының 1 млрд. адамы қазір ашығуда), экстремизм, наркотрафик т.б. қауіптер мен қайшылықтар. Әлемдегі бейбітшілік пен тыныштықтың сақталуына зардаптарын тигізетін осы қауіп-қатерлерден келетін шығындарды азайтуға бағытталған тиімді де күшті саясатты басқа мемлекеттермен үйлестіре отырып жүргізуге әлемнің әрбір мемлекеті мүдделі.
Қазақстан өзінің географиялық орыналасуы жағынан әлемдік мүдделердің тоқайласқан аумағында тұр. Әлемге наша, наркотик өнімдерінің қомақты бөлігін шығарушы Ауғанстанның наркотрафигінің «солтүстік» бағытындағы Қазақстан жері арқылы ауған наркотиктері Ресей мен Батыс Европа елдеріне жол тартуда. Қазақстан әлемдік ВИЧ-СПИД індетінен тыс қала алмады. Егер 1987 жылы елде алғашқы ВИЧ - инфекциясы тіркелсе, 1996 жылы оның саны 46-ға жетті. 2009 жылдан бастап 2000-нан астам қазақстандықтар ВИЧ - инфекциясын жұқтыруда. Көршілес Өзбекстанда 2009 жылы 4016 адам, Қырғызстанда 687 адам ВИЧ-инфекциясын жұқтырған. Орта Азия мемлекеттерінде ВИЧ көбінесе инъекция жасалу кезінде таралатыны мәлім болып отыр /1/.
Соңғы 2009-2010 жылдарда бес жасқа дейінгі балалардың полимелит ауруының асқынуы байқалуда. Орта Азия халықтары үшін полимелит эпидемиясының ошағы Тәжікстан Республикасы болып отыр. Құс тұмауы, Шошқа тұмауы сияқты жаңа індеттер түрлері де шекараларды жоққа шығаруда.
Әлемдік тәртіптер мен мемлекетаралық қатынастардың өзара тәуелділік пен ортақтасу принципіне бейімделе түскендігі нақты байқалады. Әлем халықтары мен мемлекеттері жаһандық қауіптер мен мәселелерді бірлескен күшпен өзара келісім саясатымен ғана шешуге болатындығын ұғнып отыр. Әлем мемлекеттерінің жаһандық мәселелерді шешуге қатынасуы жолдары БҰҰ, ЕЫҚҰ, ШЫҰ, БСҰ сияқты халықаралық ұйымдар арқылы жүргізілсе, әлем халықтары жаһандық қауіптерге қарсы халықаралық азаматтық ұйымдар Гринпис, Халықаралық Қызыл Крест, Шекарасыз дәрігерлер, феминистік, гендерлік ұйымдар қызметтері арқылы жүргізілуде.
3–топ Қазіргі әлемдік саясат және жаһандық мәселелер
Қазіргі әлемдік саясаттың түрлі деңгейлері макро, мего, микро деңгейлері өзара байланысып біріне – бірі күшті ықпал жасап отырды.
Ұлттық мемлекеттер шеңберінен тысқары жүргізілетін, әлемдік мәселелерді реттеуге, немесе оларға ықпал етуді мақсат тұтатын саясат келесідей категориялардан тұрады.
1. Сыртқы саясат – мемлекеттің, немесе жеке халықтың сыртқы саладағы қызметі. Бұл саясат мемлекеттің басқа мемлекеттермен байланыс жасау, немесе жасамау деңгейін сипаттайды. Сыртқы саясат мемлекеттің өмір сүруіне қолайлы сыртқы жағдайларды жасауды көздейді. Әлемдік қауымдастықтан ұлттық мемлекеттің орнын табуына ықпал етеді.
2. Халықаралық саясат – мемлекеттердің халықаралық аренада бірлескен қызметі болып табылады. Саясаттың бұл саласы мемлекеттерді оларға ортақ мәселелерді бірлесіп, келісімдер арқылы шешу жолдарын көрсетеді. Халықаралық саясаттың елдер мен халықтар арсындағы өзара тәуелділіктің, шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті талап ететін мәселелердің көбеюіне байланысты маңызды арта түседі.
3. Мемлекетаралық саясат – жекелеген мемлекеттердің арасындағы қатынастар жүйесін белгілейді. Бұл саясат мемлекеттердің органдарының, қызметтерінің және өкілдерінің (президент, парламент, үкімет, сыртқы істер министрілігі, кеден т.б.) екі мемлекетке ортақ мәселелерін өзара келісіп шешулерінің жолдарын анықтайды.
4. Ұлттық мемлекет үстіндегі саясат (наднациональная политика) – жекелеген мемлекеттердің өздерінің кейбір егеменді құқықтарын өз еріктерімен халықаралық ұйымдарға беруімен сипатталады. Мысалы, мұнай бағасын халықаралық нарықта реттеу құқығы. Сыртқы, әлемдік саясаттың бұл бағыты Қазақстандық саясаттану ғылымында әлі зерттелген жоқ
5. Мультиұлттық саясат- бірнеше, немесе одан көп мемлекеттерден құралған біріккен саясат субъектілерлінің халықаралық қатынастарға ықпал етуі (ЕЫҚҰ, ЕО, ШЫҰ, БРИК). Бұл саясаттың субъектілері ұлттық мемлекеттер болып табылады.
6. Трансұлттық саясат – мемлекеттік емес саясат акторлары мен субъектілерінің: партиялар, кәсіподақтар, әлемдік діндердің ұйымдары, халықаралық үкіметтік емес ұйымдар, трансұлттық корпорациялардың т.б. халықаралық аренада қызмет етуі.
Аталған категориялардың барлығы әлемдік, немесе халықаралық саясат ұғымының түрлі аспектілерін, қырларын көрсетеді.
4–топ Қазіргі әлемдік саясат және жаһандық мәселелер
Әлемдік саясат халықаралық экономикалық, саяси, мәдени-ақпараттық, технологиялық байланыстардың жаңа деңгейге трансформациялануының нәтижесінен туды. Жаһандық мәселелер ұлттық мемлекеттік шекара көлемінде мүлдем шешілмейді. Көптеген күрделі мәселелер барлық мемлекеттерге ортақ жаһандық жүйеге айналып, жалпы әлемдік сипат алуда. Әлемдік мәселелерді шешу үшін әлемдік саясат мемлекеттердің шаруашылықтарының даму динамикасына, интеграциялық үдерістерді нығайтуға ықпал етуге тырысады. Осы арқылы әлемдік шаруашылық пен әлемдік нарықта мемлекеттердің өзара тәуелді байланысы күшейді. Бұл жағдай саяси қатынастардың бейбітшілік жолымен дамуына экономикалық тірек болады.
Әлемдік саясат, жеке мемлекеттердің саясатының жәй ғана жиынтығы емес. Ол жекелеген халықаралық қатынастар субъектісінің де саясатына сыймайды. Сонымен қатар әлемдік саясат халықтар мен мемлекеттердің ортақ, жалпы мақсат-мүдделерін тоқайластырып, түйістіріп халықаралық қатынастардың барлық элементтеріне өзінше жеке әсер етеді. Жаһандық саясаттың барлық элементтері бірімен-бірі байланысты, өзара тәуелді бола отыра біртұтас құбылыстың жеке бөлшектері ретінде қызмет істейді. Әлемдік саясаттың тиімділігі оны жасайтын мемлекеттердің ортақ қауіптерді түсіну дәрежесіне, жағдайды түзетуге бағытталған белсенді саясат ұстануына байланысты. Мемлекеттің сытқы саясаты әлемдегі болып жатқан өзгерістерге жауап бере алуының маңызы зор. Әлемдік шындықтарға нақты, әділетті бағасын беру арқылы мемлекеттер өздерінің қызметтерін үйлестіруге мүмкіндік алады. Жаһандық қауіптер мен қайшылықтарды бағалауда ортақ мәселеге келу арқылы мемлекеттер олардың бетін қайтарудың біріккен шараларын жасау саясатын күн тәртібіне қояды.
Әлемдік саясатты ішкі саясат сияқты орталықтанған билік басқармайды.. Сондықтан әлемдік саясатқа қатысушы акторлар әлемдік шындықтарға сәйкес өз беттерінше қызмет етеді. Сондықтан әлемдік саясаттың тәуекелі көп. Әлемдік саясаттың бір субъектісі екінші субъектісінің не істеп жатқандығын да біле бермеуі мүмкін. Әр мемлекеттің сыртқы саясаты сол елдің ұлттық мүдделерінен туындайтын нақты және анық міндеттер болса әлемдік саясат субъектілерінің қызметі стихиялы жүреді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?